Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2148 0 пікір 10 Қазан, 2011 сағат 05:19

Руза Бейсенбайтегі. Тәуелсіздіктің 20-шы жылындағы Керекудегі тіл ахуалы

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің,

Үкімет Басшысы К.Қ. Мәсімовтің,

Мәдениет Министрі М. Құл-Мұхаметтің

Назарларына!

 

 

Тәуелсіздіктің 20-шы жылында негізгі кала жұртшылығының тілге деген көзқарасы негативті күйде қалып отыр.

Сауда орталықтары, дүкендер, басқа да қызмет көрсету мекемелері, оның ішінде қалалық сот, компьютермен байланысты  қызметтер, банктер, медицина саласы, такси т.б., барлығын тізу мүмкін емес, қызметтерін тек орыстілділерге көрсетуде. Шағымдансаң, талап етсең ғана кейбіреулері қазақша қызмет етеді, ал басқалары қызмет көрсетуден бас тартады. 2011 ж. қыркүйектің ортасында қаладағы «Джамал» дүкенінде қазақша нан сұрағанымда: «Мы принципиально не будем Вас обслуживать, пока не перейдете на нормальный русский язык деді. Осындай позицияда тұрған қызмет көрсету мекемелері 70-80%. Бұрын облыстық тілдер басқармасына, қалалық тілдер бөліміне - айналасы 10 шақты адам қалай бүкіл облысты, қаланы түзетеді деп, түсіністікпен қарайтын едім.

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің,

Үкімет Басшысы К.Қ. Мәсімовтің,

Мәдениет Министрі М. Құл-Мұхаметтің

Назарларына!

 

 

Тәуелсіздіктің 20-шы жылында негізгі кала жұртшылығының тілге деген көзқарасы негативті күйде қалып отыр.

Сауда орталықтары, дүкендер, басқа да қызмет көрсету мекемелері, оның ішінде қалалық сот, компьютермен байланысты  қызметтер, банктер, медицина саласы, такси т.б., барлығын тізу мүмкін емес, қызметтерін тек орыстілділерге көрсетуде. Шағымдансаң, талап етсең ғана кейбіреулері қазақша қызмет етеді, ал басқалары қызмет көрсетуден бас тартады. 2011 ж. қыркүйектің ортасында қаладағы «Джамал» дүкенінде қазақша нан сұрағанымда: «Мы принципиально не будем Вас обслуживать, пока не перейдете на нормальный русский язык деді. Осындай позицияда тұрған қызмет көрсету мекемелері 70-80%. Бұрын облыстық тілдер басқармасына, қалалық тілдер бөліміне - айналасы 10 шақты адам қалай бүкіл облысты, қаланы түзетеді деп, түсіністікпен қарайтын едім.

 

Осыдан шамамен 1,5-2 жылдай бұрын Тілдер басқармасына: жоспарлы, жүйелі түрде, қызмет көрсету мекемелерін саласына қарай бөліп, әкімшіліктегі олардың кураторлары - басқарма, департамент, бөлім т.с.с., олар қадағалайтын қызмет көрсететін мекемелерімен, ішіне қоғамдық бірлестіктерді қосып, бәрімізді бірге жинап, ҚР тілдерге қатысты заңнамалық нормалармен таныстырып отырсаңыздар деген ұсыныспен шыққам. Ұсынысым қабылданбады. Тілдік, ұлттық бағытта жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің, қала, облыс қоғамында әрдайым болып жатқан, тілге деген бөтен пиғылдарды фактілермен айқындап тұрса, мемлекеттік тілге деген, аймақта сіресіп қалған теріс қөзқарасты, осы уақытта біраз жөндеп тыстауға болушы еді. Бірақ осы жолдағы бас кедергілер деп есептеуге болатыны:  облыс, қала әкімшілігіне телефон шала қалсаңыз: «Приемная акима области слушает, говорите по русский!», негізінен Виолетта деген хатшының сөздері. Не, қазақша «Сәлеметсізбені» ести сала трубканы тастай салады да алмайды. Қала әкіміне шамамен 2 ай бұрын қоңырау шалғанымда, хатшы: «А мы не говорим по казахский!» деп  жауап берді. Осылар туралы бір жыл бұрын республикалық БАҚ-тарда жариаланған болатын. Нәтижесі жоқ.  Қысқасы, аймақ, қала тұрғындары әкімшілік тарабынан тек орыстілділерге қызмет көрсетіледі деген ұғым қалыптасқан соң, тілдік ахуалды түзеу әзірге еш мүмкін емес. Екінші мәселе, тіл ұлттың ажырамасы екенін ескерсек, бұл фактор, қазақтілділердің тарабынан үлкен наразылық тудырып жатқаны сөзсіз. Неліктен, қазақ тілі мемлекеттік тіл бола тұра, әкімшіліктер, аймақтағы биліктің ең биік тұғыры, мемлекет тіліне қарсы жұмыс істеуде? Дүние елдерінде кездеспейтін нонсенс екенін біле тұра, өз тарабынан мемлекеттік тілде сөйлейтін адамдардың құқын конституциядан бастап бұзып жатқаны қазақтілділердің ашу-наразылығын күннен күнге  арттыруда. Біздің, қазақтілділердің өмір сүру шеңберіміз барған сайын тарылып бара жатыр. Осы жәй қазақтілділердің адами құқығын, көптеген қызмет түрлері тек орыстілділерге арналғандықтан, тұтынушы ретінде де, басқа да тілге байланысты құқыларымыз өрескел бұзылып жатқандығын көрсетеді.

 

Тілдер мекемелерінің шараларына оралсақ - түрлі байқаулар, ақындар мүшәйрасын, т.б. өткізіп тұрады. Оны жұрттың көпшілігі жәй мәдени іс-шара ретінде қабылдайды. Сосын коммуналдық мекемелердің түбіртектерін, көлік билеттерін жартылай қазақыландыру, жарнамалармен жумыс істеу т.с.с. Бірақ тек осылармен тілге, қазақ тілделерге деген көзқарас өзгере қойматыны анық.

 

Былтырғы Республикалык БАҚ-тарға: «Қаламызда қазақ тілі аяққа тапталуда» деген тақырыппен нақтылы фактілерді жазғаннан кейін көп ұзамай, Тілдер басқармасы, мені шақырып, біраз адамдармен жыйын өткізді, тақырыбы - шуламайық. Тіке солай айтылмасада, жыйынның астары сол болды. Бірақ, кешіріңіздер, жазбақ тұрғай, кейде (кезекті рет тілімды қорлағанда) әкімшіліктің алдына барып аштық т.б. акция өткізгім келеді. Өмір сүргім де келмей қалады.

 

Биыл тілім үшін әбден қорланып біткен соң, «павлодарлифт» деген мекемені сотқа бергенмін. Заңгерлер: эксперт ретінде Тілдер басқармасын да шақыруға болады деген соң, Басқармаға, сотқа қатысыңуызды өтінемін деген хат жібергем. Келмеді. Қалалық сотта жеңілдім. Басқарма бастығына: «Неге келмедіңіздер, мемлекеттік тілге байланысты сот қой дегенімде: «Менің басқа шаруаларым жоқ па, мүмкін Тіл комитеті бастығына айтарсыз» деген.

Тіл жолында жан алып, жан беріп жүрген адамдарды (соның ішінде Төлен Рамазанұлы сықылды да) еш іс-шараларыңызға қатыстырмай ысырып жүргендеріңіз сотқа қатысты көзқарасыңызбен бірге, басқарма болып жәй ғана тек өз функционалдық позицияда отырғандарыңызды көрсетеді. Бұныңыз, қала коғамының тілге деген қалыптасқан немкұрайлық, негативті көзқарасын одан сайын күрделенуіне жол ашып отыр. Осы қалыпты бұзу жолында нақтылы жұмыс істемесеңіздер, БАҚ беттеріне де, Министірдің, Премьер-министрдің, Президенттің де құлағына жеткізуге тура келеді. Өйткені қазақтілділердің өмір сүру шеңбері тым тарылып кетті! 4-5 жыл бұрын, Президенттің тілдерге қатысты 550 қаулысын оқып, ҚР территориясында өз тілімде, ана тілімде өмір сүруге құқым бар екен ғой, одан да зоры, қазақ қызы ретінде, ана ретінде де, тұралап жатқан тілімді насихаттау ұлттық парызым екенін түсініп, қазақ тілінде өмір сүруге көшкенмін. Кешіріңіздер, енді, бүкіл ұлтымның, өзімнің тілімді сатып, қайтадан орысшаға көшіп кетпеймін дегенде, Тілдер басқармасының бастығы басқармаға тағы да шақырып, қол астындағы қалалық Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің Айнұр атты бастығына айтқызғаны: «Орыстілділермен қазақша сөйлегеніңіз - олардын құқын бұзғаныңыз!» болды.  Ал, керек болса, ҚР осындай заңнамалық норма болмағандықтан, құлдық санадан арылмаған, осынысымен Керекудегі қазақ тілінің мүшкіл жағдайына елеулі өзгеріс енгізбейміз деген пиғылымен бірге, маған, мемлекеттің тілінде сөйлейтын адамға: сен құқық бұзушысың деп ашықтан ашық айтқан Тілдер басқармасының нақтылы позициясы. Онымен қоса:  «Онда неліктен 100 пайыздай орыстілділер қазақпен орысша сөйлеп, олардың құқын бұзады?» деген қарсы сұрақ болуы мүмкін, оған қалай жауап беремін деуге, ой өрісі мұрша бермейтін мемлекеттік қызметкер - лауазымды қызметте қалайша отыр екен деген сұрақ тудырады.

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475