Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2104 0 пікір 10 Қазан, 2011 сағат 06:33

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ. «Ұлы дала» ұлттық мүддеге қызмет етеді

Қазақтың қоғамдық өмірінде тағы бір қоғамдық қозғалыстың тұсауы кесілді. Ұлттық мүддені биік қойып, барлық ел азаматтарын тегі мен этникалық ерекшелігіне қарамастан, қазақ үшін, мемлекет үшін еңбек етуге шақыратын «Ұлы дала» деп аталатын қоғамдық қозғалыс батыстың демократиялық құндылықтарын қабылдай отырып, қазақтың тілін, ділін, дінін, салт-дәстүрі мен тарихын сақтауға ерекше ден қояды. Бұл жөнінде қоғамдық қозғалыс өкілдері кеңінен баяндады. Негізінде «Ұлы дала» қоғамдық қозғалысының іргесі осыдан үш жыл бұрын қаланған. Алайда оның қызметі оңтүстік өңірмен ғана шектеліпті. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, 15 қазанда «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылтайын өткізіп, қозғалыстың жарғысы және бағдарламасы қабылданып, жетекші органдарын анықтайтын болады. Сонан соң қозғалыс Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. «Ұлы дала» қозғалысы қоғам қайраткерлері, ұлттық бизнес өкілдері, зиялы қауым мен жастарды, сондай-ақ азаматтық ұстанымын биік қоятын жандардың басын қосуды мақсат етеді. Еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласуды көздейтін «Ұлы дала» өкілдері ұлттық мүдде үшін тер төгуге дайын.
Айдос САРЫМ, саясаттанушы, қоғам қайраткері:

- Ұйымдастыру шараларын толыққанды нықтай түспейінше, алғашқы 1,5-2 жылда төрағадан, басшылардан принципті түрде бас тартып отырмыз. Аймақ-аймақтарда бөлімшелерді ашып, арнайы өкілдіктер сайлаймыз. Бәлкім болашақта сол өкілдіктердің ішінен біреу төраға болар. Егер қозғалыс екпін алып жатса, басқару мәселесі съезде көтеріліп, шешімін табатын болады. Ұйымдастыру құрылымының жоғарғы органы құрылтай, одан кейін жоғары саяси кеңес тұрады. Бірігіп мәселелерді шешіп, қоғамдық пікір тудыруға талпынамыз. Біз Үкіметпен, парламентпен, саяси партиялармен байланыс орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеуге дайынбыз. Халықтық мәселелерді қосымша жобалар, жанама заңдар ұсынып шешуді мақсат етеміз. Жалпы айтар болсақ, қоғам үшін, қоғамдық пікір үшін қызмет атқарамыз. Құрылтайдан соң тұғырнамамызды қабылдаймыз. Соның ішіне ұлтқа қатысты, мемлекетке қатысты мәселелер мен ұсыныстарды енгіземіз. Егер біздің идеямыз бен ұсынысымызды қабылдап, жүзеге асыруды көздейтін қайсыбір партия болса, «Ұлы дала» осындай бағыттағы пікірлерді қолдайтын партия деп насихаттайтын болады. Алайда қоғамдық қозғалыс болғандықтан, ел заңнамасында парламенттік сайлауға тек қана партиялар қатыса алатындықтан, ешбір партиялық, парламенттік амбицияны көздемейміз. ХХІ ғасыр кез келген саяси, экономикалық ағымның синтезделгенін көрсетіп отыр. Бәзбіреулер ұлттық либерализм мен ілгерішіл консерватизмді бір-біріне қарама-қайшы бағыт деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Ұлттық либерализм мәселесіне келер болсақ, еркіндік, бостандық, мемлекеттік идеясының арқасында еліміз барлық жетістікке қол жеткізді. Еліміз барлық салада еркіндікті қажет етеді. Ел мәдениет, саясат, басқа салада да тек еркіндік идеясының арқасында ғана дамитынын мойындаймыз. Ұлттық либерализм дегеніміз осы. Ал ілгерішіл консерватизм идеясына келер болсақ, ұлтты, елді, тілді сақтап қалу консервативтік бағытта өрбиді. Дегенмен бұл тұрғыда біз ХХІ ғасыр, үшінші мыңжылдықтан қалыс қалмауымыз керек. Тіпті басып озуымыз қажет. Елімізде өркениеттер тоғысында орналасқандықтан қайсыбір салада болмасын, консерватизмді ілгерілендіріп, яки атадан қалған тіл, мәдениетті сақтап әрі жаңа заманға бейімдеп дамыту арқылы, өзгелерден озық болуымыз керек. Еліміз кең, халқымыз аз, сол себепті, біз билікпен етене жұмыс істейтін боламыз.

Ізбасар БОЗАЕВ, кәсіпкер, Алматы сауда палатасының президенті:
- Бұл моноэтникалық қозғалыс емес. Қазірдің өзінде түрлі этномәдени бірлестіктер жетекшілері, Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері, азаматтық ұстанымы бар өзге де азаматтар «Ұлы дала» қозғалысына қосылуға ниет білдіріп отыр. Өкінішке қарай, соңғы кездері қоғамымыз қазақтар және қазақ еместер, тілдік тұрғыда қазақтілділер мен өзгелер болып бөлініп отыр. Мақсатымыз - осы түйткілді шешіп, ортақ, консервативтік қоғам құру. Жуырда АҚШ-та болып келдім. Бір таңғалғаным, АҚШ азаматтары америкалық екендерімен мақтанады. Елімізде тұратын барлық қазақстандықтар да қазақстандық болғанымен мақтану керек. Орыстілді қазақ болсын, өзге қазақ болсын өзін «қазақпын» деуі керек. Бізді ешбір діни ағым, ешбір өзге мүдде бөлмеуі керек.

Рахым АЙЫПҰЛЫ, «Жебеу» Республикалық бірлестігінің атқарушы директоры, кәсіпкер:
- Оралмандар мәселесі және ұлттың көші қазақ мәселесінің бір бөлігі ғана. Тәуелсіздіктің арқасында ел-елдегі қандастарымыз келіп жатыр. Алайда соңғы кездері көш саябырси бастады. 1 миллиондай қазақтың атамекенге оралуына қарамастан, 5 миллион қазақ шетте жүр. «Ұлы дала» қозғалысы ұлттық мәселеде, ұлттық мемлекет құруда барын салады деп ойлаймын. Қазақтың мәселесін бір-бірінен бөліп қарауға ешқашан болмайды. Тіл мәселесі болсын, ұлттық идеология, мүдде мәселесі болсын, бұл - барша қазақтың мәселесі. Қазақ бір-біріне қолұшын бергенде ғана, көмектескенде ғана ұлы елге айналады. Шын мәнінде біз қазақ көп емеспіз. Ұлан-ғайыр жеріміз, ұлы мемлекетіміз бар екеніне қарамастан, біз бар болғаны 15 миллионбыз. Алда ұлт үшін істейтін жұмыс көп. Біз осы орайда бірігіп қызмет етеміз деген ойдамын.

Ғабиден ЖӘКЕЙ, Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың президенті:

- 20 жылда қазақ қоғамында жаңа қозғалыс дүниеге келіп жатыр. Қазақ халқына жаңа уақыт, жаңа бағыт, жаңа буын келетін уақыт туды. Сондықтан қозғалыс ұлттық бизнес өкілдері мен ұлтшыл патриоттардың басын біріктіріп отыр. Бұл қазақтың ғана емес, барша халықтың мүддесін қорғайтын қозғалыс. Жуырда еліміздің барлық аймақтарын түгелдей аралап келдік. Мақсатымыз - аймаққа, аудан, облыс орталығына жету. Сондықтан бұл халықтық қозғалыс десем, артық айтпаспын. Алдағы жұмысты уақыт көрсетер.

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10227&Itemid=34

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478