Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2895 0 пікір 19 Қазан, 2011 сағат 06:16

Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА, Қазақстанның халық ақыны. «АҚҚА АРА ТҮСУ – БІРЛІКТІҢ, ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ»

- Әселхан апа, Сіз айтыс өнерінің ыстығына күйіп, суығына тоңып, сол ұлттық болмысымызбен бітеқайнасқан төл өнеріміздің қайта жандануына көп үлес қосқан азамат-ақынсыз. Бұл күндері өзіңіз сахнадан көрінбей кеткеніңізбен айтыс өнерінің даму барысын қарап, бақылап отыратын шығарсыз?

- Әрине, айтыс мен үшін де, менің айтыстағы әріптес құрдастарым үшін де өте ыстық. Себебі біздер айтыстың жандануы үшін жанымызды салып еңбек еттік, тер төктік. Манап, Көпбай сынды алдыңғы буын ағалармен  қатар жүріп, солардан үйренгенімізді, алғанымызды кейінгі буын інілерге, сіңлілерге жалғадық. Енді біздерден алған аманатты кейінгіге сау-саламат жеткізу бүгінгі айтыскерлерге міндет. Біз айтысқа адал болдық. Ата-бабадан жеткен аманат-өнерге қиянат жасамадық. Біз айтысқа қанша адал болсақ, айтыс та бізге сонша адал болды. Біздің атымызды шығарып, абыройымызды асқақтатты. Халыққа, елге құрметті етті. Мен өзім ойлаймын, менің айтысқа бергенімнен гөрі айтыстың маған бергені көп болды деп. Әрине, бұл Құдайдың бергені ғой. Құдайдың бергенін көпсінуге де болмайды. Бұл көпсінгенім емес, еңбегімнің еселеніп қайтқанына шүкіршілігім.

Айтыстың бәрін көріп, қадағалап отырамын деп айта алмаймын. Бірақ мүмкіндігімше көруге тырысамын. Жетістігіне сүйінем, кемшілігіне күйінем.

- Ал айтыстың бүгінгі деңгейіне көңіліңіз толады ма?

- Қазір айтыс көп, бір себептен содан да болар, беделі түсіп кетті. Өзі не нәрсе көп болса, соның қадірі кете бастайды ғой. «Егер түннің бәрі Қадір түні болса, Қадір түнінде қадір қалмас еді», дейді Сағди. Жалпы Құдайдың Өзінің бұйрығына сәйкес Ұлықтығы шексіз Ұлық Алланы мақтап, пәктеп, зікір етуді ғана өте көп айту керек. Қалған нәрсенің бәрінің де өлшемі, шегі болуы қажет деп білемін.  Екіншіден, «Ақша жүрген жерде албасты жүредi» деген сөз бар. Менiңше, айтыс қазiр соның кебiн киiп жүр. «Айтыстың мән-мағынасы қай кезден бастап кете бастады?» деп көп ойланамын.  Сөйтсем, ол тура жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге дүние беруден басталыпты. Мұным «ақындарға түк бермеу керек» деген сөз емес. Бiздiң ақындар айтысқа бәрiн алдын-ала есептеп баратын сияқты. «Финалға дейiн мыналарды айтсам, финалда мынаны айтамын» деп, 20 минуттан аспайтын айтыс үшiн сөздерiн есептеп алады. Бәрiнiң де бiреуге бiрдеңе деп жауап қайтара алатындай шамасы бар, арасында соны пайдаланады. Содан кейiн «пәлен уақыт дайындалып едiк, түк алмадық» дейтiн немқұрайдылық та басымдау сияқты. Бiзде ондай болған жоқ. Жүрсiн қанаты бар домбыраның суретi басылған Алғыс хатты дайындап қояды, соның 1-шi дәрежелi дипломын алсақ мәз болып қайтамыз. Одан өзге ештеңе берiлмейтiн. Есесіне ақындардың ынтымақ-бірлігі мықты болатын. Бір-біріне болысып, бір ақын жақсы сөз тауып айтса, соны өзіміз айтқандай болып қуанушы едік. Әсия, Қонысбай, Әбдікерім, Есенқұл, т.б. ақындармен сол риясыз достық арамызда әлі сақталған. Ал қазіргі ақындардың арасынан мұндайды байқай бермейсіз. Қазіргі ақындардың бірліктерін кетіріп отырған бәйгеге тігілген автокөліктер мен дүние. Осы қу дүние тіпті кейбір айтыскерлерді ұлт руханиятының дұшпанына айналдырған сыңайлы.

Сұхбаттың толық нұсқасын haq.abai.kz сайтынан оқи аласыздар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5486