Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2719 0 пікір 10 Қазан, 2011 сағат 05:30

Мұқаш ЖОШЫ. Оралман тағдыры билікке ойыншық болғаны ма?

Қыркүйектің 29-ы күні Астанада өткен Expert пікірталас клубының отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының президенті Тимур Құлыбаев Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуіліне қатысты өз көзқарасын айтты. Т.Құлыбаевтың ойынша Жаңаөзендегі ереуілді ұйымдастырып, елді шулатып жүрген топ пен топ басшылары оралмандар екен-мыс.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысының айтуынша: «Түркіменстан, Қарақалпақстаннан тұтас ауыл болып көшіп келіп жатқан оралмандар»-дың аталған ереуілге тікелей қатысы бар екен. «Егер ереуілшілердің жетекшілері туралы айтатын болсақ, ол жақта Алматыдан барғандар жетекшілік етіп жүрген жоқ. Оларда өздерінің Қарақалпақстаннан бірге келген ресми емес жетекшілері бар. Ол жаққа келетін адамдар санын баяғыда-ақ шектеу керек еді», - дейді Құлыбаев мырза. Еліміздегі қырықтан астам ұлттық компанияны өзіне еншілес етіп алып отырған әл-ауқат қоры басшысы Тәуелсіз отаным деп, елім деп ит арқасы қияннан көшіп келіп жатақан қандастарымыз жайлы тым ұят әрі мемлекеттік деңгейді ұстанымды айғақтайтын тұлға ретінде үлкен саяси жаңылыс жасады деп айтуға болды.

Қыркүйектің 29-ы күні Астанада өткен Expert пікірталас клубының отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының президенті Тимур Құлыбаев Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуіліне қатысты өз көзқарасын айтты. Т.Құлыбаевтың ойынша Жаңаөзендегі ереуілді ұйымдастырып, елді шулатып жүрген топ пен топ басшылары оралмандар екен-мыс.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысының айтуынша: «Түркіменстан, Қарақалпақстаннан тұтас ауыл болып көшіп келіп жатқан оралмандар»-дың аталған ереуілге тікелей қатысы бар екен. «Егер ереуілшілердің жетекшілері туралы айтатын болсақ, ол жақта Алматыдан барғандар жетекшілік етіп жүрген жоқ. Оларда өздерінің Қарақалпақстаннан бірге келген ресми емес жетекшілері бар. Ол жаққа келетін адамдар санын баяғыда-ақ шектеу керек еді», - дейді Құлыбаев мырза. Еліміздегі қырықтан астам ұлттық компанияны өзіне еншілес етіп алып отырған әл-ауқат қоры басшысы Тәуелсіз отаным деп, елім деп ит арқасы қияннан көшіп келіп жатақан қандастарымыз жайлы тым ұят әрі мемлекеттік деңгейді ұстанымды айғақтайтын тұлға ретінде үлкен саяси жаңылыс жасады деп айтуға болды.

;hl=ru_RU" />;hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Шеттегі қазақтың тағдыры мен бүгінгі күнде Отанына біржола қоныс аударған қандастарымыз айналасында соңғы уақытта кісіні қынжылтатын жайсыз оқиғалардың болып жатқаны белгілі. Қытайдағы қазақтың виза мәселесі, Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы төңірегіндегі дау-дамай, Мамашев мырзаның оралмандар туралы айтқан сөзі (бұл жалған ақпарат болса да, Талғат мырза оралмандардан кешірім сұрады), Қабылсаят Әбішевтің оралмандарды сауатсыз деп атағаны, қазақ көші-қонының тоқтауы, шеттен келген қазақтардың азаматтық алуы процесінің қиындауы мен тіркеу, квота жайы және т.б-лар.

«Бір апамнан бір апам сорақы» деген қазақтың қитұрқы мақалы бар. Тимур Құлыбаев мырза «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесіннің» керін келтірді. Шеттен келген қандас ағайынға тағылмаған айыптың енді ереуілші, бүлікші дегені қалып еді.

Жанаргүл Қожамкей, студент, қытай қазағы

Таяқтың екі ұшы бар ғой. Шыныменде аталған дау-жаңжалды шығарып жүрген оралмандар болса, онда олар әбден ашынғандықтан, жандарына батқандықтан осындай әрекетке барып отырған болар деп ойлаймын. Олай болмаған күнде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мына заманда қандастарымыздың жанайқайы неге шықсын? Біздің билік неге қит ете қалса қара халықты, оралмандарды кінәлай береді?! Себебі олар халықтың аузы бар сөйлемесін, көзі бар көрмесін деген қылықпен жар салатындығында. Өзге түгілі өзін сидырмай жатқан мұндай қылықтар қазақ елін қайда апарары белгісіз. Халық айтса қалт айтпайды дейді атам қазақ. Ақиқатына келсек өз еліне қиыншылықпен зорға  жеткен қандастарымыз туралы бұлай айтудың өзі артық. Бұл істің басы-қасында болып, ұйымдастырып жүрген азаматтардың арандатушылығы ма деп те ойлайсың. «Оралмандар» деп жалпыға топырақ шашпағаны жөн болар біздің ресми тұлғаларымыздың.

Серік Мұратхан, Инженер маман, блогер

Меніңше  Құлыбаев өсек ақпарат тасып, ортаға от тастап жүрген  әлде біреулердің сөзіне еріп «бәрін шығарып жатқан оралмандар» деп соншама оңай айта салуы үлкен ұят іс болды. Тимур мырза осыдан қырық жыл-елу жыл бұрын келген қазақтың бәрін оралманға санаса Қазақстанның қазақтарының 60%-ы оралмандар құрайды. Себебі, қай қазақ сонау ашаршылықта, қуғын-сүргінде шетке барып жан сауғаламады? 1958-1962 жылдары Қытайдан келген екі жүз мыңнан астам қазақ қазір милионнан асып кетті. Ал, сол заманда Түркімен, Қарақалпақ, Өзбек асып кеткен қазақтың ұрпағы бүгінде қаншама?

Сондай биік мінбеден бір қазақтың өзін бөліп-жарып, қазақтың арасында жік салып, от тұтататын сөз айту елімізге қаншалықты тиімді? Шеттен келген бес қазақты бөлектеп жатқан биліктің «130 ұлтты тату-тәтті өз баурымызға басып жатырмыз!» деген сөзіне ертең қай ел сенеді? Тимур мырза айтқан сөзді халқаралық адам құқын қорғайтын ұйымдар естісе бізде барлық азаматтардың құқықтары қорғалып жатыр дегенге күле қарамай ма? Сондықтан, қалай болмасын бұл сөз өте ұятты жағдайда қалдырып отыр. Соңғы кезде арт артынан биік мінбеден  айтылған осындай санасыз сөздер шетелден келген қазақтардың жүрегіне тікендей қадалып, отанға деген от жүрегін суытып қана қоймай, Елбасының жүргізіп отырған саясатына әлде біреулердің кедергі жасап, ортаға от тастап қазақстан елінің ұлттық мемлекет ретінде күшейіп-гүлденуінен көрі, өздерінің жеке басының байлығы мен тынштығын алға қоятынын білдіріп отыр.

Шынаргүл ОНОШБАЙ, студент

Құлыбаевтың бұл қылығы қазаққа жаны ашымайтын, ұлтсыздығының көрінісі деп ойлаймын. Ұлттық әл-ауқат қорын басқарып отырған адамның «Ол жақтан келетін адамдар санын баяғыда-ақ шектеу керек еді» деуі тіпті ұят. Онсыз да аз ұлттың демографиялық құлдырауға әкеп соғатынын ойламағаны ма сонда?  Бұл оның қазақтың шеттен келетін қандастарымызды құшағына алуға қарсылығы деп түсінемін.

Тіпті, оралмандар ұйымдастырса да, тұрғылықты адамдар болса да олар бүлікші болмайды. Өйткені, олар мемлекет үшін маңызды талаптар қойып, ереуілге шықты. «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ басшыларына қойған талаптардың ішінде аумақтық 1,7 коэффициентін толығымен төлеу және «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалын мемлекеттің иелігіне қайтару сияқты талаптарды айтып отырмын. Өз құқықтары үшін күресті, күнкөрісі үшін арпалысты, аштық та жариялады. Оны кімдер ұйымдастырып кімдер жасаса да еліміздің игілігі үшін жасалды.

P.S

Адамның аңсары ауған әрі оған қолы жетпей жүріп арманы орындалған күні аңсаған қымбаттысының шын кеспірін көріп құлазитын күйін дәл бүгінгі күнде Қазақ елі топырағына тәуелсіз ел деп келген азаматтар әбден түсінеді деп ойлаймыз. Себебі, егемендік пен отанның нағыз құнын шетте жүрген ағайын шын сезініп, қос қарашығына жас тола аңсайтынын кейде осынау елде туып-өсіп, өмір сүріп жүрген жандардың түсіне қоюы екіталай. Бұл тек жабулы күйінде жатқан мың сан жараның мыңнан бір бөлігі ғана. Ал, шеттегі ағайынның тағдырын айтпағанның өзінде, олардың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті бүгінгі күнде артқа сырыла-сырыла жауыр болған, айтыла бастаса кісіні мезі қыларлық бос мылжыңға айналды. Бұл бейжайлық - жай ғана немқұрайлылық емес, бойында намысы, тегі, қазақы қаны жоқ мәңгүрттіктен өніп шыққан тым қорқынышты улы тамыр болып қалыптасты.

Мейлі тағдырдың маңдайға жазған жазуы ұлық халықтардың тарихын жасаса да, мейлі қорғасын мен мырыш оқтан ыққан халықтың ауа көшуі болса да заман ағысының иірімі мен жылымы артта қалды бәрі. Бүгінгі күннің көз алда өтіп жатқан үрдістерін тағдырдың жазуына да, мырыш оққа да итере алмас қатігез сатқындардың топас әрі мейірімсіз қолымен жасалып жатқанын білгеніміз дұрыс.

 

Мұқаш ЖОШЫ

http://www.minber.kz/?p=6152

0 пікір