Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5795 5 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 12:02

Ресей - патшалық, Путин - Иван Грозный емес!

Russian President Vladimir Putin enters a hall before a meeting of the Victory Organizing Committee at the Kremlin in Moscow on March 17, 2015. The meeting focuses on preparations for celebrating the 70th anniversary of the victory in World War II. / AFP PHOTO / POOL / SERGEI ILNITSKY (Photo credit should read SERGEI ILNITSKY/AFP/Getty Images)

Америка саясаткері, «Өркениеттар соқтығысы» концепциясының авторы Самюэлем Хантингтон мен америкалық дипломат Уоррен Маншельдер Карнеги Қорының демеушілігімен 1970 жылы бірігіп ашқан, штаб-пәтері АҚШ астанасында орналасқан, таралымы 100 мыңнан асатын Foreign Policy журналының беделі әлемдік саясатта басым. Журналдың атауы тікелей аударсақ  «Сыртқы саясат», сөзбе-сөз тәржімаласақ – «Халықаралық саясат». Бұрын жылына төрт мәрте шығып келген БАҚ айына екі рет шығару идеясын 1996-2010 жж. аралығында редактор болған Моисей Наим көтерді. Ол басқарған 8 жылда журнал басшылығы 2003, 2007 және 2009 жылдары National Magazine Awards сыйлығын иеленді.

Журнал жаһандық саясат, экономика, ғаламдық интеграция, халықаралық қатынастағы саяси идеология мен теорияларға қатысты тақырыптарды қозғап, кеңінен қаузап жазады. Жыл сайын The FP Top 100 Global Thinkers (100 әлемдік ойшыл) атты өздік версиясын жұртқа ұсынып отырады.

2006 жылдан бастап Foreign Policy Passport блогы ашылса, 2009 жылдың 5 қаңтарынан бері «Күнделікті желілік журнал» болып табылатын басылым сайты жұмыс істеуде.

Осы журналда таяуда Putin May Want to Be an Emperor, but Russia Isn’t an Imperial Power/ Путинн император болғысы келеді, бірақ Ресей империялық қағанат емес атты сараптама мақала шықты. Осы мақаланы Abai.kz оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.


2019 жылдың ауа-жайын бажайлайтын сарапшыларға Ресей қашанда ел іші мен ел сыртына авторитарлық бақылаудың ноқтасын өз қолына ұстауға үнемі бейіл танытатын болып көрінеді. Осылайша уәждау тұрғысына сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин – жан-тәнімен өз елінің беделіне қылау түсірмеуге тырысатын Ресей билеушілерінің ұзын-сонар тізіміндегі жалғыз соңғы тұяқ. Оның себеп-салдары Батыста көзге ұрып тұр. Егер  Путин өзге де орыс елтұлғасы сияқты жай ғана осы ойын кестесін қолданатын болса, онда бұған «авторитаризм мен экспансионизм берік орнығады, не соғыс өрті тұтанады, ал, ешкім де соғысты қаламайды» деп жауап бере аламыз.

Егер Путин әмбеге аян әм түсіндірлуі оңайға түсетін ресейдің әдеттегі ұлттық мүддесін тістей қатып ұстанбайтын болса ше, онда не істелуі керек? Өзіне дейінгі елдің басқада бас көтерерлері сияқты ол да саясатқа бастап алып келетін ресейлік келбет, идеология, институционалды мұра әм тарихи жағдаят сынды дәл қазір ел мүддесіне кесірлі дүниенің қысымында қалып отырғаны анық.

Орыс немесе өзге елдің тарихын жетік білетін жандарға аян бір жайт: бірде-бір мемлекет өздерінің тарихында бір ғана мүдденің жетегінде кетпейді, сондықтан мемлекет пен оны қоршаған орта үнемі өзгеріске түсіп отырады. Бүгінгі Ресей – осыдан 600 жыл бұрынғы Мәскеу патшалығы емес. Монғолдар – Батыс болып табылмайды. Кейбір сырттай ұқсастықтарына қарамай, Путин тіптен Кәрі Иван емес. Өзгермеушілік – ұлттық келбеттің таңбасы. Дәл осы жағдайда шын мәнісінде география мен стратегия үлкен маңызға ие. Осының нәтижесінде сыртқы саясат: геосаясат, ұлттық мүдде мен идеологияның ғана емес, сонымен қатар, режім типінің, көшбасшы тұлғасының, тарихи уақыттың және тағы басқа факторлардың  функциясына айналды.

Ресейдің сыртқы саясатын ұғыну бізден оның тарихи эволюциясына ой жүгіртуімізді керек етеді. Ең алдымен, заманалық Ресей – жоғары деңгейде орталықтанған орыс емес республикалардың ішкі-сыртқы саясатының тіні болған Кеңес империясының мұрагері және аяқ астынан тас-талқаны шыққан империяның жемісі.

Тарихи жазбаларға көз салар болсақ, Ресейдің ұлттық мүддесінің өзгермелілігіне көз жеткіземіз. Заманалық Ресейдің түп негізін қалаған Мәскеу мемлекеті ХІІІ ғасырда жақын көршілерімен билік үшін бәсекеге түсуші шағын кінәздік ретінде өмірге келді. Бәрі де «Монғол езгісінен» азат болуға тырысты. 1380 жылы Дондық Дмитрий Кулик даласында монғолдарды тас-талқан етті; 1480 жылы ұлы кінәз Иван III Угра өзенінде Мәскеу билігінің негізін салды; бұдан 70 жыл өткен соң, Мәскеу Қазан мен Аштарханды басып алды. Ол кезде Мәскеу Украина немесе Босфорға билік жүргізуді ұлттық мүддеміз деп санамайтын, олар Мәскеуден тым алыстатын, қайта олар үшін Шығыстағы Монғол қауіпі басты орында тұрды.

Мәскеудің келесі экспансиясы 1581-1649 жж. аралығын қамтитын Сібірді жаулап алу процесіне ұласып, 70 жылға созылды. Рубль үшін жанын беретін аңшылардың ізін ала казактар мен армия бөлімдері жаһангерлік жасады. Бұл орайда геостратегиялық ұлттық мүдде ескерілген жоқ. Керек десеңіз, XVI ғасырда Украина мен османдар Мәскеудің қаперінде де болған жоқ, керісінше, бұл кезде Литва, Польша мен Швеция өзара және ара-тұра Мәскеумен соғысты. Тек XVII ғасырдың екінші жартысында ғана поляк, мәскеу, осман түріктері,  қырым татарлары мен украин казактары арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде Мәскеу Шығыс Украина аумағын басып, Қара Теңізге таяп Украина мен Осман патшалығын аймақтық стратегиялық мүддесіне айналдырды.

Ұзақ уақыт Батыс Еуропада болған Ұлы Петр Мәскеу мемлекетінің ұлттық мүддесін айқындауда «Мәскеу мемлекетіне модернизациялану қажет» деген өз өзгерісін енгізді. Ол төңірегіне топтасқан украин клириктерінің «Ресей деп атала бастаған оның империясы түп қазығы бүгінгі Украинада қағылған орта ғасырлық Киев Русі мемлекетіне ата-тектік мұрагерлікке таласуы керек» деген ақыл-кеңестеріне құлақ асты.

Ресей Империясы Осман және оның қырым татарлық одақтастарымен тікелей байланысқа түскен кезде екі ұлы қағанат арасындағы теке-тірес ушыға түсті. Петр билігінен кейінгі Қара теңізге жасалған Ресей экспансиясы Осман империясының әлсіреуі арқасында «түріктерді мәсіхшілердің жауы» деп танитын Босфорға бақылау жасаудың геостратегиялық жосығын тудырды.  Өзін өркениетті ел санаған Ресей XIX ғасырда Орталық Азия мен Кавказды өзіне бағындырған ірі  империяға айналғанымен, 1918-1921 жылдар аралығында құлап тынды.

Империялар екі жолмен құриды. Көпшілігі уақыт тезіне төтеп бере алмай, өз аймақтарынан айырылады. Нәтижесінде империялық бітім-болмыс адам айтқысыз өзгеріп, бұрынғы отарларымен идеологиялық, экономикалық, әскери, мәдени және саяси байланыстарын белгілі бір мөлшерде сақтап қалуымен тығырықтан шығады. Империя құлағаннан кейін оның орнына өмірге келген жаңа тәуелсіз мемлекет қолдан шыққан аймақты қайтару жолында көбіне еш әрекет етпейді. Бұның мысалын біз Османдардан көреміз. Олардың жаулап алған жерлерінен айырылуы 1683 жылғы Венаны қоршаудағы сәтсіздіктен басталып, І жаһан соғысының аяқталуымен бітеді. Империяның орнына Түрік мемлекеті 1919 жылы өмірге келіп, оның басты мақсаты 300 жыл бұрынғы жоғалтқан аумақтарды қайтарып алу емес, қайта өз тәуелсіздігін уәждап, өз шекарасындағы грек және армян ұлттық азшылығымен қарым-қатынаста болуды қолға алды.

Бұдан бөлек жолды сөз етер болсақ, өз жаулап алған аумағын жоғалтпай, қайта басып алған өңірлерін кеңейту кезінде 1918-1921 жж. құлаған  Ұлы Петрдің сәбиі Ресей Империясы бар. Империя аяқ астынан құлағандықтан, Большевиктік Ресей мен оның отарларының арасында идеологиялық, экономикалық, әскери, мәдени және саяси байланыс өте күшті еді. Большевиктер реимпериализация науқаны жүргізуге мәжбүр болып, ақыр аяғы 1922 жылы Кеңестер Одағын өмірге әкелді.

Аталған империя Бас Хатшы Михаил Горбачевтің Қайта Құруы кезінде, ресми түрде 1991 жылдың 10 желтоқсанында өз өмір сүруін тоқтатты. Шын мәнісінде бір түннің ішінде 14 орыс емес тәуелсіз мемлекет өмірге келді. Дегенмен олардың өзара байланыстырған көптеген империялық байланыс еш өзгеріссіз қала берді.

Ресейліктердің басым көпшілігі өз мемлекеті мен ұлтын орыс емес халықтардан оқ бойы озық санап, өздерін өркениет таратушылармыз деп санады. Орыс тілі мен мәдениеті ондаған жылдарға созылған Кеңестік орыстандыру саясатының арқасында өз басымдығын жалғастыруда. Бір кездердегі Біртұтас Экономикалық Инфрақұрылым кеңістігі оның ішінде газ-мұнай құбырларының ортақтастығы Ресейге бағыныштылықты жалғастыруда. Оның үстіне Ресей үлкен армия мен қару-жарақ арсеналына мұрагерлік етсе, өз кезегінде жаңа республикалар жұлым-жұлымы шыққан кеңес әскері мен қару-жарағын місе тұтып,  ұлттық әскерін жасақтады. Орыс емес элита мен ресейлік элита бір тонның ішкі бауырындай болып кеткендіктен, кейде олар өз елі мүддесін құрбандыққа шалып жіберетін жағдаяттарда орын алып тұрады. Ақыр соңында тұтас орыстар мен олардың элитасы империядан айырылғанды зор қайғы санап, өз елдерін қайыра ұлы атандыруға бел шеше кірісті.

Путин мен оның алдындағы Борис Ельцин реимпериализацияны қолға алды. Ельцин кезіндегі реимпериализация ТМД орыс емес елдеріндегі жапа шегуші орыстар мен орыс тілділерді қорғау аясында «жұмсақтана» жүргізілді. Бірақ Ельцин сонымен қатар посткеңестік Ресейді экономикалық күйретуге басшылық етіп, қылмыс пен сыбайласқан жемқорлыққа қанат жайғызды. Путинге «Мергеннің басуы, Құланның қасуының» кезі тап келді. Ол әуелі премьер-министр, кейін президент болған шағында Ресей экономикасы сауығып, әлем нарығындағы мұнай-газ бағасы аспандауы оның билігін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалғандай» етті. Бұл оның беделін жұрт алдында көкке көтерді.

Бұл ретте Путин Қырымды аннексиялап, Шығыс Украинада соғыс отын тұтандыруы, мәңгілік ресей мүддесімен еш үйлеспейді. Керісінше, Путин НАТО мен Батысқа қатысты  Ресейді қайтадан Ұлы елге айналдыруды мұрат етіп, майдан төңкерісінің украин мемлекетінің іргесін шайқалтқанын сезініп, диктаторлық басқарумен қорқытып, экспансиялаудың оңай олжасына  айналдырды. Империялық идеология, Украинаның әлсіздігі «Әй дер әже, қой дер қожаның жоқтығы» баса-көктеп жаулап алуға негіз болды.

Егер Батыстың стратегиялық мақсаты экспансионистік Ресейден бөлек демократиямен үйлесіп, ресей үстемшілігіне қарсы тұруға қабілетті, Мәскеуді де, Батысты да достық әм өзара тиімді экономикалық қарым-қатынасқа тартуға бейім орыс емес републикаларды құру. Тап осындай жағдайда ғана Батыс пен Ресейдің көршілері Путиннің империялық амбициясының жігерін құм ете алады.

Біріншіден, олар Ресейдің империялық кеудемсоқтығының жетегінде кетпеуі керек.

Екіншіден, олар Ресей мен оның бұрынғы отарларымен экономикалық, саяси және әскери байланыстарды бекемдеуден бойларын аулақ салуы қажет. Бұл байланыс үзілді-кесілді үзілмей, қайта экономикалық тұрғыдан Ресей үстемдігінсіз жүргізілуге тиіс. Батыс пен АҚШ орыс емес шағын елдерге көмектесу арқылы олардың Ресей ресурстық монополиясына тәуелділіктен айыра отыра, өздік энергетикалық ресурстарға қол жеткізуге жәрдем етеді.

Бұдан бөлек Батыс қашанда Ресей үшін ең қасіретті мемлекеттік ыдырау мен күйреуге осы бастан дайындала бергені абзал.

1918 жылы ресейлік постимпериялық тін негізінде жаңадан орыс емес мемелекеттер өмірге келді. Реимпериализация өте тез әм жылдам өтті. Бүгін Ресей аймақтық ұлы қағанат ретінде әлі өз құдіретін сақтап қалғанымен, нағыз Империя құруға тақымы әлсіз, тізгіні босаң. Ол Эстония мен Латвия сияқты шағын елдерді не толықтай, не жарым жартылай басып алғанымен де, Қазақстан, Өзбекстан немесе Украинаны өз өңешінен өткізе алмайды. Сондай-ақ, Ресейдің Беларусті басып алу әм алмауы да басы ашық қалып отыр. Әлбетте, империяны қалпына келтірудің дүрбелеңі тек Ресей көршілерін ғана дүрліктірмейді, өз ішінде ала тайдай бүлдіргіге ұшыратады.

Елінің экономикасы жан-тәсілім үстіндегі Путиннің жүгенсіз кеткен араны Африка мен Таяу Шығысқа дейін ашылып отыр. Бұндай араны ашылған империялық тәбеттің дәурені ұзаққа созылмайды. Дәл қазір Путиндік Ресей Кеңес Одағындағы Леонид Брежневтің кезіндегідей алдаусыраған үміттің жетегінде жүрген жайы бар.

Бәрінен де ең бастысы Путин орталықтанған, жемқорланған репрессияға бейім, модернизацияға икемсіз квазифашистік мемлеке құрды. Ол осы мемлекеттің діңі болып табылатындықтан, ол биліктен кеткен соң,  ол құрған жүйенің әлсіздігі жария болып, не амбициялы элита, не болмаса, ашынған қара халық тік көтеріледі. Тағдырдың тәлкегімен, Путин Ресейдің қас жауына айналып отыр. Себебі, ол Ресейді авторитарлық империяға айналдыруды басты мақсатына айналдырды.

Аударма жасаған Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498