Төтенше жағдай кезінде тұрғын үй төлемдері қалай төленеді?
Елімізде азаматтарды баспанамен қамту мақсатында көптеген игілікті шаралар жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың баспана алуына қолайы болу үшін түрлі тұрғын үй бағдарламалары жолға қойылған. Мәселен, «7-20-25», «Нұрлы жер» сынды өте көптеген мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары ел халқының ертерек баспаналы болуына мүмкіндік жаратып отыр.
Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алған тұрғындар келісімшарт негізінде ай сайын қажетті төлемдерін жасап отырады. Осы арқылы баспананың құнын он, он бес, жиырма жылла төлеп болады. Бұл әрине тұрғындар үшін тым қолайы жол болатын.
Алайда тұтас дүниені дүрліктірген коронавирус індеті біздің елді де айналып өткен жоқ. Елде бірнеше адам ауыру жұқтырып, емханаға түсті. Елде төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды. Осыған байланысты көптеген азаматтар жұмыстарынан уақытша шығып қалды. Сөйтіп, олардың табыс көзі тосылды. Ал мемлекеттік бағдарламамен алған үйлеріне ай сайын төлем жасау керек. Табысы жоқ адам төлемді қалай жасайды.
Осы мәселені басты назарда ұстаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда несие және кейбір төлемдерді кейінге шегеру жайлы тапсырма берген. Бұған біз сөз етіп отырған тұрғын үй төлемдері де кіреді.
Елдегі осынау жағдайларға бей-жай қарамаған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) Президент үндеуіне үн қосты. Анықырақ айтқанда банк карантинге байланысты уақытша қаржылық қиындыққа ұшыраған клиенттеріне 2020 жылдың 16 наурызынан кейін өтелуі керек төлемді тоқсан күнге (үш айға) шегеруге болатынын мәлімдеді.
Бұл жерде ерекше айта кетерлігі, шегерілген төлемге негізгі қарыз да, несие сыйақысы да кіретін болады. Бұл мәселе клиенттің өзі жазған өтініші негізінде жүзеге асырылатынын айта кету керек. Бұл өтініште төлемді не үшін кейінге шегеру керек болғанын сөзіз көрсету керек. Алайда банк бұл себептерге байланысты қосымша растау құжаттарын сұрамайды. Әрі төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі автоматты түрде беріледі. Бұл шара жоғарыда айтқанымыздай коронавирус таралуының алдын-алу мақсатында елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жүзеге асып отыр. Бұл туралы аталған қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады.
«Төлемді шегеру туралы өтініш 2020 жылғы 15 сәуірден бастап интернет-банкинг арқылы қабылданады. Барлық өтініш мақұлданады. Шегеруді 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдерге қатысты қолдануға болады. Онлайн-өтініш беру кезінде 2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша уақтылы өтелмеген несие төлемі болмауы керек», - деп ескертті банктің Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.
Сондай-ақ, банк төрайымы елдегі барлық тұрғынды төтенше жағдай кезінде барлық ереже талаптарға бағына отырып, мемлекет белгілеген оқшаулану талабын қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар, осындай қиын кезеңде банк бөлімшелеріне бармау керек екенін де ескертті.
Тұрғын үй төлемдерін кейінге шегеру қарыз мерзімін 3 айға ұзарту арқылы жүзеге асады. Бұл шешім клиенттерге әр ай сайынғы төлемнің көлемін тұрақты деңгейде ұстап қалуға көмектесетін болады.
2020 жылдың 16 наурызы мен 16 маусымы аралығында белгіленген уақтта өтелмеген төлемдер бойынша ешқандай да айыппұл немесе өсімпұл алынбайтынын ерекше ескерту керек. Аталған үш ай ішінде клиент негізгі қарызды және сыйақыны өзіне ыңғайлы кездеі толықтай өтейтін болса, төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтінішті бермей-ақ қойса болады. Әрі өзіне қолайлы қарыз өтеу кестесін таңдап алып, айдың кез келген уақытында несиені өтесе болады. Әрі бұл төлемдерді арнайы үйден шықпай-ақ, онлайн түрде жасауға да болады.
Үстегі жылдың 30 наурызынан бастап елдегі карантин жағдайы аяқталғанша Қазақстан Республикасы аумағындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барша филиалында клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа нұсқасына көшеді. Барлық бөлімшелерде несиенің өтініштерін қабылдау және посткредит, постдепозит сынды операцияларды қабылдау уақытша тоқтатыла тұрады.
Ерекше айта кетерлігі, осы кезеңде клиент өзі Банкке келіп, тек екі операцияны қолдана алады. Біріншісі депозитті бөлу/тоқтату арқылы ақшасын алу және сондай-ақ заемның бір бөлігін жабу және оны толықтай өтеу. Аталған қызметтерді пайдалану үшін банктің ресми сайтындағы онлайн-брондау жүйесі арқылы алдын-ала жазылу қажет. Бұдан басқа жағдайларда банк коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында клиенттеріне қызмет көрсетуден уақытша бас тартына тура келеді.
Елдегі нотариустартардың жұмысына тыйым салынбаған дайғдайда, 27 наурыз 18:00-ге дейін берілген немесе мақұлданған барша қарыз өтініші клиенттерді телефон арқылы жеке хабарласып шақыру арқылы жүзеге асатын болады. Қазіргі таңда Банк мың шамасындағы қарыз өтінішін арнайы қарастырып жатыр. Ал оның екі жүз өтініші беріліп жатыр.
Сонымен қатар, банк елдегі карантин мерзімі аяқталғанша сатып алу мен сату мәмілесін жасаспай тұруға шақырып отыр. Қарызды өтеу және депозитті толықтыру барынша ыңғайлы болу үшін қаладағы карантин режимі кезінде де ашық тұрған орындарда орналасқан төлем терминалдары жұмыс істей береді. Бірақ банк азаматтарды сауда және ойын-сауық орталығы немесе базарды іздеп қалада жүрмей ақ, қажетті төлемдерді ЖССБ 24 интернет-банкингі арқылы төлеуге шақырып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, бұл қызметті қолдануда еліміздегі барлық банктің төлем картасын пайдалануға болады.
Сөз соңында айтарымыз, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ қызметін жүзеге асыратын елдегі бірден-бір банк. Аталған ұйым еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ), оснымен қатар халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына мүше болып табылады.
Abai.kz