Тариф саясаты – өзекті мәселе
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат» тарауында Үкімет пен әкімдердің бірлесіп атқаратын жұмыстарының қатарына жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері тапсырылғаны белгілі. Оның тиянағын келтірумен қатар, үнем мен ұқыптылық мәселелері де күн тәртібіне өткір қойылды. Соның дәлелі қуат көзі мен су, жылу, тағы басқа коммуналдық қызмет түрлерін үнемді әрі ысырапсыз пайдалану бағытындағы алғашқы нәтижелер жемісін бере бастағандығы.
Энергетикалық қауіпсіздік бүгінде ең өзекті мәселе десек, желілердегі энергия шығындарын азайту үшін электр және жылу жүйелерін жаңалау едәуір шығынды құрайтыны анықталған.
Электр қуатын үнемдеу бағытында «ТАТЭК» АҚ бес жылда біраз жетістіктерге жетіпті. Облыс аумағында акционерлік қоғамның 2 290 электр станциясы бар. Бүгінгі таңда электр сымдарын жаңғырту басты міндет саналса, облыста жалпы 12 мың 900 шақырым электр сымдарының 25 пайызы ғана жаңартылған.
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат» тарауында Үкімет пен әкімдердің бірлесіп атқаратын жұмыстарының қатарына жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері тапсырылғаны белгілі. Оның тиянағын келтірумен қатар, үнем мен ұқыптылық мәселелері де күн тәртібіне өткір қойылды. Соның дәлелі қуат көзі мен су, жылу, тағы басқа коммуналдық қызмет түрлерін үнемді әрі ысырапсыз пайдалану бағытындағы алғашқы нәтижелер жемісін бере бастағандығы.
Энергетикалық қауіпсіздік бүгінде ең өзекті мәселе десек, желілердегі энергия шығындарын азайту үшін электр және жылу жүйелерін жаңалау едәуір шығынды құрайтыны анықталған.
Электр қуатын үнемдеу бағытында «ТАТЭК» АҚ бес жылда біраз жетістіктерге жетіпті. Облыс аумағында акционерлік қоғамның 2 290 электр станциясы бар. Бүгінгі таңда электр сымдарын жаңғырту басты міндет саналса, облыста жалпы 12 мың 900 шақырым электр сымдарының 25 пайызы ғана жаңартылған.
Табиғи монополияларды реттеу бағытында жеке субъектілерге жүктелер міндет ерекше. Әсіресе, тариф саясатын тұрақты іске асыру үшін инвестиция тарту аса маңызды. Тариф саясатындағы жаңа әдістердің экономикалық тиімділігін түсінген тұтынушылар үш, екі деңгейлі сараланған тарифтерге ауысуда. Мәселен, облыстағы көп қабатты тұрғын үйлер саны 3 100 жуық. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелердегі жылыту мен электр жүйесін жаңғырту, қайта құруға қомақты қаржы қажеттігі айқындалып, жұмыс жүйелі жалғасуда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен қуат көзін, суды үнемдеуге қатысты тариф саясатына орай Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов қатысқан жиын Талдықорғандағы Тіл сарайында өтті. Оған Алматы қаласы мен облыс аумағын электр энергиясымен қамтамасыз етуге міндетті мекеме басшылары, әкімдік, қоғамдық бірлестік және пәтер кооперативтері, табиғи монополия субъектілерінің өкілдері жиналды.
Жиында қаржыны инвестиция және жаңа енгізілген тарифтер есебінен өндіру жайы ортаға салынды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы өңір басшылығы алдына тың міндеттер қойып, өңірде электр қуатын, жылу мен суды үнемдеу үшін сараланған тарифтерді енгізу барысында желілердегі энергия шығыны жыл санап азайғанын нақтылады.
Бұған дейін шаһардағы электр желілерін жаңғырту, жаңалау және қуат көзін үнемдеуге қатысты жұмыстармен танысқан агенттік төрағасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов жиналғандарды күн электр қуатына қатысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудағы қолға алынған жұмыстармен жан-жақты таныстырды. Расында да ел экономикасы нығайған қазіргі кезде аталған саладағы қордаланған мәселелердің шешімін табуына, тозған су, жылу, электр желілерін қайта жасауға мүмкіндігінше қаржы бөлінгеніне нақты дәйектер келтірді.
Биыл ескі көп қабатты үйлерді күрделі жөндеу қолға алынса, тұрғындардың коммуналдық қызметтерді тұтынуын реттеу мақсатымен жаңа есептегіш құралдары орнатылуда. Нәтижесінде өңірде саладағы ысырапқа жол бермеу мақсатындағы Алматы облысында жаңа есептегіштерді орнату арқылы ыстық су 86,3, суық су 82% пайызды құрапты. Осылайша үнем мен нақты есеп арқылы ысырапқа жол берілмегенін айтуға болады. Былайша айтқанда еліміз бойынша өткен жылы нормативтік ысыраптарды болдырмау нәтижесінде 3,2 млрд. теңге, нормативтен тыс ысыраптарды төмендетуден 1,5 млрд. теңге үнемделген.
Жалпы екі жаққа да тиімді бастаманың алғашқы қадамы нәтижелі деуге болады. Агенттік төрағасы екі және үш сараланған тарифтік тиімділігі жайлы айтты. Өткен жылы осы жаңғыртуға байланысты өңірде қуат көзін тұтыну тиімділігі 137,2 млн. теңге болса, өткен тоғыз айда бұл көрсеткіш 246,9 млн. теңгені құраған.
Облыс жұртшылығы нормативтік-техникалық ысыраптарды төмендетуден 19,8 млн. теңге, оның ішінде қуат көзі 7,1 млн. теңге, су 6,2 млн. теңге, жылу 6,5 млн. теңге көлемінде үнемдеп, тарифтер бойынша тұтыну тиімділігі артқаны дәлелденген.
Тариф саясатының тиімділігі өңірдің әр аймағынан да байқалады. Мәселен, жаңа әдісті қолдану арқылы Қапшағай қаласында судың үнемі 158,3 мың текше метр немесе бір тұтынушыға шаққандағы оның мөлшері 307 литрді құраған.
Агенттік төрағасы жиынға қатысушыларға жаңа тарифтерді қолданудың пайдалы жақтарын әр тұтынушыға жеткізу қажеттігін де тапсырды.
- Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана шамамен 248 млн. кВт/сағ электр энергиясы үнемделген. Бұл мөлшер халықтың барлығы тұтынатын электр энергиясы көлемінің 2,3 пайызын немесе 62 мың тонна көмірді құрайды. Және тұтынушылар қалтасынан 3,2 млрд. теңгенің үнемделгенін көрсетеді. Жыл сайын осындай үнемге қол жеткізетін болсақ, енді, бірер жылда бұл бағыттағы жұмыс нақты нәтиже береді, деді.
Жиында Алматы қаласы мен Жетісу өңіріне қуат көзін жеткізуші «Алматы - ЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Михаил Гамбургер сараланған жаңа тарифтерге көшудің пайдасын тұтынушылардың көре бастағанын және электр қуатын тұтынудың осы әдісіне көшкендер саны күрт артқанын жеткізді. Мәселен, 2009 жылы аталған компания қызмет көрсеткен тұтынушылардың 12 мыңнан астамы екі тарифтік есептегіш арқылы төлеп келсе, биылғы тоғыз айда олардың қатары 21 мыңнан асқан. Осы орайда «Алматы - ЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Самұрық - Энергоның» қосалқы кәсіпорны ретінде тариф саясатын тұрақты іске асыруды көздеп, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарын жан-жақты атқарып отырғанын көреміз.
Өңірде 2020 жылға дейінгі белгіленген жұмыстарға ғана 125 млрд. теңге қажеттігі есептелген. Бұл суды қоспағандағы қаржы. Ал суды қоса есептегенде 240 млрд. теңге қажет. Қомақты қаржыны мемлекет қоржынынан ғана алу мүмкін емес. Демек, қазіргі кезде қаржыландырудың үш көзі: мемлекеттік бюджет және жаңғырту жұмыстарына жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды тарту міндеті алда тұр. Сондай-ақ, жеке инвесторларға жағдай туғызу арқылы ортақ іске жұмылдыру қажеттігі алға қойылған.
Кеңесте басқа да мүдделі тұлғалар ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. «ТАТЭК» АҚ вице-президенті Владимир Педан, «Алатау ЖарықКомпаниясы» АҚ президенті Мұхит Үмбетов, «Жетісусуқұбыры» ҚМКК директоры Валерий Ким, Талдықорған қаласындағы ПИК қауымдастығының төрайымы Людмила Красикова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ретке келтіру, құны аспандаған коммуналдық қызметтерді үнемдеу арқылы бағаны тұрақтандыру төңірегіндегі ұсыныстарын айтып, пікір бөлісті.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов жиынды қорытындылап, тұтынушылардың жаңа тарифтерді қолдану арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу жолдарын нақтылап, жауапкершілікті күшейтуді міндеттеді.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.