Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Билік 287 0 пікір 15 Сәуір, 2025 сағат 13:46

Президент Еуразиялық даму банкінің төрағасын қабылдады

Сурет: khabar.kz сайтынан алынды.

Банк басшысы Николай Подгузов Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен. 

Қазақстан Республикасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3,8 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл меже мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімет берілді. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды. Еуразиялық даму банкі энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін, көлік және логистика салаларын дамыту бағыттарына, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге, инфрақұрылым нысандары құрылысына, өнеркәсіп және цифрлық технологияларға қатысты жобаларға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр.

Николай Подгузовтың айтуынша, ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті.

Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1942
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4756
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3907