Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2159 0 пікір 17 Қазан, 2011 сағат 03:16

Нұрлыбай Қошаманұлы. Көшелер кейпі: жанға батқан жарнамалар

Соңғы жылдары Қазақстан қалаларының көшелерінде арақ - шарапты, бояу-сояуды, азық-түлікті, түрлі өнімдерді, жалаңаш қыздардың бейнесін жарнамалаған жазулар көбейді. Бұл да біздегі нарықтың ерекшелігі, қалай жарнамаласаң да өз еркің «есектің артын жусаң да мал тап» дегені. Бұған бас қатырып жатқан мемлекет жоқ. Бұл өмірдің қызығы  - жалаңаштану, арақ ішіп, киіну, қарын тойдыру дегендей, тек қана ақша сұрап, пайда табуды, нәпсі қууды көздеген мұндай жарнамалар қоғамды аздырмаса, жақсылыққа тәрбиелемейді. Өкінішке қарай, осындайда үлкен тәрбие мектебі - сөздік қорымыздың бір саласы халық педагогикасының інжу-маржаны мақал-мәтелдер мен ұлы адамдарымыздың даналық сөздерінің қолдану аясының тарылып, ұмыт қалып бара жатқаны ойлантады. Қазіргі қоғамның рухани азғанының белгілері осы екенін сезінбейміз. Мұны көре білетін оқу-ағарту саласының мамандары мен бүгінгі мұғалімдер қауымы да үнсіз.

Сондай-ақ, соңғы жылдары бүгінгі атқарушы билік Қазақстан қалаларын, қала берді бүкіл аудан, ауыл көшелерін президенттің жолдауымен, портретімен, саяси ұрандармен көркемдеуді әдетке айналдырған. Билік қоғамды рухани аздырушы әлем-жәлем жарнамалар мен жазуларға қарсы тұра алар идеологиялық құрал тек қана президентіміздің жолдаулары деп түсінетіндей.

Соңғы жылдары Қазақстан қалаларының көшелерінде арақ - шарапты, бояу-сояуды, азық-түлікті, түрлі өнімдерді, жалаңаш қыздардың бейнесін жарнамалаған жазулар көбейді. Бұл да біздегі нарықтың ерекшелігі, қалай жарнамаласаң да өз еркің «есектің артын жусаң да мал тап» дегені. Бұған бас қатырып жатқан мемлекет жоқ. Бұл өмірдің қызығы  - жалаңаштану, арақ ішіп, киіну, қарын тойдыру дегендей, тек қана ақша сұрап, пайда табуды, нәпсі қууды көздеген мұндай жарнамалар қоғамды аздырмаса, жақсылыққа тәрбиелемейді. Өкінішке қарай, осындайда үлкен тәрбие мектебі - сөздік қорымыздың бір саласы халық педагогикасының інжу-маржаны мақал-мәтелдер мен ұлы адамдарымыздың даналық сөздерінің қолдану аясының тарылып, ұмыт қалып бара жатқаны ойлантады. Қазіргі қоғамның рухани азғанының белгілері осы екенін сезінбейміз. Мұны көре білетін оқу-ағарту саласының мамандары мен бүгінгі мұғалімдер қауымы да үнсіз.

Сондай-ақ, соңғы жылдары бүгінгі атқарушы билік Қазақстан қалаларын, қала берді бүкіл аудан, ауыл көшелерін президенттің жолдауымен, портретімен, саяси ұрандармен көркемдеуді әдетке айналдырған. Билік қоғамды рухани аздырушы әлем-жәлем жарнамалар мен жазуларға қарсы тұра алар идеологиялық құрал тек қана президентіміздің жолдаулары деп түсінетіндей.

«Ұлағаты мол бір ауыз сөз» - дейді қазақ. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ата-баба мирасы халықтық афоризмдер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер қашан да өмір тәжірибесін екшеп, оның ең нәрлі түйінін ұсынады. Халық педагогикасы, бабалардан қалған ұлағатты сөздер жастарды ұлтын, тілін сүюге тәрбиелейді. Идеялық мазмұны жоғары даналық афоризмдері ұрпақтың логикалық ой-жүйесін дамытуда, тапқырлыққа баулуда баға жетпес қазына. Олай болса ендігі жерде шешендік сөздерге үнемі көңіл бөліп, идеологиялық құрал, рухани жан азығымыз ете білу уақыты келген секілді.

Сол себепті де дәуірдің үздік үйлесімімен екшеленіп шыққан үрдіс даналық сөздерді қазіргі ұрпақ тәрбиесінде батыл да, кеңінен пайдалануды жедел қолға алуымыз керек. Мәселен: «Ырыс алды-ынтымақ», «Отан үшін еңбек етсең, халық сені құрмет етер, созған қолың көкке жетер», - деген түйіндер достыққа, гуманизм мінезіне тәрбиелеуде зор ықпалы бар. Халқымыздың ежелден қастерлеп келе жатқан  асыл қасиеттерінің бірі адалық пен шыншылдық. «Адал түбі-кеніш, арам түбі-реніш», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бой жаздырмайды», бірінің зияндылығын, екіншісінің жақсы қасиет екенін, екеуінің біріксе бір жерге сиыспайтындығын айтады.

Қоғамның қозғаушы күші - жастар. Осы уақытта адамның қоғамдық белсенділігі артып, сана-сезімі шыңдала түседі. Өмірден әркім өз онын табуға тырысады. Қоршаған ортасына сын көзбен қарай бастайды. «Жұмыссыз жүрген жастың жүргені сөкет», деп, жастаға қызығы мол толысқан шағыңды сандалмай өткіз, қоғамға пайда келтір, өйтпеген жағдайда оның орнын еш уақытта толтыра алмайсың дегені. Бозбалалық кезеңнен соң өмірдің кемелдік шағы басталады. «Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аспассың» - деп, белсенділігіңді көрсет, қоғам жұмыстарына белсене аралас дейді.

Үлкенге еліктеу, ақыл сұрау, үлкенді сыйлау қашаннан да ата дәстүріміз. Бұл туралы «Көпті көрген қария, ағып жатқан дария» десе, сөйте тұра, «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» - деп, кәрінің бәрі бірдей емес, жан-жағына сезімталдықпен сергек қарап, өмірден көргені мен түйгені көп қарияларды құрмет тұтып, солардан үлгі алуға шақырады. «Аталар сөзі-ақылдың көзі» - деген, үлкендеріміздің өмірдегі тәжірибесі әркезде де өскелең ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпес қазына болды. Қашанда халқымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді халықтың осы бөлігі ақсақалдарын қатыстыра отырып, бірігіп талқылап, ақылын тыңдап, шешім шығаруды дәстүрге айналдырып келді. Оқу білімге қатыстылары да қаншама.

Сұлтанмахмұт ақын: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» - деп, ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір басына жинаған рухани әкеміз Абайдың аталық сөздері мен өсиеттерін оқы, ол сан буынның өмірлік азығы, таусылмас үлкен тәрбие мектебі дегенді айтады. Абай: «Атымды адам қойған соң қайтіп надан болайын» - деп, Алла жаратқан жер бетіндегі барлық хайуан мен мақұлықтың, жалпы тірлік иесінің ішіндегі ең жоғарғы жаратылысы ол - «Адам» екенін айтады. Баршамызға «Алла» берген, тек қана Адамға тән ерекшелік естілікті, асыл қасиеттерді жоғалтпай, қастерлеуге шақырады. Бір ғана «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген сөздің өзі кез келгеннің есін жиғызып, тәубесіне келтіріп тұрар еді. Сондықтан Алланың сөзіне иланып, адамнан емес, бір Алладан ғана тілек сұрайық.

Тілге қатысты айтар болсақ: «Қайран сөз, қайран тіл-наданға қадірсіз» - деген Абай сөзін жастарымызға ана тіліңді игер, қастерле деген осындай ғибрат болар сөздерді ұғындыра бермейміз. Қазіргі кездегі қала көшелеріндегі бей-берекетсіз арақ-шарап пен түрлі өнімдерді жарнамалаған жазулардың, саяси ұрандардың берері, танымдық мәні жоқ. Үйде де, түзде де, мектепте де балаларымыз бен жастардың есіне салып отыратын ұлағат басы осындай даналық сөздер мен мәтелдер емес пе.

«Қазақ тілі ең бай тіл», деп кеудемізді кергенде ешкімді алдымызға салмаймыз. Олай болса, тілі көркем-сөзі маржан, талайларды (шетелдіктерді) таңдай қаққызған қазақтың аталы сөздерін қаламыздың алаңдары мен көшелеріне жазып, айналамызды үлкен тәрбие мектебіне неге айналдырмасқа?! Ұрпаққа өсиет болатын - өрелі азаматтарымыздың ұлағатты сөздерін, фразеологиялық теңеулерін жастарымыз тек қана мектептен ғана емес, көшеден көріп, көңіліне тоқып, жадына жаттап жүрулері керек. «Бала тәрбиесі шешесінен, қала тәрбиесі көшесінен». Біз қала көшелерінде тіліміздің мәртебесін көтеріп қана қоймай, оны аздыратын арзан жарнамаларға қарсы тұра алатын идеология мектебіне айналдыра білгеніміз дұрыс.

Қорыта келгенде көшелерімізді тәрбие басы бабалар сөзімен көркемдеуіміз қажет. Ана тіліміздің байлығын мүмкіндігінше толық меңгеріп, осындай жолмен ұрпақтан ұрпақтың санасына сіңіре беру біздің міндетіміз. «Жанашырын таппаса, жақсылық қанатын жаймас» - қазақ тілінің қат-қабат байлығын осылай насихаттай бермесек, ертеңгі күні кеш болады. Себебі осының барлығын айтып отыратын баяғыдағыдай от ауызды, орақ тілді қарттарымыз да азайып барады. Біздің қоғам табиғаттағы азайып бара жатқан өсімдік, жан-жануарлардан бастап құрт-құмырсқа, бақа-шаянға дейін қамқорлыққа алып, қызыл кітапқа кіргізіп жатқанда ана тіліміздің ұмыт болып жоғалуға айнала бастаған сөз маржандарына дәл осындай қамқорлық жасай алмағанымыз ба? Халық педагогикасының небір алпыс астарлы иірімдерін бүгінгі қауымға ұдайы насихаттаудың ең ұтымды жолдарының бірі - осында жатыр. Қала тәрбиесі көшеден - біздің жастарымыз қазақтың тәрбиелік сөздерін көшеден де оқып, жадында жаттай берулері керек.

Көтерілген мәселелер түптеп келгенде қазақ тілінің қызметін арттыру, оның күнделікті қолдану, таралу өрісін кеңейту, беделін көтеру проблемасына саяды. Мұндай жарнамаларды жазумен жеке мекемелер, әрине, айналыспайды. Бас пайдасы мен ақша қуған олар үшін бұл тірлік тиімсіз. Айтарымыз, мұнымен бюджет қаржысына жұмыс жасап отырған мемлекеттік тіл мәселесімен айналысуға тиісті мемлекеттік мекемелер, жергілікті әкімшіліктер мен тіл комитеттері айналысуы керек демекпіз. «Уақытында айтылмаған сөз - уақ сөз». Сондықтан да кешеуілдете бермей халқымыздың даналық сөздерін жаңа заман ағымына сай жаңаша уағыздауды қолға алғанымыз абзал.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

Ақтөбе

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524