Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2638 0 пікір 9 Қыркүйек, 2011 сағат 07:10

Дәурен Қуат. Билік қазақпен қазақша сөйлессін!

Тамыз айының ортасын ала билік тіл мәселесіне тағы да «тамызық» тастап қойды. Ал, қыркүйек тіл туралы қырғын айтыспен басталды. Қоғамдық пікір екідай. Қазақ тілді баспасөз бен орыс тілді баспасөз ақпарат майданында айқасып жатыр. Тақырып сол баяғы: айқай аттан да  бәз баяғы қалпында. «Қазақстанда орыстар қысым көруде», «орыс тілінің аясы тарылып барады». Қазақтың да гөй-гөйі бұрынғысынша: «Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесіне лайық өмір сүре алмай келеді», «Қазақ тілдік кемістікке ұшырауда», т.б. Алла-ай, дейсің осындайда, аз жылдың ауанында қаншама өзгерістер болды: социалистік жүйеден секіріп капиталистік қоғамға өттік, жер жекеменшікке берілуде, алып зауыт-фабрикалар акционерлердің үлесіне тиіп, мемлекеттің меншігінен кетіп үлгерді, бұрынғы ұжымшар, кеңшарлардың сайда саны, құмда ізі қалмай өзгеріп шаруа қожалықтарына айналды. Бұның бәрін былай қойғанда, Кремльдің көлеңкесіндегі Қазақстан жарық дүниеге шығып, қазба байлығымен әлемге танылуда. Ілгеріде қарақұрлықтың адамын көрсе, аңтарылып қалатын қазақ (қазақстандықтар десекте болады) қазір сәлделі араппен де, әуелеп сөйлейтін ағылшынмен де, қыр астындағы қытаймен де, күн астындағы жапонмен де емен-жарқын араласып, есендігін  есі кете сұрайтын халге жетті. Бұрынғы қарт большевик, кәртамыш коммунистердің  кителдері мен кәстемдері шегеге ілініп, төрге гламурный киінген азаматтар озды.

Тамыз айының ортасын ала билік тіл мәселесіне тағы да «тамызық» тастап қойды. Ал, қыркүйек тіл туралы қырғын айтыспен басталды. Қоғамдық пікір екідай. Қазақ тілді баспасөз бен орыс тілді баспасөз ақпарат майданында айқасып жатыр. Тақырып сол баяғы: айқай аттан да  бәз баяғы қалпында. «Қазақстанда орыстар қысым көруде», «орыс тілінің аясы тарылып барады». Қазақтың да гөй-гөйі бұрынғысынша: «Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесіне лайық өмір сүре алмай келеді», «Қазақ тілдік кемістікке ұшырауда», т.б. Алла-ай, дейсің осындайда, аз жылдың ауанында қаншама өзгерістер болды: социалистік жүйеден секіріп капиталистік қоғамға өттік, жер жекеменшікке берілуде, алып зауыт-фабрикалар акционерлердің үлесіне тиіп, мемлекеттің меншігінен кетіп үлгерді, бұрынғы ұжымшар, кеңшарлардың сайда саны, құмда ізі қалмай өзгеріп шаруа қожалықтарына айналды. Бұның бәрін былай қойғанда, Кремльдің көлеңкесіндегі Қазақстан жарық дүниеге шығып, қазба байлығымен әлемге танылуда. Ілгеріде қарақұрлықтың адамын көрсе, аңтарылып қалатын қазақ (қазақстандықтар десекте болады) қазір сәлделі араппен де, әуелеп сөйлейтін ағылшынмен де, қыр астындағы қытаймен де, күн астындағы жапонмен де емен-жарқын араласып, есендігін  есі кете сұрайтын халге жетті. Бұрынғы қарт большевик, кәртамыш коммунистердің  кителдері мен кәстемдері шегеге ілініп, төрге гламурный киінген азаматтар озды. Сонау бір жылдары алыстағы туысымен Қазақтелекомның қара телефонын құлағына жапсырып тұрып сөйлесетін қазақ-орыс осы күні қалателефонымен-ақ дүниенің хабарын алып отыр. Қысқасы, бәрі өзгерді. Өзгерістер көшінің әзірге іркілер түрі жоқ. Көш демекші, Қазақстаннан тарихи отанына көшіп жатқан жұрт, көшіп келіп жатқан ағайын... біздің тұйықталып қалған санамызды  сілкіп, төрткүл дүниемен тұтастығымызды аңғартуда. Астана Алатаудың бөктерінен жылжып Арқаның төсінен орын тапты. Расында, «ғасырға бергісіз он жыл» мен толассыз оқиғаларға толы жиырма жылдың дүрмегін бастан өткеріппіз. Осыншалықты өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткерген Қазақстанда бір-ақ мәселе өзгеріссіз қалып келеді. Ол - тіл мәселесі. Әншейінде, жаңашыл, инновацияшыл, ноу-хоушыл, реформашыл (!) Қазақстан билігі тіл мәселесіне келгенде кежегесі кері тартып, кербағудан танбайды. Биліктің тіл мәселесінде тап осылайша бетбақтырмасын білгендей Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қазақ журналистері, ұлт зиялылары «тіл-тіл» деп зарлауға кірісіпті. Қазақ баспасөзі тіл дертін қозғап зарлаған сайын билігіміз зау биікке қарап, шалқая түсіпті.  Тіл мәселесі төңірегінде  қаншама отырыстар өтті, қаншама ұсыныстар айтылды? Соның бәрі нөлге тең нәтижемен аяқталыпты.  Неге? Себебін тарқатып көрейік.

Біріншіден, билік мемлекеттік тілді мемлекеттік іс басқару жұмысына араластырғысы келмейді. Өйткені, шенді-шекпенді шенеунік атаулының бірлі-жарымы болмаса, дені қазақ тілін қақпайды. Ал, орыс тілінің ықпалында өскен Назарбаев үшін орыстілді мамандар ғана білгіш, орыстілді мамандар ғана құнды. Ол «білсе осылар біледі» дегендей орыстілділердің ақыл-кеңесіне алдымен жүгінеді. Саяси реформалар жасау барысында да  Елбасымыз орыстілділердің, соның ішінде қазақ туралы кем білетін марқұм Нағашыбай Шәйкенов, кейін Марат Тәжин сияқты «планета азаматтарының» ұсыныстарына  ден қойып жүрді. Анау-мынау деп бөліп-жаратын емес, Ақорданың айналасындағылардың қай-қайсысы болмасын қазаққа титтей есе тигенін қаламайтындардың қатарынан табылады. Сондықтан, билік тіл мәселесінің шиырлай түсуін, қиындай түсуін қалайды, соған орай уақытты да созып, мәселенің шешімін күрделендіре береді.

Екіншіден, билік қазақтілді бұқараның дәрменсіздігін мейілінше пайдаланып отыр. Ауыз екі пікірде мәселен, істің тетігі қазақтардың өз қолында сияқты көрінеді. Біз әдетте былай дейміз: қазақ неге баласын қазақ мектептеріне бермейді, неге қолынан жетектеп отырып қазақ балабақшасына апармайды? Расында, неге? Қазақ байқұс баласын қазақ мектептеріне беретін еді, бірақ қазақ мектептері аз. Қазақ мектебіндегі оқушылар екі, тіпті үш ауысыммен оқиды. Ендеше, қазақ неге қазақ мектептерінің көптеп салынуын немесе орыс мектептерін жаптыруды талап етпейді дейміз ғой. Қазақ мектептерін салуды билік соңғы төрт бес жылдың ширегінде ғана қолға алды, оның өзінде қазақ тілінде білім беретін мектептер ауылды жерлерде ғана бой көтеруде. Ал, қаладағы қалың қазақ  ауласында тұрған  орыс мектебін мемлекетік тілге ауыстыруға шарасыз. Жоғарыдан талап етсе, көршілерінің қарсылығына ұшырайды. Мысалы, Алматы қаласындағы №19 мектептің айналасынан өрбіген  әңгіме осы сөзімізге дәлел. Әлгі мектептің маңында қоныстанғанның дені қазақ екен, ара-тұра күрд, түрік, ұйғыр ағайындар да бар. Жаңа оқу жылының басында балаларын ит өлген жердегі қазақ мектебіне жіберіп жүрген ата-ана мәселе көтеріп, мектепті қазақ, болмаса аралас мектеп жасау жөнінде бастама көтереді ғой. Сөйтсе әлгі бейкүнә бастамаға күрд пен түрік өре түрегеле қарсы шығып, қазақтың аузына қақпақ қойып тастапты. Түркияда тіл табысуы қиын күрд пен түрік Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың аясында тізе қосып қазақтың меселін қайтарыпты. Көрдіңіз бе? Бізде демократиялық, құқытық принциптерге орай барлық  ұлыстың (диаспора өкілдерінің) талап-арызы ескеріледі, тек қазақ қана «қағынбай» тыныш жүруге тиіс. Өйткені қоғамдық тәртіп солай. Осындай қатаң тәртіптің қатаң бақылауындағы қазақ дәрменсіз болмағанда кім дәрменсіз болады? Дәрменсіз ұлттың тілі де дәрменсіз. Қазақстандағы ұйғыр мен түрік, күрд пен кәріс өздерін әлі «аға ұлттың» - орыстың ығындағы халық ретінде есептейді. Ал, бұның себебі түсінікті. Демек, биліктің «қазақ тілі -  Қазақстандағы ұлт өкілдерін ұйыстыратын тіл» деп түсінік беретіні шылғи өтірік. Ұлысты ұйыстыратын тіл - қажеттіліктердің тілі. Мәселенки, кәріс пен күрд қазақ тілінің қажеттілігін күнде сезінген сайын қазақ мәселесіне құрметпен қарайтын болады. Қазақ қазақ мектептерінің көптеп ашылуын талап етсе, қарсы шықпайды. Тіпті қыңқ демейді.

Үшіншіден, билік тіл мәселесін қолдан жасау арқылы әлеуметтік топтардың арысындағы жікті аша түсуде. Қазақтың қарымды қаламгерлерінің бірі, марқұм Марат Қабанбай кезінде «қазақ тілі - кедейлердің тілі» деп еді. Қазақ тілділерді кедейлік пен қараңғылықтың  шегінде ұстаудың нәтижесінде билік орта және шағын кәсіпкерліктің тілін де орыс тілі етіп отыр. Біз бұл арада іс-қағаздарының тілі туралы айтқымыз келеді. Әдетте біз «қазақтар неге іс-қағаздарының тілін қазақша талап етпейді?» деп ақырамыз, сөйтіп сорлы қазақты тағы да кінәлаймыз. Пәлі, қазақ орта және шағын кәсіпкерліктің жұмысымен салық орындарына бас сұқпаса,  жеке есеп-шотынының жағдайын білмек үшін банктерге  бармаса, қандай іс-қағаздың қазақшасын талап етеді?  Салық пен банкте жүрген орта шаруалардың көбі заманында орысша оқыған қазақтар, солардың кейінгі үрім-бұтағы, қала берді түрік, әзербайжан, неміс, т.б. Олардың қара базарда қақталған қазақтан жағдайы жақсы, тұрмысы ілгері. Қазақты қайтсін, өзімен-өзі, рахат! Таяуда,  Бішкекте өткен әлдебір жиынға ат арытып барған  достарымыз «Қырғыздың орысы «мен -  қырғызтекті орыспын», «мен - қырғызтекті кәріспін» дейді екен» десіп оралды. Солайы солай шығар. Себебі, Алатаудың аржағындағы аққалпақты ағайынымыз не ішсе, орыс пен кәріс соны ішіп, не кисе, соны киіп жүр. Әлеуметтік талап-тілегі бір, саяси мүддесі ортақ. Талап бірлігі мен мүдде ортақтығын қосып олар билікке ықпал ететін күшке айналған. Біртұтас күш. Ал, бізде ше? Бізде талап та көп, мүдделер де жетіп артылады. Көлігінің тізгіні оң жақтағы жүргізушілердің талабы, үлесшілердің талабы, зейнеткерлердің талабы... жетіп артылады. Бірімен бірі тоғыспайтын тілектер мен талаптар. Былайша қараған кісіге, деколонизация мәселесін толық шешіп тастап, азаматтық қоғамға бет алған мемлекеттің ішіндегі ұсақ-түйек ұйымдардың талаптарына ұқсайтын бірдеңелер мен сірдеңелер. Жә, олардікін де жөн делік. Бір қызығы, біздегі билік дер кезінде әлгі бірдеңе-сірдеңлердің талабына ден қойып, дегенін істеп отырады. Неге десеңіз, билікке ұлттық мәсленің түбегейлі шешімін талап еткен ұйымдардан гөрі әлгілер ұнамды. Батысқа демкортаия жөнінен есеп беру үшінде олардың әредік талап көтеріп тұрғаны дұрыс. Ең бастысы тіл мәселесінде бірігіп кетпесе болғаны. Соны сұмдық мән бере ескеретін билік қазақтың, қазақ тілділердің жұпыны тірліктің құрсауынан шыға алмай, қараңғы қапаста өмір сүруін қалайды. Біздің осылайша ашық байлам жасағанымызды араңызда бірлі жарым адамның кекесінмен қабылдап отырғанын түсінемін. Жалпының ұғымында «өз билігіміз, өз мемлекетіміз жарылқамағанда бізді кім жарылқайды?»  дегенге саяды ғой. Оның үстіне, қазақ ұлтшылдары «Біз билікке жау емеспіз» деп ашық мәлімдейді. Сонда, Тәуелсіз қазақ мемлекеті меншікті мемлекетіміз болса, еліміздің саяси белсенді азаматтары бүгінгі билікке достығын риясыз білдіріп жүрген болса, қазақтың кедей тұрмыс кешіп, қараңғылықтың қапасында тұншығуы кімге не үшін керек? Турасына көшейік, билікке керек. Билікті пайдаланып ұлы мен қызына, немересі мен  шөбересіне үлкен бизнес, сарқылмас байлық  жасап беріп отырған биліктегі ақ жағалы ұлықтарға керек.  Тіл - қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл - заманалар  тәжірибесі көрсеткендей тұрмыстық фактор. Тұрмыста, бизнесте бәрі ыңғайлы, комфортты  болу үшін алдымен сол комфортты қамтамасыз ететін тілдік кеңістік болуы қажет. Әрине, қазақтар үшін қазақ тілін, қанында бар бабалар тілін үйренудің түкте қиындығы жоқ, бірақ орыстілді қазақтар тілдік нигилизм мен стеротиптен арылыр емес. Осыдан келіп Назарбаевтың «Қазақпен  қазақ қазақша сөйлессін!» деген әйгілі ұраны шығады. Қазақпен қазақтың  қазақша сөйлесетіні әлмисақтан белгілі. Бұл арада  Елбасымыз бір қазақты бөліп жармай (орыстілді, қазақтілді демей): «Әй, қазақ, біріңмен бірің ана тіліңде сөйлес» дегенді меңзесе керек. Бірақ, билік қазақша сөйлемей орыстілді қазақ жуық арада қазақша сөйлей қоймайды. Ат басын ана тіліне бұрып жатқан саналы, зерделі, сергек жастарымыз, тіпті аға апаларымыз бар, олардың оң ниеттерін, оң талаптарын ортан белдерінен үзіп, аузымызды қу шөппен сүрткіміз келмейді. Әлгіндей талап ниеттегі ағайынның басына аспаннан шұға (шұғаны қайтеміз) НҰР жаусын! Тек нұрға бөленіп, нұрланып қана жүрсін. Әйткенменде, тағы да қайталаймыз: билік қазақпен қазақша сөйлессін! Қазақтың дәрменсіздігін, кейбір мәселеде күрескерлік тәжрибесінің кемдігін пайдаланып бәріне қазақтың, қадап айтсақ, қазақтілді қазақтың өзін кінәліп шыға келетін билік пен биліктің идеологтарынан біз енді осыны талап етуге тиіспіз. Билік қазақпен қазақша сөйлессін!

Биліктің қазақша сөйлеуі дегеніміз - заңдардың қазақ тілінде қабылдануы деген сөз.

Қазақ тілінде қабылданған заңдар қазақтың нарықтық қатынасқа тез бейімделіп, заң-зәкөнге жетік әм жаңашыл ұлт ретінде сапалануын қамтамасыз етеді.

Биліктің қазақша сөйлеуі дегеніміз - жалған мәліметтермен бүркемеленіп жатқан шетін мәселелердің шешімін табуы деген сөз. Шетін мәселелердің шешімін таба бастауы мемлекеттің ішікі әлеуетін, ұлттың жасампаздығын, іске қабілетті әр адамның белсенділігін арттыра түседі.

Биліктің қазақша сөйлеумен барлық игіліктерді байланыстыруға болады. Алайда, бәрінен бұрын осы жайтты биліктің өзі мойындауы керек. Қазақтың өз жерінде басым ұлтқа айналғанын ескермей, баяға басқару әдісімен тарта беремін деуі биліктің басты қателігі болып шығады. Көптің аты - көп. Ерік пен жігер де, талант пен дарын да көп ішінде. Беретінін беріп, шығар биігін алып болған аздың артынан салпақтау біздің прогрессшіл билікке еш жараспайды екен. Қалың қазақ іші осыны біліп отыр. Қазақ іші өзінің ұлттық мұрат мақсаттарын күн тәртібіне сол себептен де батыл қоя бастады. Енді оны тоқтату мүмкін емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510