Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әліпби 3761 1 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 11:02

«Ы» дыбысының таңбасы туралы

Тілдік таңба әліпбиде өзіндік орны бар белгілі бір дыбыстың жеке символы болып табылады. Ол дыбысты, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді танудың «сыртқы жамылғысы», түрі іспетті. Қандай да болмасын дыбысқа сыртқы форма, «жамылғы» беруде, сондай-ақ оның басқа бір елдің таңбасынан ажырататын ұлттық ерекшелігін ескерумен қатар, сол мемлекетте тұратын тек жеке адамға не белгілі бір топқа ғана емес, жалпы көпшілікке, қарапайым халыққа жылдам әрі жеңіл қабылдануын да негізге алған абзал. Екіншіден, оның сөз не сөйлем құрамында келгендегі эстетикалық жағын, яғни көзге «жылы» көрінуін де басты назарда ұстау керек. Үшіншіден, кең тұрғыда қарастырғанда, таңба әлемдік сахнада сол елді көрсетудің белгісі, айнасы қызметін де атқаруы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, дыбысқа сыртқы форма беруде мұқият ойланып, дұрыс шешім қабылдаған жөн. Сондай талас тудырып жүрген таңбалардың бірі – жаңа латын әліпбиіндегі «ы» әрпі.

Тілші-ғалымдар арасында «ы» дыбысын таңбалауда әртүрлі пікір айтылып жүргені белгілі. Бірінші топ қазіргі ұсынылған латын әліпбиінде «а» мен  «о» мен  сынды ұлттық ерекшелікті көрсететін дауысты дыбыстардың жуанды-жіңішкелі нұсқасы секілді «ы» мен «і» дыбыстарын да жұптап беруді ұсынады. Яғни олар «ы»-ны , ал «і»-ні «і» ретінде таңбалауды алға тартады. Олардың дәлелі – түркі халықтарын ортақтастыратын әліпби негізінде бірыңғайластыру. Мәселен, түрік және әзірбайжан әліпбилерінде «ы» дыбысы  таңбасымен ұсынылады. Ал түркімендерде «ы» дыбысы «y» ретінде берілген. Бұл жерде ескеретін жайт, «ы» және «і» дыбыстарының қолданылу жиілігі. Түрік пен әзірбайжанда «і» дыбысы қолданылмайды. Ал қазақ тіліндегі «ы» мен «і» дыбыстарының өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда дыбысталу жиілігі жоғары. Егер «ы»-ны «ı» таңбасына ауыстыратын жағдайда көптеген сөздерді қарапайым халық дұрыс қабылдай алмайды (алғашқы әліпби жобасында бұндай жағдай орын алғанын ескеру керек). Мәселен, «сығу», «Сыдық» деген сөздерді «sıǧu», «sıdıԛ» деп жазасақ, жіңішке түрінде оқымысына кім кепіл. Бұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Санада кирилл (орыс) әліпбиі орнығып, дағдыланып қалған көпшілікке қиындық келтіріп, сөз оқылымының өзгеріске түсуіне әкеледі. Сондықтан бұл таңба қоғам тарапынан қолдау табуы да екіталай. Негізінен екінші топтың ұсынған таңбасын қабылдаған жөн, яғни «ы» дыбысын «у» таңбасымен берген дұрыс. Біріншіден, ол қабылдауға жеңіл болса, екіншіден, бірқатар Батыс Еуропа елдерінде де осы таңба «ы» дыбысының орнына жүреді. Бұл өзге халықтардың да, шетелдегі қандастарымыздың да еш қиындықсыз қазақ тілі сөздерін оқуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, жазу барысында екіұшты мағына білдіретін сөздерден құтылар едік.

Аталған таңбаға қарсылар кей сөздерді жазу барысында (мысалы, ыдыстың – уdystyŋ, ысқырғыштың – ysԛyrǧyştyŋ, ызаның – yzanyŋ, ыстың – ystyŋ, ынтымақтың – yntymaԛtyŋ) төмен қарай созылған әріптер көбейіп кетеді деген уәж айтады. «Ы» дыбысын латынның «у»-мен таңбалағанда, жоғарыдағы сөздердің жазылуынан байқағанымыздай, көз шалымға жеңіл, жылдам қабылданады және оқу жылдамдығы да артады. Сонымен қатар «ы» дыбысын латынның «у» әрпімен таңбалағанда, графикалық, фонетикалық, статикалық негіздемелері толығымен реттелгені көрінеді.

Қысқасы, қай таңбаны қабылдасақ та, қандай шешім шығарсақ та, қарапайым халықтың, өсіп келе жатқан жас жеткіншектің танымын ескеріп, «жеті рет өлшеп, бір рет пішіп», оң қадам жасалса болғаны...

Қуаныш Ерғалиев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570