Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 19 Қазан, 2011 сағат 17:44

Ұлтаралық қатынастар институтын құру – Қазақстан таңдаған жол, деп есептейді ҚХА

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. Сәрсенбі күні «Қазақстан халқы ассамблеясының» (ҚХА) ұйымдастырумен өткізілген «Қазақстан - тұрақтылық мекені» атты дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан тәуелсіздік жылдары этносаралық негіздегі қақтығыстан, қоғамның жіктелуінен аулақ болды деп мәлімдеді.

«Еліміздің басындағы ең күрделі жылдары президент Нұрсұлтан Назарбаевтың данышпан саясатының арқасында Қазақстан этносаралық қақтығыстарға ұрынған жоқ», - деді ҚХА хатшылығының меңгерушісі Әлия Тұрсумұратова.

«Қазақстанның өзінің ерекшелігін ескерсек, әлемдегі бір де этносаралық қатынастар үлгісі бізге келмейді», - деді ҚХА-ның оңтүстік аймақтағы өкілі, «Этнос-Форум» ҚБ Ғабит Нұрәділов.

Оның айтуынша, әлемде ұлтаралық мәселені шешудің үш үлгісі бар. Біріншісі - «елде негізгі назарды әлеуметтік және экономикалық проблемаларға аударып, этносаралық мәселелер жоқ деп, көзді жұмып қарау». Бірақ, бұл жағдайда даму болмайды, деп есептейді ол. Екінші жол - «билік елден басқа этностарды ығыстыру, елде моноұлттық мемлекет құру саясатын ұстанған» жол. Ғ. Нұрәділовтың пікірінше, бұл жол Қазақстанға жарамайды.

«Үшінші жол - бұл жол қазір біздің бара жатқан және достастық елдеріне үлгі ретінде көрсетіп жүрген жол. Бұл жол билік пен мемлекет ұлтаралық қатынастар институтын құру, дәстүрлерді, мәдениетті, осында мекен еткен этностардың ана тілін сақтау  жолы, азаматтық қоғам құру жолы», - деді Ғ. Нұәділов.

Қырым татарларының этномәдени бірлестігінің төрағасы Сеит Бабалиев атап көрсеткендей, қазақ халқының қайырымдылығы мен қолдауынсыз, бүгіндері Қазақстанда мекен ететін этностар жаппай департация кезінде өздерінше жерсініп кете алмас еді. Оның айтуынша, 1944-1948 жылдары аштық пен аурулардын 144 мың 704 адам көз жұмған. «Егер қазақ халқы болмаса, егер олар қабылдамаса, баспана беріп, бір үзім нанын бөліспесе адамдар одан да көп қырылар еді», - деді С. Бабалиев.

Ол сондай-ақ ағымдағы жылы 14 қарашада күштеп жер аударылған халықтарға қолданылған қуғын-сүргін актілері заңсыз деп тану туралы Жоғарғы кеңес декларация қабылдануының 22 жылдығы екенін атап өтті.

«Бүгінге Қазақстан территориясында мекен ететін 130 этностарға өздерінің мәдени орталықтарын ашу, тілдерін, мәдениетін дамыту мүмкіндіктері берілген», - деді ол.

«Қазақстан этностары қазақ халқымен бірге өздері де дамыды. Барлығының тегі әр түрлі болғанымен біздердің барлығымыз білім алуда, жұмыс істеуде, жасампаздық пен Қазақстан Республикасының дамуына қатысуда бірдей құқығымыз бар», - деп атап көрсетті С. Баблиев.

0 пікір