Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3192 0 пікір 5 Наурыз, 2013 сағат 04:37

Жанармай: Қазақстан 36-шы орында

Тұрмысы орташа қазақстандық өзінің айлық жалақысына 793 литр бензин сатып ала алады. Ал Катар мемлекетіндегі орташа тұрмысы бар адам бір айлығына жанармайды қазақстандықтан сегіз есеге, жапондық - екі есеге, ресейлік - бір жарым есеге артық сатып алу мүмкіншілігіне ие. «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мен «Қазтұтынубақылау» қоғамдық бірлестігінің әлемдегі бензиннің қолжетімділік бағасы бойынша сараптамасының нәтижелері осыны көрсетті.

Рейтингтің бірінші орнын Катар мемлекеті иеленді. Аталған елдің орташа статистикалық тұрғыны өзінің жалақысына 6500 литрге жуық бензин сатып алады екен. Мемлекеттегі бензиннің ең төменгі құны бір литр үшін 0,26$, ал Катарда орташа жалақы - 1700$. Бензиннің ең жоғарғы құнына қарамастан (бір литр үшін 0,91$) екінші орынға бір айлық жалақысына 3586 л алуға мүмкіншілігі бар АҚШ орналасты. Бензиннің қолжетімділігі бойынша үштікті Бахрейн мемлекеті түйіндеді (3275 л, 0,28$,).

Тұрмысы орташа қазақстандық өзінің айлық жалақысына 793 литр бензин сатып ала алады. Ал Катар мемлекетіндегі орташа тұрмысы бар адам бір айлығына жанармайды қазақстандықтан сегіз есеге, жапондық - екі есеге, ресейлік - бір жарым есеге артық сатып алу мүмкіншілігіне ие. «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мен «Қазтұтынубақылау» қоғамдық бірлестігінің әлемдегі бензиннің қолжетімділік бағасы бойынша сараптамасының нәтижелері осыны көрсетті.

Рейтингтің бірінші орнын Катар мемлекеті иеленді. Аталған елдің орташа статистикалық тұрғыны өзінің жалақысына 6500 литрге жуық бензин сатып алады екен. Мемлекеттегі бензиннің ең төменгі құны бір литр үшін 0,26$, ал Катарда орташа жалақы - 1700$. Бензиннің ең жоғарғы құнына қарамастан (бір литр үшін 0,91$) екінші орынға бір айлық жалақысына 3586 л алуға мүмкіншілігі бар АҚШ орналасты. Бензиннің қолжетімділігі бойынша үштікті Бахрейн мемлекеті түйіндеді (3275 л, 0,28$,).

ТОП-5 рейтингісінің қатарына Люксембург (2310 л) пен Канада (1960 л) елдері тұрақтады. Айта кететін жәйт, Люксембургте ағымдағы жылдың қаңтар айында бензин бағасы  1,77$ құрағанымен, аталмыш мемлекет өмір сүру сапасының жоғары деңгейімен және әлемдегі орташа айлығының жоғарылылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл мемлекет тұрғындары үшін осы өнім қолжетімді.

Бензиннің қолжетімділік рейтингісін Австрия (орташа айлыққа 1828 л), Австралия               (1728 л) және Норвегия (1572 л) мемлекеттері жалғастырады. Мұнай өндіретін Норвегия елінде жағармайдың бағасы әлемдегі ең жоғары орында (бір литр үшін 2,34$) екен. АИ-95 маркілі бензин бағасының қымбаттылығы Түркия, Нидерланд, Италия мен Португалия елдерінде анықталды. Дейтұрғанмен, Норвегия мемлекетінде орташа айлық жалақы өте жоғары (Люксембургтен кейін екінші орында). Тоғызыншы және оныншы орындарға Оңтүстік Корея (1504 л) мен Жапония (1492 л) жайғасты.

Бензиннің қолжетімділік рейтингісінде Қазақстан 36 орынға тұрақтады. Өз кезегінде, Ресей мемлекеті 24 орынды иеленді. Еске түсіретін болсақ, Мұнай және газ министрілігі Қазақстан мен Ресейдегі бензин құнын теңестіру туралы ұсыныс жасаған еді. Бірақ та құзырлы орган бензиннің қолжетімділік бағасы факторын ескермеді. Аталмыш рейтинг осындай қарым-қатынасты көрсетіп отыр. Орташа статистикалық Ресей тұрғыны     АИ-95 маркілі бензиннің 1168 литрін сатып алуға жағдайы келсе, Қазақстанда орташа жалақыға тек 793 литр сатып алуға болады. Оған қоса, республикадағы орташа жалақы халықтың басым көпшілігінің өмір сүру көрсеткішінен айырмашылығы бар.

Бензиннің қолжетімділігі бойынша рейтингте көрсетілген мұнай экспорттаушы мемлекеттер ішінде Қазақстанның позициясы өте төмен.  Сирия мен Колумбия да жалақының төмендігі мен бензин бағасының жоғарылылығымен ерекшеленеді. Ал посткеңестік кеңістікте бензиннің қолжетімділігі бойынша Ресейден кейін екінші орынға Қазақстан орналасты. Статистикалық мәліметтердің жоқтығына байланысты ТМД елдеріне кіретін мұнай өндіруші елдер (Әзірбайжан мен Түркменістан) рейтингке қосылмады.

Бензинге ең қолжетімсіз мемлекет болып Тәжікстан анықталды. Аталмыш мемлекетте орташа жалақының төменгі деңгейі 227$ жуық болса, бензин бағасының бір литрі 1,35$ екені анықталды. Сөйтіп, осы елдің тұрғыны орташа статискалық жалақысына тек 168 литр бензин сатып алу мүмкіншілігі бар. Филиппин пен Индия елдеріндегі жағдай  әлдеқайда жақсы (201 және 232 литр сәйкесінше). Аутсайдерлердің ондығына Пәкістан (236 л), Молдова (272 л), Моңғолия (282 л), Сирия (284 л), Қырғызстан (295 л), Таиланд (306 л) пен Армения (329 л) мемлекеттері енді.

 

 

АНЫҚТАМА

Бензиннің қолжетімділік деңгейін сараптау үшін мына сайттың мәліметтері (2013 жылдың қаңтар айы) http://www.mytravelcost.com/petrol-prices/ негізге алынды. Бензиннің қолжетімділік индикаторы ретінде Әлемдік еңбек ұйымының мәліметі бойынша түрлі елдердегі орташа жалақы көрсеткіші болып табылады. Сараптауға алынған кейбір мәліметтерде ауытқулар болса да, сонғы нәтижеге қатты әсер етпеді.

Әлем мемлекеттерінің басым көпшілігінде АИ-95 маркілі бензині ең жоғары сұранысқа ие. Сондықтан да бұл бензин түрі сараптауға алынды. Зерттеу барысында АИ-92 маркілі бензині бойынша толық ақпараттың жоқтығынан сараптауға алынбады. Әдетте, осы бензин түрі әлемнің үшінші мемлекеттерінде пайдалынады.

Қазіргі таңда Қазақстанда АИ-92 мен АИ-95 маркілі бензиндерінің баға айырмашылығы 35 теңгеге жуық. Ал Ресейдегі бұл көрсеткіш 10 теңгені құрайды. Егер де АИ-92 маркілі бензинге рейтинг жасалатын болса, онда Қазақстан осы бензиннің қолжетімділік бағасы бойынша жоғары орындарға ие болар еді.

Рейтингтегі орын

Мемлекет

Орташа жалақыға алынатын бензин көлемі ( литр)

1

Катар

6500

2

АҚШ

3586

3

Бахрейн

3275

4

Люксембург

2310

5

Канада

1960

6

Австрия

1828

7

Австралия

1728

8

Норвегия

1572

9

Оңтүстік Корея

1504

10

Жапония

1492

11

Сингапур

1453

12

Кипр

1423

13

Ұлыбритания

1340

14

Ирландия

1394

15

Бельгия

1367

16

Швеция

1362

17

Финляндия

1354

18

Франция

1294

19

Оңтүстік Африка Республикасы

1285

20

Германия

1283

21

Испания

1271

22

Жаңа Зеландия

1261

23

Малайзия

1232

24

Ресей

1168

25

Исландия

1071

26

Италия

1032

27

Греция

1013

28

Хорватия

954

29

Чехия

950

30

Мальта

891

31

Аргентина

866

32

Египет

856

33

Польша

839

34

Босния и Герцеговина

826

35

Ботсвана

803

36

Қазақстан

793

37

Израиль

774

38

Македония

773

39

Венгрия

735

40

Эстония

728

41

Мексика

684

42

Словакия

682

43

Гонконг, Қытай

681

44

Белоруссия

671

45

Түркия

646

46

Латвия

620

47

Литва

603

48

Румыния

564

49

Чили

555

50

Бразилия

552

51

Украина

483

52

Қытай

446

53

Болгария

441

54

Грузия

402

55

Колумбия

368

56

Армения

329

57

Таиланд

306

58

Қырғызстан

295

59

Сирия

284

60

Моңғолия

282

61

Молдова

272

62

Пәкістан

236

63

Индия

232

64

Филиппин

201

65

Тәжікстан

168

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576