Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5260 2 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 13:04

Білім бөлімдері басшыларын тағайындау облысқа берілмек

Жақында білім жүйесіндегі өзгерістерге қатысты тағы бір жаңалықты құлағым шалды. Ол білім жүйсін басқаруға қатысты екен. Яғни, 2021 жылдан бастап бүкіл қаржысын, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан, қала білім бөлімдері басшыларын министрлікпен келісіп тағайындау облысқа берілетін болыпты. Бұл дегеніңіз барлық функциялардың аудан қала деңгейінен облысқа беріледі дегенді сөз. Мұның не өзгеріс екенін қарапайым көпшілік біле бермеуі де мүмкін. Мәселе түсінікті болуы үшін әңгімені сәл әріден бастаған дұрыс шығар.

Кеңес үкіметі құлап, еліміз тәуелсіздік алғанға дейін біздің білім жүйесін басқару вертикалды болды. Аудан, қала бөлімдері мен облыстық басқармалар басшыларын министрліктің елегінен өткен соң барып тағайындалатын. Бұл білім жүйесін басқаруға кездейсоқ адамдардың келуіне жақсы тосқауыл еді. Бәріңіздің естеріңізде болса, ол кезеңдегі басшыларда үлкен жауапкершілік сезілетін. Кейінгі отыз жылда аудан әкімдерінің көпшілігі қолына тиген мұндай мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмады деседе болады.

Мәселен, кейінгі кездері желіде аудан әкімі тағайындаған білім бөлімдерінің басшыларының біліктілігіне күмән көбейіп кетті. Әсіресе білім саласынан ауылы алыс немесе тиісті дипломы жоқ кездейсоқ адамдардың басқарып отырғаны туралы шағымдар жиі айтыла бастады. Немесе бір облыстағы аудандардың жағдайының әр қилылығы. Яғни, аудан әкімінің көзқарасына білім саласы тәуілді бола бастады. Соның кесірінен еліміздегі білім саясатының әр жерде әр қилы болуына әкеліп соқты. Бұл бір елде тұратын балаларымыздың сапалы білім алуына жасалатын жағдайдың тек бір аудан әкіміне тәуілді етті. Олардың арасында білім саласын жіті түсінбегендіктен асты-үсті қарайтындары көбейе бастады. Бұл сіз білетін мәселенің бір қыры ғана.

Сондықтанда мен білім жүйесін басқаруға білікті мамандардың келгенін қалаймын. Жаңа басқару жүйесі осындай қаптаған кемшіліктердің орнын толтыратынына сенімім мол. Олай болса, Білім министрлігінің мұндай бастамаларын қолдау қажет деп ойлаймын.

Жаңа өзгерістердің бір-екі ерекшеліктеріне тоқтала кетейін:

Әр ауданға қажеттіліктеріне орай біркелкі қаржылық үлестер,

Жаппай мемлкеттік саясаттың жүргізілуіне жағдай жасау,

Заң нормаларын жаппай түсіну және жүзеге асыру,

Білім беру органдарындағы кадрлардың сапасын арттыру

Сіз не ой қосар едіңіз?

Ғани Бейсембаевтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434