Ермұрат Бапи. Үш жағдай
Қазақтың сорлы тілін қолдаймыз деп, тағы бір митингі өткіздік. Өз елінде, өзінің жерінде жүріп, өзгеге тілін өткізе алмаған бұ қазақтың өзі де сорлы шығар: митингіге жер қайысқан халық келеді деген үміт бар еді, жиналғаны - үш мыңнан асар-аспас. Миллионға жуық қазағы бар деген Алматыдан жиналғаны - осы болса, енді бірер жылда «қолдауымыз» «қорғауға» айналмаса, қара да тұр.
Митингіде айтылған сөзді ел естір. Мен қалтарыста қалған үш жағдайды айтайын.
Биліктің кеңсесіне керексіз болған тіліне тірек болайын деді ме екен, тоқсанға таянған жасы бар Әбдіжәміл аға Нұрпейісов келген екен митингіге. Өткенде бір мерейтойда Олжасты омақастырған сөзі есіме түсті. «Здесь сидит Сулейменов, он, наверное, забыл, что когда-то какие-то стихотворения сочинял...» - дегенді әйгілі «Қан мен тердің» әкесі. Онысы - Олжастың Ақорда жағалап кеткен жарамсақ тірлігіне деген реніштен туған сөз екенін отырғандар іштен тынып тыңдаған.

Осы жолы тіл жауына да тіреп тұрып бір сөз айтардай еді. Бірақ Әбекең сырқат екен, жүрегі қысып, қаумалаған інілерінің демеуімен тұғырдан түсуге мәжбүр болды. Тал түбінде Жүрсін бауырының демеуімен тыныстап тұрып, әлсін-әлсін басын шайқай берді: бір ауыз сөз айта алмай қалғанына налыды ма, әлде тілінің тілім-тілім тағдырына күйінді ме - қарттың күйзелісі қатты болды. Бірақ көз көрген жұрт жанын шүберекке түйіп, сауға сұрай келген асыл ағасына разы болды. «Тоқсанға тіреніп, әупірімдеп Әбекең келгенде, басқа бұқпантайлар қашан басын көтереді?» - деген сауалдың сұлбасын әркімнің жүзінен жазбай тануға болар еді.
Қалтарыста қалған екінші жағдайды боямасыз баяндайын. Хасен Қожа Ахмет сөз сұрай кепті. Бермеді. Қайдан берсін - шіретке күні бұрын жазылғандарға уақыт жетпей жатқанда, есіктен кіріп, төр менікі деушіге сөз қайда?! Жол ортадан Хасекеңнің қалай табылғанын кім білсін, өзінің буына өзі пысып жүр:
«Бұл биліктің дегенімен өтіп жатқан митинг!..» - дейді төңіректегілерге естірте.
«Өткізсең, өзің қайда қалдың?!» - дейді онымен келіспеген біреулер.
«Сарыарқада» емес, «Нұр Отанның» алдында өткізу керек еді...» - дейді Хасен де қайтпай.
«Сен сол арада өткізсең, біз мұнда неғып жүрміз?!» - дейді топ ішінен тағы біреу.
Сөйтіп бір міндетін атқарған Ахмет Қожа Хасен қайқайып, өз жөніне кетті. «Е-е, сенген қойым сен болсаң...» - деп, жұрт қалды. «Бұлар тілдің төңірегіне де топтаса алмайтын шығар, ә?! - дейді, тағы біреу басын шайқап.
Үшінші жағдай енді ұят. «Қазақпыз!» - деп кеуде қаққанда, жұдырығы қып-қызыл боп кететін қазақтілді журналистердің қарасы көрінбеді. Биліктің ауласындағы газеттерден Шәмшінің шып-шып шекесі көрінбегенде, «Нұр Медианың» нөкерлері қырылып қалған ба дерсің?!
«Жазғанымыз билікке жетпейді, ондағылар орысша ғана оқиды», - дейтін бір газеттің бадырақ көз бастығына звондадым: «Сенің газетің қазақша шығушы ма еді?».
«Ие, қазақша, не боп қалды?!»
«Сол қазақшаңды қолдап, келмеймісің митингіге?!».
«О-о, әкең! Ұйықтап қаппын...»
Сағатыма қарасам, тал түс ауған екен...
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 33 (116) 05 қазан 2011 жыл