«Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады...»
Күні кеше Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қазақ-дүнген арасындағы қақтығыс қоғамды дүр сілкіндірді. Билік тұрмыстық кикілжің деп бағалаған бұл оқиға шын мәнінде ұлттық сипат алып кеткені байқалды.
Осыған дейін Қордайдағы қақтығыстың мән-жайы ақпаратта айтылды, жазылды. Сондықтан, шетін оқиғаның егжей-тегжейін қайталап жатпайық. Тек көңілімізді күпті еткен бірді-екілі сауал бар. Дау неден басталды? Қазақ неге көтерілді? Біз бұл сұрақтарды саясаткерлер мен Ассамблея өкілдеріне қойдық.
Спикерлердің ой-пікірі мен айтқан сөздерін еш өзгертпей, қаз-қалпында ұсынғанды жөн көрдік. Кім, не дейді, біле жүріңіздер...
«Давайте позволим комиссии работать. Чуть-чуть подождем...»
Абубакир Вайсырович, «Қазақстандық дүнгендер қоғамы» ҚҰ-ның төрағасы:
- Ну, не занаем. Вот этого я не знаю. Сейчас на Кордае идет комиссия. Там есть правительство Казахстана, правоохранительный органы. Давайте позволим комиссии работать. Чуть-чуть подождем...
«У уродов нет национальности!»
Рустам Абдусаламович, ҚХА мүшесі, «Қазақстандағы ұйғыр мәдени орталығы» ҚҰ-ның жетекшісі:
- Молиться... вот что мы можем делать в подобной ситуации! Дуа - лучшее оружие человека... я призываю всех молиться за тех, кто нас покинул минувшей ночью, за тех, кто пострадал и за тех, кто сбился с истинного пути, тех кого накрыли бесы... Пусть Всевышний простит, благословит, облегчит и поможет! Нам нужен мир! Наши главные враги это наши гордыня и нафс, которые приводят к таким последствиям... причем ОБЕ СТОРОНЫ МУСУЛЬМАНЕ и между ними смута (фитна)!
Я вижу, как представители различных этносов каждый день живут, двигаются, работают, восхваляют и благодарят Казахстан и его народ. Они любят эту землю! А те, кто наглеют и допускают гадости это не представители этих этносов, а сволочи и не по нац. признаку, а потому что ни образования, ни культуры, ни воспитания, ни понятий. У уродов нет национальности! Но отвечают за них целые народности, которые на самом деле уже давно знают и понимают, что не надо выпендриваться и стараются не допускать.
Вместе с тем, не стоит упрекать этносы за то, что они здесь живут работают кормят детей и вносят свой вклад в развитие Казахстана... Численность различных этносов (не казахов) - 32%, это порядка 6 млн. чел. По такой логике чтобы избежать упреков за то, что он здесь родился и кормит семью ему нужно покинуть это место. Это не правильно, ведь он заработал это так же как все другие и самое главное, считает себя гражданином Казахстана и не меньше других любит эту страну! Прямое влияние на экономику и благосостояние государства...
На самом деле, всё с чего изначально началось, это была не межнационалка, а чистая хулиганка, которую надо было на месте разрулить и всех жёстко наказать по справедливости и по всей строгости закона. Но кому-то было угодно придать этому делу межнациональной окрас, и к сожалению многие мои соотечественники повелись на эту провокацию... в результате пострадали невинные люди, а среди них женщины, дети, старики... увы...
Я ещё раз обращаюсь ко всем! Мы, казахстанцы один народ, одна семья и живём в одном нашем общем доме Казахстан! Нам нечего делить! Наоборот, наша миссия совместно созидать, развивать и процветать! Если мы объединившись это не сделаем, то с нами обязательно сделают что-нибудь "другое"! Кроме нас самих мы никому не нужны, а всем нашим "друзьям" нужно лишь то, что у нас есть под землей, на земле и в наших сердцах, но мы это не отдадим!
И Отдельное спасибо Президенту страны Касым-Жомарту Кемелевичу, который буквально молниеносно отреагировал на события! И мы все конечно же поддерживаем его! Хулиганство и беспредел не имеет национальности! И самое важное - Мир и согласие, это наше главное богатство!
«Үкіметтік комиссияға қазақ белсенділерінің бірнешеуін қосу керек»
Абзал Құспан, заңгер:
- Қордайдағы жағдайды тексеретін Үкіметтік комиссияға қатысты мәселені дұрыс көтеріп жатырсыздар. Үкіметтік комиссия дейміз. Оған дүнген ұлтының ұлттық бірлестігінің төрағасы кіріп отыр. Ол ең болмаса үкімет мүшесі емес, үкіметке ешқандай қатысы жоқ қоғамдық ұйымның өкілі. Ал, қазақтардың ұлттық мүддесін қорғайтын белсенділер, ел ағалары, қазір саясатқа араласып жүрген Мұхтар Тайжан болсын, басқасы болсын бір адам жоқ.
Ал, үкімет мүшелерін қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын адамдар қатарына қоспаймын. Оған Жаңаөзен оқиғасы да, кешегі Жер митингісі де, басқа жағдайлар да куә. Сондықтан , бұл жерде қоғамдық ұйым өкілдері болсын, белсенді ағаларымыздың біреуі болсын, тіпті бірнешеуін қосу керек еді. Немесе, дүнгендердің ұлттық қоғамдық бірлестігін мүлдем қоспау керек еді. Қазақстан үкіметі қандай шешім шығарсаң да көнесіңдер деу керек еді.
Сонымен қатар дүнгендердің қоғамдық бірлестігі басшысының қайта-қайта мәлімдеме жасап жатқанына қарап отырмын. Маған ұнап отырған жоқ, оның сөзі. Ол бұл оқиға арнайы ұйымдастырылған, мұны дұрыстап тергеу керек дегенді қайта-қайта айтып жатыр. Демек, оның ойынша, бұл оқиғаны қазақтар әдейі ұйымдастырған. Яғни, үшінші күштер дүнгендерді полиция өкілдеріне айдап салған боп шыға ма? Бұл ақылға сыймайтын нәрсе.
«Ұлттық сипат алған жоқ...»
Аскер Аллавердиевч Пириев, ҚХА мүшесі, «Қазақстандағы «Ахыска» түрік қоғамы» ҚҰ филиалының төрағасы:
- Біріншіден, қазақтар неге көтерілді емес, халық неге көтерілді деп бастайық. Меніңше бұған әлеуметтік-экономикалық жағдай түрткі болды, деп ойлаймын. Және қажетті деңгейде, жеткілікті мөлшерде идеологиялық жұмыстар жүргізілмеді.
Жалпы, соңғы бірнеше жылдың ішінде болған конфликт жағдайларды алатын болсақ, екі мәселе бар.
Біріншіден, осындай жағдай болған кезде, оған ұлттық сипатты оңай беруге болады екен. Байқап отырмыз.
Екіншіден, қоғамымыз провакацияға беріле салады екен.
Ал, мына оқиғада да провакация болған деп жатыр ғой. Нақты білмейміз, бірақ Қордайда кішігірім бір жағдай болып қалған болуы мүмкін. Бірақ, соны әрі қарай өршітіп жіберген арандатушылар болуы мүмкін.
Қазіргі біздің кезең ақпараттық заман ғой. Әлеуметтік желі мен уатсап арқылы қалаған ақпаратыңды бір секундта жеткізе аласың. Демек, қоғамның көңіл күйі сондай ақпаратқа оңай көтеріледі екен. Соны байқап отырмыз.
Және, бізде ресми ақпарат халыққа кешігіп жетеді. Ол да індет. Сондықтан, арандатушылар әртүрлі ақпаратпен қоғамды дүрліктіреді. Демек, бұл оқиға ұлттық сипат алған жоқ, тек арандатушылар сондай сипат беруі мүмкін.
«Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады»
Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:
- Осы уақытқа дейін билік ешқандай мәселелерді жүйелі, жоспарлы және алдын-ала шеше алмады. Шенеуніктер өздері ойлап тапқан қызғылт әлемде «Нұрсұлтан-Нұр Отан-Қазақстан» деген сөз тіркесін көрсетті. Олар үшін не экономикада, не идеологияда, не ұлтаралық қатынастарда проблемалар болған жоқ.
Бірақ жылдар бойы шешілмеген мәселелер ушыққан кезде, олар үнемі асығыстық танытады.
Халықаралық қатынаста билік үшін де жалған үнсіздік пен рақымшылық бар! Өйткені, Қазақстан халқы Ассамблеясы бар! Егер елде шынымен татулық пен тыныштық болса, онда неге жыл сайын этникалық қақтығыстар орын алады? Неліктен жыл сайын қан төгіліп, диаспоралардың басшылары шығып кешірім сұрайды? Өткен жылы - Қарағанды, қазір Масанчи, бұған дейін Шымкент облысында болды.
Неліктен көршілес Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда зардап шеккендермен жыл сайынғы этникалық қақтығыстар болмайды, бірақ бізде бар? Билік тіпті оларды осылай атауға, ашық диагноз қойып, барлығын ішкі жанжалдармен байланыстыруға қорқады. Егер диагноз қоюды білмесек, біз бұл мәселені қалай шешеміз?
Ал, Қордай мәселесіне келсек, ондағы жергілікті тұрғындардың айтуынша,
- Қыздар кешке жүре алмайды, өйткені дүнгендер оларға тиседі,
- Осыдан бірнеше жыл бұрын дүнгендер Қазақстанның туын жағып жіберген.
- Дүнгендер басқа пәндердің қажеті жоқ деп, тек өз тілдері мен математиканы талап етіп жергілікті мұғалімдерді деп ұрып тастаған.
- Дүнгендер үнемі «жер сендердікі, билік біздікі» дегенді айтады.
- Олар «барлық билікті сатып алды және оларға ештеңе болмайды»
- Олардың барлығының психиатриялық ауруханадан анықтамасы бар. Сондықтан олар қандай қылмысқа барса да жауапты болмайтын көрінеді.
Меніңше, бұл фактілердің барлығын Үкімет комиссиясы мұқият тексеруі керек. Жүзден астам адам оқ жарақатымен медициналық органдарға жүгінді. Ал, бірінші болып кім оқ атты? Бұл бір күндік ашудан болған нәрсе ме?
Меніңше, "шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады". Сондықтан, осындай қақтығыстардың негізгі себептерін жою қажет.
Түйін. Қордайда болған қақтығыс - Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерімен болып жатқан алғашқы оқиға емес. Осындай мәселенің барлығы билік тарапынан тұрмыстық кикілжің деп бағаланып келді. Алайда, қазіргі қоғамның ұлттық мәселелерге келгенде баяғыдай енжарлық танытпайтынын ескерсек, билік мұндай мәселеде енді қателесуге болмайтынын түсінуі тиіс.
Нұрбике Бексұлтанқызы
Abai.kz