Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2549 0 пікір 13 Қазан, 2011 сағат 06:10

Гүлмира Тойболдина. Рубль теңгені жұтатын кез алыс емес...

 

Үстіміздегі жылы Қазақстанның Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко Кедендік одаққа кіретін үш елге ортақ валюта енгізу және валюталық девальвацияны үш елде бір мезгілде жасау туралы ойын айтқан болатын. Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысты құжаттарға қол қоятын мерзім жақындаған сайын, рубльдің девальвациялануы туралы мәселе жиі көтеріле бастады. Егер Ресей рублі девльвацияға ұшыраса, Қазақстанның теңгесі не күйге ұшырайды?

Осы орайда ҚазТАГ жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылар рубль құнсызданған күнде де, теңгенің құнсызданбайтынын, бірақ тауар бәсекелестігі тұрғысынан Қазақстанның ұтылатыны туралы пікір білдірген. Ал Ресейдегі түрлі экономикалық басылымдар елде рубльдің құлдырауы қалай орын алатынын былтырдан бері үздіксіз талқылау үстінде. Себебі, Ресей 2008-2009 жылы рубльдің бірте-бірте құлдырауын (бізде Қазақстанда теңгенің құны күрт құлдырап, 1 АҚШ доллары бір күнде 140-145 теңгеге жеткен кезде) бастан кешіріп, әупіріммен рубльді тұрақтандыра бастағаны енді ғана. Мұнан екі жыл бұрынғы девальвация кезінде Ресей айналасы 3-4 айдың ішінде алтын қорының 30-40 пайызын жоғалтқан болатын және бүгінге дейін ол шығынның әлі толықтырылмағаны белгілі. Бір сөзбен айтқанда, алдыңғы девальвация соққысынан есін жияр-жимастан, Ресейге тағы да рубльді девальвациялау қаупі төніп тұр.

 

Үстіміздегі жылы Қазақстанның Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко Кедендік одаққа кіретін үш елге ортақ валюта енгізу және валюталық девальвацияны үш елде бір мезгілде жасау туралы ойын айтқан болатын. Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысты құжаттарға қол қоятын мерзім жақындаған сайын, рубльдің девальвациялануы туралы мәселе жиі көтеріле бастады. Егер Ресей рублі девльвацияға ұшыраса, Қазақстанның теңгесі не күйге ұшырайды?

Осы орайда ҚазТАГ жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылар рубль құнсызданған күнде де, теңгенің құнсызданбайтынын, бірақ тауар бәсекелестігі тұрғысынан Қазақстанның ұтылатыны туралы пікір білдірген. Ал Ресейдегі түрлі экономикалық басылымдар елде рубльдің құлдырауы қалай орын алатынын былтырдан бері үздіксіз талқылау үстінде. Себебі, Ресей 2008-2009 жылы рубльдің бірте-бірте құлдырауын (бізде Қазақстанда теңгенің құны күрт құлдырап, 1 АҚШ доллары бір күнде 140-145 теңгеге жеткен кезде) бастан кешіріп, әупіріммен рубльді тұрақтандыра бастағаны енді ғана. Мұнан екі жыл бұрынғы девальвация кезінде Ресей айналасы 3-4 айдың ішінде алтын қорының 30-40 пайызын жоғалтқан болатын және бүгінге дейін ол шығынның әлі толықтырылмағаны белгілі. Бір сөзбен айтқанда, алдыңғы девальвация соққысынан есін жияр-жимастан, Ресейге тағы да рубльді девальвациялау қаупі төніп тұр.

Бірақ Қазақстан экономистері ассоциациясының төрағасы Рахым Ошақбаевтың пікірінше, рубльді девальвациялауға Ресейде айтарлықтай себеп жоқ көрінеді. Ал экономика ғылымдарының докторы депутат Кенжегали Сағадиев: «Ресейліктер не ойлатынын білмеймін, бірақ біздегі, Қазақстандағы валюта тұрақтылығына төніп тұрған қауіп жоқ, елдегі қор жеткілікті. Жақын арада теңгеге қатысты қиындықтар болады деп ойламаймын. Ресей рублінің девальвациясы туралы ақпарат қолдан жасалған негізсіз ақпарат, Ресей мұндай қадамға бармайды (?!) деп ойлаймын», - дейді.

Дей тұрса да, бүгінгі Кедендік одақтың шеңберіне шырмалған Қазақстан үшін Ресей экономикасында орын алатын үлкен өзгерістер бізге қатыссыз өтуі мүмкін емес. Бәлкім, Қазақстанның бас банкирі осы қауіптен құтылудың бірі жолы ретінде «ортақ валютаны» төніп келе жатқан қатерден қалқан көрген шығар.

Ал біздің көршіміз әлдебір жасанды валютаның емес, елдің экономикалық мүмкіндіктерінің күшімен девальвация тегеурінін тоқтату төңірегінде ашық әңгіме көтеруде. Біз болсақ, осыдан екі-үш жыл бұрынғыдай «дағдарыс бізге соқпайды» деп, жайбарақат отырмыз. Ресей мен Беларусь валюталық девальвация туралы былтырдан бер айта бастаса, биылғы жылдың басында Григорий Марченко айтқан сөз жоғарыдағыдай болып шықты.

Ал бұл кезде Ресейдегі Экономикалық даму министрлігі 2012 жылы рубль күрт құлдырамайды, бірақ 2013-2014 жылдары мұндай қауіп бар екенін айтып, уақытты «сырғытқан» болады.

Ресейдің Банк төрағасы Сергей Игнатьевтің: «Қаржы нарығында ағымдағы төлем балансы азаяды, соған орай жақын арада рубль әлсізденеді. Бұл менің пікірім емес, бұл қаржы нарығы күтіп отырған құбылыс» деген сөзі біраз жайдың бетін ашып тастаған сияқты. Қаржы нарығы күтіп отырған девальвация макроэкономикаға да тікелей қатысты. Қазір әлемдік экономика қиын жағдайды басынан кешіріп отыр, алда тағы да экономикалық дағдарыстар орын алады, энергетикалық қуат көздерінің бағасы құлдырайды деп күтілуде.

Бүгін Қазақстандағы теңгенің тұрақтылығы біздегі мұнай қорына тікелей байланысты екені анық. Ресей де өз бюджетінің негізгі бөлігін мұнайды сыртқа сатудан түскен қаржыдан құрайды. Оның бізден бір айырмашалығы - көршіміз өз мұнайына өзі ие болып отырған мемлекет. Қазір Ресейде сыртқа шығарылатын мұнайдың бір баррелі 109 доллар болып тұр. Сарапшылар болжағандай бұл 80 долларға дейін төмендейтін болса, онда Ресей рублінің тұрақтылығы тығырыққа тірелді деген сөз. Ал Қазақстан жағы да мұнай бағасының күрт өзгеруінен зардап шегерін біле отыра, «әзірге теңге тұрақтылығына қауіп жоқ» деп, жалпақ жұртқа жаймашуақ болашақ орнатқылары келеді.

Жалпы, девальвация көп жағдайда мемлекетте алтын қоры азайған кезде орын алады. 2008-2009 жылы Ресей айналасы 3-4 айдың ішінде алтын қорының 30 пайызын жоғалтқанын шетелдік басылымдар жарыса жазған болатын

Бір сөзбен айтқанда, түрлі ақпараттар мен пікірлерді сараптағанда, Ресейді рубль девальвациясы күтіп тұрғаны айқындала түседі. Бір кезде ұлттық валютасы бір күнде 20 пайызға құлдырап кеткен Беларусь алдағы болар девальвацияға аса сақтықпен қарап отыр. Экономист Сергей Чалый: «Енді орын алатын девальвацияны халыққа, экономикаға пайдалы етіп жүргізудің жолдарын іздеу керек», - дей келіп, девальвацияны кейінге шегерген сайын, қаржы нарығы күрделене түсетіні туралы айтады. Экономикалық зерттеу Орталығының директоры Алексей Михайлов: «Егер мемлекет экономикалық дамуды тездеткісі келсе, егер елде жұмыссыздық етек алса, қуатты өндірістер толық жұмыс істемей тұрса, ұлттық валютаны күрт құнсыздандыру керек», - деген пікірде!

Ең таңғаларлығы - Кеден одағына кірген елдің екеуі девальвация туралы жар салып, жақ-жақ болып айтысып жатса, бізде теңгенің тұрақтылығына төніп тұрған қауіп жоқ көрінеді! Есесіне, бізді жоспарланбаған девальвация күтіп тұр екен!

Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік заңдарына бағынған күннен бастап, Ресей мен Беларусь қандай экономикалық дағдарысқа, не өзгеріске ұшыраса, бұл бізді де айналып өтпейтін болады.

Белгілі экономист Қанат Берентаевтың пікірінше, Марченко көрсетіп отырған жол - сырт қарағанда қарапайым әрі түсінікті көрінеді. Бірақ мемлекет үшін, ұлттық валюта үшін пайдасынан зияны басым нәрсе! Қазірге дейін экономикалық кеңістікке кіруге тиіс үш елдің арасында қалай бірлесіп жұмыс істеу саясаты шешілген жоқ. Мұндай жағдайда Марченконың «девальвацияны үш елде бір мезетте жүргізуі керек» дегені ешкімге де жақсылық әкелмейді. Себебі, девальвация жасау қажеттілігі кезінде әр елдің ішкі экономикалық жағдайы мен себептері ескерілмейді. «Мәселен, Ресейге бұл қажет, ал Қазақстанға қажет болмаса да, Қазақстан теңгені девальвациялауға мәжбүр болады. Бұл енді өзге елдің ыңғайына қарай жығылу болмақ!» дейді белгілі экономист. Біздіңше де, бұл - біреу құдыққа құлады екен деп, оның ізін ала қойып кетумен бірдей жағдай! Ал халық үшін азық-түлік пен коммуналдық шығындардың, тұтыну тауарлары мен киім-кешектердің, т.с.с. қымбаттаған үстіне қымбаттауы болып шығады.

Мұнан екі жыл бұрын теңгенің құнсыздануы кезінде азық-түлік - 3,3%, дәрі-дәрмек - 5%, ал тұрмыстық техника бірден 25-30% қымбаттағанын, сырттан әкелінген импорттық тауарлар мен импорт аралас отандық өнімдердің бағасы шарықтап кеткенін ел әлі ұмыта қойған жоқ. Одан бергі жағдай бұрынғыдан да ушыға түспесе, оңалмағаны айдан анық. Оған ең бірінші кезекте елдегі қып-қызыл қымбатшылық дәлел болса керек.

Қанат Берентаев ұсынатын жол - әр елдің өзінің макроэкономикалық саясатын сақтап қалу жолы. Мұндай кезде, мемлекет өзінің валютасына қатысты мәселені өз бетінше шеше алады. Бұл үшін ұлттық валютадан өзге есепайырысу бірлігін жасауға болады. Оның банкнот түрінде болуы міндетті емес. Бұл теориялық тұрғыдан әлдеқашан жасалған, дайын тұрған қағида.

«Ал Марченконың айтқанымен жүрсек, девальвция мәселесінде Ресейге ілесуге тура келеді. Бұл біріміз сүрінсек, өзгеміз түгел сүрінеміз деген сөз, мұның несі жақсы?!» - дейді экономист

Қазақстан үкіметіне онсыз да тұралап тұрған нарық жағдайын сақтап қалу үшін, рубль мен теңгенің арасындағы айырмашылығын қалай жабу керек деп бас қатыруына тура келеді. Қазақстан теңгенің долларға шаққанда құны қанша болатынына қарамастан, теңгені девальвациялауға мәжбүр болады. Егер Қазақстан ешбір әрекетке бармаса, Ресейде рубль құлдырап, бізде шығарылған тауарлардың құны сырттан әкелінетін тауар құнынан әлдеқайда қымбатқа айналады. Яғни, Қазақстан тауар бәсекелестігінде қатты ұтылысқа ұшырайды. Мұндай жағдайда біз екі бірдей соққының астында қаламыз, біріншіден, тауар қымбат болған соң, оны алушы да азаяды, бұл тауардың көлемінің азаюына әкеліп соғады, жергілікті кәсіпкерлер кәсібін тоқтата бастайды, арзан тауарлардың нарықты жаулап алуы ағымдағы төлем тепе-теңдігін тығырыққа тірейді.

Енді қазір Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың о бастан не саяси, не экономикалық алғы шарттары болмағаны туралы айттың не, айтпадың не?! Өткен әлемдік дағдарыстың біздегі жарасы әлі күнге дейін қансырап тұрған шақта теңгені мықтай алмай отырып, біреудің жыртысын жыртпақшымыз ба?

Ресей рублі құлдырауға ұшыраса, теңгенің, яғни Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің басына су құйылғалы тұр. Ал одан әрі саяси тәуелділіктің де ауылы алыс емес...

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 34 (117) 12 қазан 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534