Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2068 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 06:40

Шәріпхан Қайсар. Тілдүрбелең немесе кім қалай аунады?

Сонымен қазақ тілінің заңдық әуселесінің бір тартысы аяқталып келеді. Өзгерген нәрсе жоқ, алайда, елдегі қоғамдық көңіл-күй мен ықпалдасу ара салмағында қозғалыстар жыбыры туындады. Қазақстанның саяси субъектісі Қазақ ұлты екені жұрт біткеннің есіне түсті, ойландырды, шошытты, қапа етті, ерегестірді, рухани жік түспесе де кімнің кім екені білінді, кімнің қандай қауқары бары байқалды... Алайда, мұның бәрі де қазақтарға ғана қатысты еді: орыстілді қазақ пен қазақтілді қазақтарға. Ал, орыстілді электрондық дүрлігіс негізінен жасырын күштердің жасанды әрекеті екені белгілі болды. Неге?

Себеп: қазақ тіліне қазақтілділердің бір бөлігі ғана барынша мүдделі екені байқалды. Қалың бұқара қазақтың мол бөлігі өзінің жан-күйін сездіретіндей жағдайдың жоқтығы: ақпарат кеңістігінің тарлығы мен әлеуметтік кембағалдық ахуалдың шектен шыққандығы. Қазақтілді элита өзінің бұл топқа қосылу-қосылмау мүддесі айқындалмағандығын көрсетті. Айтулы хатқа қол қойғандар мен Алматы митингісіне шыққан санаулы топты және «Қазақ тілінің мәселесін көтеру - Қазақстандағы бейбіт өмірдің оппозициясы» дейтіндерді қоспағанда.

Тағы бір себеп ол - қазақ емес этностар қандай жағдайға да саяси, экономикалық, әлеуметтік сақадай сай екені. Славянтектілердің дені  Ресейге алаңдайтыны, қариялардың жағдайы зейнетпен, басқа да керекпен қамтылғаны, ал жастардың көпшілігі Ресейге барып оқып қалатыны, сондай-ақ біршама қазақстандық азаматтардың ресейлік төлқұжатқа ие екені құпия болудан қалды. Демек, Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәселесі қазақ еместер үшін соншалықты өзекті де маңызды жайт емес, олар бұған назар аударуды ермек түрінде болмаса әлдебір күштердің ықпалымен ғана араласатыны мәлім бола түсті.

Бұл жағдай қазақ тілін жоқтаушылардың әлсіздігі деген сөз емес, бұл мәселені ашық қоюға белгілі бір объектитивтік себептердің тосқауылы барлығы байқалғанын атап өткен жөн. Оның басты негізі - қазақтардың елдегі әлеуметтік қамтылуы бойынша 7-орында екенінен хабар беретін олардың әлеуметтік құлдық жағдайында болуы. Бұл жайт теңіз толқынындай қайта айналып тегеурінді күшпен соғуы күтілетін уақыттың бар екенін білдірді. Тілдік тақырыптың әлеуметтік ізденіске апаратын жолдың бірі болу ықтималдығын көрсетті.

Басқа жағынан алғанда, тіл мүддесін жоқтаушылардың тактикасына шүбә келтіріп, оның дұрыстығына күмәнділердің көптігі де байқалды. Алайда, аталмыш тактиканы қолға алғандар оларды бір ғана сөзбен «сатқын» деп бағалап, «мәртебеледі». Бұл толқын - қазақ тілінің мүддесін осылай ғана жоқтауға болады дейтіндер. Ал, басқаша жоқтап, тіл жоғын басқаша табуға тиістілер әзірге сапқа тұрып, жүйелі әрекетке кіріскен жоқ. Мысалы, мемлекетті біртілділер (орыстілділер) басқарып, елге мемлекет қызметін бір тілмен ғана атқарып отырғандар кейпі ашылмады. Әлі күнге бұл жағдай күн тәртібіне қойылмады, маңызды сипатқа айналмады. Әлі күнге қазақ тілді азаматтардың тілдік құқы мен ақпарат тұтыну құқының аяқасты етіліп келгендігі тиісті органдар мен қоғамдық күштер тарапынан мойындалмады, айқындалмады,сарапталмады, қарастырылмады.

Елбасшының Қазақ елін көпэтносты екендігін жиырма жыл бойғы саяси доктринаға айналдырғанын, тілдік саясаттағы тұғырды біртілдік емес, үштілдік тұжырымға тірегенін әзір ешкім еске іс жүзінде алмады, базданған бұл мәселеге билік тарапынан ауа жеткізер «Аттан!» естілмеді. Бар болғаны - тілдің бар ауыртпалығын Заң ғана көтеріп, реттейді деген ойдан арылмағандар мұсалдат бастаманы жалау етті. Қоғам соған да риза болды. Тілдің жоқтаушысы табылғанына шүкір етті. Ал, бірнеше толқынға бөлініп, теңіздей толқып, әр толқынның, әр буынның, әр тараптың тілдің бір саласын қолға алу керектігінде, әркімнің өз міндетін өзі атқаруы қажеттігінде қоғамның, бұқараның саудасы болмады. Ақпараты насихатқа айналған елдің ұлттық санасы да марқаймайтынына тағы бір рет көз жетті. Заңның құзыры да, оған деген өзгеріс те демократиялық елде ғана болатынын ескеруге саналық саңылау жетіспеді... Ата заңды да, үлкенді-кішілі қай заңды өзгертсең де, демократиялық үрдісі мен дәстүрі жоқ қоғамда желдиірменмен алысқан Дон Кихоттай болатыныңды сездірмеді, әлеуметтік құлдық...

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511