Рахман Алшанов: «Даниярдың сұхбатын жақсылап оқысаң...»
- «Қазақстан оралмандар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше азаматтардың бірісіз. Осы бірлестіктің жұмысы жөнінде айтып беріңізші?
- Бұл қоғамдық ұйым осыдан үш-төрт жыл бұрын құрылған болатын. Қазіргі кезде оралмандар мәселесімен айналысатын ұйымдар көп қой - солардың бірі. Негізгі мақсаты - аймақтарда тұратын оралмандарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету. Сөйтіп, азық-түлік пакетін жасап, елдің әр түкпіріндегі ағайындарға жібердік. Және жергілікті атқарушы билік орындарына арнайы хат жазып, көшіп келіп жатқан қандастарға әлеуметтік көмек жасауын сұрағанбыз. Әр өңірдің жергілікті билігі шама-шарқынша қол ұшын созды. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарына да оралман жастарға грант қарастыруды өтініп, хаттар жібердік. Ағайындардың өздерімен де неше мәрте кездесіп, әңгімелестік.
- Кейінгі кезде оралмандарға қарсылық бой көрсетіп жатыр. Осыған қалай қарайсыз?
- Қарсы шығып жатыр деу дұрыс емес. Оралмандарды орналастыру мәселесі дұрыс жолға қойылмай келеді. Ағайындарды Жаңаөзен сияқты жерлерге жібермей, керісінше, еңбек күші қажетті өңірлерге қоныстандыру керек. Жалпы бұл мәселеге жан-жақты қарау қажет.

Кезінде орыс, неміс басқада ұлт өкілдері көшіп кетіп, қаңырап қалған ауылдарды қайта жандандыру үшін оралмандарды қоныстандыруға болады ғой. Үкімет, жергілікті билік орындары қандастарымыздың жағдайын шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізуі шарт.
Мен өзім Жаңаөзенде болдым. Құмнан басқа ешнәрсе жоқ. Маңғыстау облысына оралмандарды көшіру кезінде оларды жұмыспен қамту мәселеі алдын-ала ойластырылуы керек еді. Үкіметтен берілген көмектен кейін бірнеше жыл бойы жұмыссыз жүрген отыз-қырық мың адам не істейді? Аштан өле ме? Сөйтіп, проблема туғызуы мүмкін. Бұл - оралмандарға қарсылық емес, оралмандар мәселесі реттеуде жүйелі жұмыстың жасалмай отырғандығына қарсы әрекет. Тікелей оралмандарға қарсы болып жатқан ешкім жоқ. Қай қазақ қарсы болады оған?! Көші-қонға тиісті мекемелер көңіл бөлуі керек.
- Жаңаөзендегі оқиғаға сол жерді мекендеп отырған оралмандарда бір тараптан кінәлі дегенге саятын көзқарастар байқалып жатыр. Мысалы, Данияр Әшімбаев дейтін азамат та «Central Asia Monitor» газетіне берген сұхбатында алыстан келген ағайындар жайында жоғарыда келтірген сөзімізге мағыналас пікір айтыпты. Бұған не дейсіз?
- Даниярдың сұхбатын жақсылап оқысаң, келген қандастарға жағдай жасалған жоқ. Жергілікті билік қайда қарады деп отыр ғой. Шақырдық. Адамдар бізге сеніп келді. Ал, жұмыссыз, жайсыз қашанғы жүреді. Осы мәселелер неліктен шешілмей жатыр деп, жоғарыға айтылған сөз.
- Сайып келгенде, оралмандарды орналастыру мен қоныстандыруда жүйелі жұмыс керек дейсіз ғой?
- Негізі алдын-ала оралмандардың өкілдерімен кездесіп, бірлесе отырып, қоныстануға ыңғайлы жерлерді көріп, басқа да жұмыс қолын қажет ететін жерлерді апарып аралатып, таныстыру деген секілді жұмыстар жүргізілсе жақсы болар еді. Өйткені, көшіп келушілердің осындай жағдайға тап болады да содан келіп, айқай-шу шығады. Біріншіден, оралмандар айқайламауы керек, келді бе, келдің. Кезінде кетіп қалдың, кім кінәлі? Қазіргі үкімет кінәлі ме, осында тұрып жатқан қазақтар кінәлі ме? Қарасаңыз, бізде де проблема толып жатыр. Келе салған бойда «Ойбай, сен келдің, төрге шық» деп оған кім айтады?! Ондай еш жерде жоқ. Сондықтанда үкімет пен оралмандар ұйымдары бірлесе отырып, көші-қон мәселесін ретке келтіру тиіс. Жұрттың бәрі Алматыға, Астанаға келіп, орныққысы келеді. Сосын тағы «Шаңырақ» оқиғасына тап болсақ қайтеміз?! Сол үшін жергілікті жерде оралмандардың қоныстану жағдайы шешілмейінше, үлкен қалаларда бұл проблема шешілмейді.
- Әңгімеңізге рахмет!
Рахман Алшанов, экономист
«Абай-ақпарат»