Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2028 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 09:13

Қалдар БЕК. Тоқсанбайды қойып, Қырықбайларға зар болып қалмаймыз ба?

«Тоқсанбай, Сексенбайларды былай қойып, бүгінде Жетпісбай мен Алпысбайды кездестіру мүмкін болмай қалды. Егер ерлердің мәселесіне бүгін назар аудармасақ, ертең-ақ бұл үлкен мемлекеттік мәселеге айналады», - дейді уролог мамандар. Өйткені Қазақстанда әрбір үшінші ер-азамат дәрігердің көмегінсіз ұрпақ жалғастыруға қауқарсыз. Бұл туралы Б. Жарбосынов атындағы Урология орталығының бас директоры Мырзакерім Алшынбаев мәлім етті. Оның айтуынша, «Ер-азаматтардың денсаулығы күні» акциясы барысында тексеруден өткен 24 мың еркектің 30 пайызының ұрықсыздыққа шалдыққаны анықталған.

Демографиялық ахуалды әйелдер ерлерсіз-ақ оңалтатындай, әйелдер жайы­на баса назар аударыппыз да, ерлер жайын ұмытыппыз. Нәтижесінде ерлер арасында бедеулік белең алған. Бүгінде әйелдермен қатар, бедеулік ерлер ара­сында да күрт өскен. Ал жастар арасындағы бедеулік 20 пайызды құрап отырған көрінеді. Бұл - дәрігерлердің ресми дере­гі.

Өткен ғасырдың 70-жылдарындағы ресми деректерге көз жүгіртсек, бедеулік әйелдер арасында 3-5 пайызды құраса, ерлер арасында 1 пайызға да жетпеген екен.

Мырзакерім АЛШЫНБАЕВ, Урология орталығының бас директоры:

- Біз Қазақстанда тексеруден өткізген, анкета жүргізген 24 мың ер- азаматтың 56-60 пайызы әр дәрежедегі эректильді дис­функцияға шалдықса, 30 пайызы - ұрық­сыз. Ал әлем статистикасында эректильді дисфункцияға шалдыққан ер-азамат­тардың тек 8 пайызы ғана дәрігер көмегіне жүгінеді. Ер-азаматтар дәрігерге көрінуге ұялады. Әйелдер жиі-жиі гинекологке барып, өз денсаулығын тексертеді. Қа­зақстанда әйелдер денсаулығына қатысты бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Ал ер-азаматтардың денсаулығына қатысты Қазақстанда ешқандай бағдарлама жоқ.

2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу мақсаты тұр. Егер біз осы мақсатқа жетеміз десек, еркектерге арналған бағдарлама қабылдап, ерлер денсаулығымен айналысатын арнайы орталықтар ашуымыз керек.

Ләйлә АХМЕТОВА, «Ер-азамат» дағ­дарыс орталығының төрайымы:

- Біз бүгін әкелердің проблемасына баса назар аударуымыз қажет. Ер-аза­маттарға тек ақша табушы, сыртқы проб­лемаларды шешуші ретінде ғана қарау дұрыс емес. Бірінші кезекте ол бала тәрбиесімен де айналысып, отбасындағы әкенің рөлін көтеріп, Қазақстандағы әкенің бет-бейнесін қалыптастыруымыз қажет.

«Ресми деректерге сүйенсек, соңғы 20 жылда халық саны Өзбекстанда 7-8 миллионға, Түрік елінде 2 миллионға өскен. Ал Қазақстанда мұндай табиғи өсім болған жоқ. Дәл осы қарқынмен кетер болсақ, 2020 жылы халық саны 18 мил­лионнан аспайды», - дейді уролог маман.

Ерлерге арналған орталық ашу мәселесі 2008 жылы көтерілген екен. Орталық ашуға Астана қаласынан жер де бөлініпті. Алайда құжаттар әлі күнге қаралу үстінде көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл ТМД-да теңдесі жоқ орталық болмақ. Бірақ қазірше бұл қағаз бетінде ғана.

Мамандарды қатты алаңдатып отырғаны - тепсе темір үзетін жас жігіт­тердің «бедеулік» деген дерт алдында дәрменсіз болуы. Тексеруден өткен, отбасын құрып үлгермеген жастардың 52 пайызы перзент сүйгізуге қауқарсыз болып шыққан. Қалпақтылардың қанында ер­кектік гормондар, яғни тестерон жетіспейді. Әрбір екінші ер-азамат жүрек-қан тамырлар аурулары, сусамыр, со­зылмалы жыныстық ауруларға шал­дыққан.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры, биология ғылымының докторы:

- Біздің орталық бедеулік мәселесімен тікелей айналысады. Соңғы 10 жылда ерлердің ұрықтандыру қабілетінің төмен­деп кеткені байқалып отыр. Қазір қолдан ұрықтандыруда донор мәселесі пайда болды. Зертханалық тексеру жасаған кезімізде көп жағдайда ерлердің ұрығы жарамсыз екені анықталып жатады. Ең басты алаңдатарлық мәселе - жастар арасындағы қабілетсіздіктің белең алуы. Салыстырмалы түрде қарар болсақ, бүгінде 50 жастағы ер-азамат ұрығының жарам­дылығы 25 жастағы жігіттерге қарағанда жоғары. Яғни бұл жастар арасында бедеуліктің белең алып бара жатқанының көрінісі. Демек, жастар дәрігерлік тек­серілуден жиі өтіп тұрулары тиіс. Бұл дерт дер кезінде анықталса, көп жағдайда оны емдеп жазуға болады.

Мамандар жастар арасында бедеуліктің жоғарылау себебін экологиямен және жыныстық қатынасқа ерте барумен, салауатты өмір салтын сақтамаумен сабақтастырып отыр. Олардың айтуынша, жастар 14-15 жастан бастап махаббат ләззатын татады. Тәжірибесіздіктің кесірінен әртүрлі созылмалы жыныстық ауруға шалдығып, соңында бедеулікке әкеліп соқтырады.

Урологтер белсіздікке ұшыраған ер-азаматтардың 90 пайызын емдеп жазуға болатынын айтады. Сондықтан да олар «әрбір емханада дәрігер-гинеколог сияқты ерлер денсаулығын қадағалайтын андрологтер де отыруы қажет» дейді.

Дерек

Әртүрлі жастағы ер-азаматтарды анкеталық тексеруден өткізу барысында олардың 56 пайызынан әртүрлі кезеңдегі бедеулік ауруы анықталған. Оның ішінде 8 пайызы бедеуліктің ауыр формасына шалдыққандар. Жыныстық жолмен жұғатын аурулармен ауыру салдарынан бедеулікке бой алдырғандар - 43 пайыз. Ал отбасын құрып, перзент сүйе алмай жүрген отбасылар 16 пайызды құрап отыр. Негізі, бұл көрсеткіш 15 пайызға жеткенде қатерлі болып саналады.

Автор: Қалдар БЕК

http://www.alashainasy.kz/society/28336/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483