Коронавирус көлік нарығына қалай әсер етті?
2020 жыл басталғалы үш жарым ай ғана өтті. Жыл басталғалы жағымсыз жағдайлар аз болған жоқ. Соның бірі – covid-19 пандемиясы мен мұнай бағасының күрт құлдырауы, доллардың көтеріліп, теңгенің құнсыздануы т.б. Індеттің жаппай таралуына байланысы елдегі көп қала карантинге жабылды. Сәйкесінше, бұл жағдайлар елдегі тұтынушылық нарыққа да теріс әсерін тигізбей қоймады.
Жуырда «kolesa.kz» сайты covid-19 пандемиясы еліміздегі көлік нарығына қалай әсер еткені туралы шолу жасапты.
Валюта бағасымен бірге елдегі автосалондарда бағалар көтерілді. Ал карантин басталғаны сатып алу мен сату тек іс жүзінде ғана жүргізіле бастады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орындары (спец-цон) жабылды. Демек, жаңа көлікті есепке қою да мүмкін емес деген сөз. Алғаш рет автокөлік сатып алатын адамдар үшін жалғыз таңдау қалды. Ол – қайталама нарық (вторичный рынок). Себебі қолдан сатып алынған автокөліктерді сатып алушының және сатушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда онлайн түрде қайта рәсімдеуге болады. Айтпақшы, өткенде сол ЭЦҚ-ны да онлайн беретін болды.
Алайда, бұл мүмкіндікті пайдаланып жатқандар шамалы көрінеді. 26 наурыздан 13 сәуірге дейін «egov.kz» порталынан 2 мыңға жуық көлікті қайта рәсімдеген екен. Ал бұрын ХҚКО-тары ашық кезде, бұл сан айына 100 мыңға дейін жететін. Яғни, айына 100 мыңға жуық көлік тіркелетін. Егер қазіргі жағдай өзгермесе, онда жақын арада көлік нарығында сұраныс азайып, көліктер бағасы айтарлықтай төмендейді, деп болжайды сарапшылар.
«Toyota Camry»
«Кolesa.kz» сайтындағы сұранысқа ең көп ие, бірнеше жылдан бері ресми нарықта ең көп сатылатын және хабарландырулар саны бойынша көш бастап келе жатқан көлік маркасы – «Toyota Camry» екен.
2018 жылы шыққан жаңа «Toyota Camry 70» маркалы көліктің орташа құны 2020 жылдың басынан бері өзгермеген. Ақпан айының ортасында болған аз ғана өзгерісті қоспағанда, ол 0,6 % шегінде болды. Яғни, 12,5 млн. теңге деңгейінде, ал хабарландырулардың басым бөлігінде 12-14 млн. шамасында болды.
Ал «Toyota Camry XV50» рестайлингі жыл басынан бері наурызға дейін 0,1-ден 0,6%-ға дейін қымбаттады. Егер айдың алғашқы күндері баға - 9 млн. теңге болса, ай соңына қарай 9,2 млн.-ға дейін жетті. Тіпті «Toyota Camry 30» маркасы шамамен 7,3%-ға қымбаттады.
Toyota-ның тағы бір танымал моделі – «Toyota Land Cruiser Prado». Хабарландырулар арасынан ең көп ізделген марка – 2007 жылғы «Prado». Бұл көліктердің құны 2020 жылдың басынан бастап толқын тәрізді өзгерді. 6-27 қаңтар аралығында баға 8,1-ден 8,5 миллион теңгеге дейін өсті. Ақпан айында 8,3 миллионға түсті. 23 наурызға қарай баға біртіндеп өсіп, 8,7 млн. теңгеге жетті.
«Hyundai Accent»
2015 жылы елімізде ең көп сатылған автокөлік «Hyundai Accent» болды. Бүгін сатылымда 2014 жылы шыққан седандар жиі кездеседі. Олардың орташа құны жыл басынан бері өсті. Егер қаңтар айының басында баға көрсеткіші 3,8 миллион теңге төңірегінде болса, бүгінде ол – 4 миллион, яғни баға 3,8 пайызға артты.
«ВАЗ-2114»
Қазақстан нарығында сондай-ақ ресейлік өндірістің ең танымал автокөлігі де қымбаттап кетті. Жыл басынан бері 2013 жылы шығарылған «ВАЗ-2114» көлігінің орташа бағасы 1 475 300 теңгеден 1 510 200 теңгеге дейін өсті. Айта кету керек, хабарландырулардың жартысынан астамында шетелдік есепте тұрған автокөліктер көрсетілген, оларды сатып алуды тиімді инвестиция деп айту қиын.
«Daewoo Nexia»
Такси жүргізушілері жиі тізгіндейтін өзбек өндірісінің седанын да қымбатшылық айналып өтпеді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2012 жылы шығарылған «Daewoo Nexia» автокөліктері 5%-ға қымбаттады.
Ескі көліктер
Жиырма жылдан астам уақыт жүргізілген автокөліктер санатында да орташа құнның өсуі байқалады. E34 шанағындағы «BMW 525» маркалы темір тұлпардың бағасы 1 899 000-нан 2 085 600 теңгеге дейін (+9.8 %) артқан.
«Volkswagen Passat» (B3) биылғы жылдың басында орташа есеппен 893 900 теңгеге (1991 жылы шығарылған көліктер) бағаланды. Наурыз айының басында баға 916 500 теңгеге дейін көтерілді, ал бір айдан кейін бірден 5%-ға – 962 500 теңгеге дейін өсті.
Ал қазақстандық автопаркте кеңінен танымал «Audi 100» (1991 жылғы C4 шанағында шығарылған автокөліктер) қаңтар айынан бастап тек 20 мың теңгеге ғана, яғни 1,5%-ға қымбаттаған.
Көріп отырғанымыздай, АҚШ долларына қатысты теңгенің қаңтар айында 382 теңгеден сәуір айының басында 448,52 теңгеге дейін әлсіреуі жаңа автокөлік нарығына ғана емес, сонымен қатар қайталама нарыққа да әсер етті. Шынымен де, егер курс 17 %-ға өскен болса, көлік бағасы айтарлықтай азайған. Бірақ жағдай карантинді алып тастаумен және бұрынғы тіркеуді жаңартумен өзгермейді, дейді сарапшылар.
Дайындаған Назерке Алтайқызы
Abai.kz