Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2368 0 пікір 10 Қазан, 2011 сағат 06:03

Ербақыт Амантай. Мазақ болған Мағжанның мүсіні

Ескерткіш - ел идеологиясының құралы. Тарихта болған тұлғалардың тас мүсіндеріне бүгінгі ұрпақ тамсана отырып, олардың атқарған іс-әрекеттерінен тәлім-тәрбие алуы қажет. Алайда  қазақ билігі көп жағдайда бұл құралды дұрыс пайдалана алмай отыр. Мысалы Қызылжардағы сән-салтанаты келіскен ең үлкен ескерткіш Лениндікі және біреу емес үшеуі тұр. Ал қазақтың тәуелсіздігі үшін бастарын бәйгеге тіккен талай тарланның мүсіндері пролетариат көсемінің тасасында қалып қоюда. Сонда біз жастарға кімді үлгі етіп, неге тәрбиелеп жатырмыз?

Абайдан кейінгі ақынға баланған Мағжан Жұмабаев Қызылжар өңірінің тумасы. Алғашқы жыр-шумақтары да осы жерде дүниеге келген. Бірақ жерлестері ақынына еңселі ескерткіш орната алмай отыр. Университет жанындағы қазіргі мүсіні көптің көңіліне қонбауда. Әдетте, ескерткіш алыстан көрініп тұруы үшін биік тұғырға орнатылуы қажет қой. Ал Мағжанды көрпе төсеп, жерге отырғыза салғандай әсер қалдырады. Иығына мінгізіп қойған құсқа қарап, бұл ақын емес аңшы ма деп те қаласың.

Мағжанның 115 жылдық мерейтойына орай жаңа мүсін жасатып жатыр екен деген сыбыс шыққан. Бірақ мерейтой өткелі қашан? Әлі жым-жырт. Жас ақын Фархат Тастамбеков жерде отырған Мағжанды кейбір бұзақылар мазақ қылғанына қынжылады. Адамның бойынан көп аса қоймайтын Мағжанның үстіне мініп алып, бет аузын бояп кететіндер де табылады екен.

Қызылжарда қол-аяғы жоқ мүсіндер өте көп. Және оның барлығы қазақтың зиялыларына қойылған. Қазақтың тұңғыш этнограф-ғалымы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың әскери киімдегі сұлу мүсінін жасап қойса қалаға керемет сән берер еді ғой. Бірақ ақша жетпеді ме, әлде ниет жетпеді ме?  Әйтеуір, ағаштың арасында бюсті ғана тұр. Соңғы кездері ғалымдар Шоқанды Құсмұрында емес, Сырымбетте туды деп жүр. Сырымбет Солтүстік Қазақстан облысының аймағында. Сонда қазақ үшін Еуропаға ашқан терезеге баланған Шоқанға көрсеткен құрметтің түрі осы.

Қызылжардан шыққан қос жазушы Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқановқа да жібі түзу мүсін бұйырмай тұр. Облыстық кітапхананың алдында Сәбиттің басы қойылған, ал қаланың шеткері жағында «қол-аяғы шабылған», көзілдірігі сынып Ғабит Мүсірепов тұр. Бұл да бұзақылардың ісі екені анық. Толық мүсінін жасауға тас жетпей қалғандардың қатарында ақын Жамбыл Жабаев, ғалым Евней Бөкетов, сазгер Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, тарихшы Манаш Қозыбаевтар да бар.

Ұйқыда жатқан қазақты маса болып шаққан Ахмет Байтұрсынов та,  «Оян, қазақ» деп жар салған Міржақып Дулатов та мұнда ұмыт қалған. Тарихшылардың зерттеуінше, Міржақып Дулатов атақты «Оян, қазақ» өлеңін осы Қызылжарда жазған екен. Сондықтан тарихшылар оған еңселі ескерткіш жасатып, астына «Оян, қазақ» деп жазып қоюды ұсынған. Бірақ әлі ұйқыда жатқан жергілікті билік бұл ұсынысты естір емес.

Қызылжар өңірінің түлегі Смағұл Сәдуақасов та дәл осы қалада азамат ретінде қалыптасты. «Жас азамат» жастар ұйымын құрып, оның жанынан қазақ журналистикасы тарихындағы тұңғыш жастар газетін ашты. Газет те «Жас азамат» деп аталған-ды. Алайда Смағұлға да бір ескерткіш немесе бір көшенің аты бұйырмауда.

Керісінше, пролетариат көсемі Лениннің еңселі үш ескерткіші мен мұндалайды. Қалалық мәслихаттың депутаттары мен ардагерлер кеңесі ұсыныс жасап, шаһар шетіндегі бір мүсінін орталыққа орнатқызып алды. Ардагерлер жарайды, ал кілең «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен тұратын мәслихат депутаттарының бұл не сасқаны? Әлде осыдан жиырма жыл бұрын өздері қатарынан шығып кеткен коммунистік партияны әлі көксеп жүр ме екен?

Зарқын Тайшыбай, профессор:

- Бұл азаматтардың әрқайсысы елі үшін көп еңбек сіңірді. Білімдерін де, өнерлерін де, тіпті жандарын да осы жолда пида етті. Ал бүгінгі билік солардың мүсіндерін жасауға ақша аяйды. Меніңше бұл жерде де жемқорлықтың исі шығатын сияқты. Бюджеттен бөлінген қаржыны талан-таражға салып, қалғанына жарты денесін жасатады салады.

Ескерткіш те, елді мекен немесе көше атауы да - ол ұлттық идеология болуы керек. Қазақ жастары сол ескерткіштерге қарап, бой    түзейді. Кезінде партиялық идеология болатын, сондықтан да Лениннің ескерткіші қаптап кетті ғой. Және ескерткіш бір жүйемен қойылуы қажет, орталықтың рұқсаты болғаны жөн. Қазіргідей екі-үш шал мен кемпір хат жазды екен деп Ленинді төрге шығарып қоюға болмайды. Әрбір ескерткіш жоғары талғаммен, сапалы жасалып, жүйемен орнатылуы керек. Әйтпесе, қазіргі Қызылжардағыдай қол-аяғы кесілген мүгедек мүсіндер көбейіп кетеді.

Фархат Тастамбеков, жас ақын:

- Бұзақылар қай қоғамда да баршылық қой. Кейбір өзге ұлт өкілдері Мағжан бабамызды мазақ қылады. Саябақ ішінде жерленген әкесі Бекеннің басына қойылған тасты сындырып кеткен соң не деуге болады? Егер ескерткіш еңселі етіп орнатылғанда, жанына жақындауға да жүрексінер еді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475