Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
5074 0 пікір 31 Мамыр, 2020 сағат 19:21

Алматы облысы: Саяси қуғын-сүргін күніне орай 86 онлайн шара өтті

31 мамыр елімізде жалпыхалықтық аза тұту күні. Дәл осы күні алаш баласы өткен жүзжылдықтағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрмет көрсетеді. Тарихтан белгілі қолдан жасалған ашаршылық зұлмат заманда 1,5 миллионнан астам қазақтардың өмірі қиылды. Ал, 600 мыңы тарихи отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Налалы қазақ жалалы болып, 1,5 млн адам Қазақстанға күштеп жер аударылды. Елбасы жарлығымен осынау қастерлі күн 1997 жылдан бастап саяси қуған сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Бұл шешім тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал етті. 

Алматы облысында Елбасының тапсырмасымен 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талғар ауданы Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап мұражай ашылды. Ел мүддесі жолында қудалау көріп, жазықсыз атылып кеткен 4 мыңнан аса боздақ дәл осы жаңалықта жерленген. 

Ерлердің өшпес ерлігін айғақтайтын мекенде бастапқыда ескерткіш орнатылған болатын. Кейін мемориалдық кешенге жақын маңдағы аумақты қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Сондай-ақ, мұражайдан 100 метр қашықтықта қаза тапқандардың бейіті орналасқан.   Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімі тапсырмасымен салынған теңдессіз мұражай аумағы 635 шаршы метрді құрайды. Құрылысына жергілікті бюджеттен 260,3 миллион теңге бөлінді. Құнды жәдігерлер топтастырылған экспозиция үш залдан тұрады. Атап айтсақ, «1916 жылдан 1986 жылға дейінгі Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихы», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Реквиемі», «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы және оның қызметі сынды бөлімдері бар. 

Бірінші және екінші залдарда: оның экспонаттары 1930-1950 жылдардағы қуғын-сүргін, атап айтқанда аштық, террор, депортация туралы баяндайды.  Алматы облысы бойынша тұтқындалған, қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған адамдардың істердің көшірмелері қойылған. Сондай-ақ, қара мәрмәрдан жасалған стелада қазақтардың, татарлардың, ұйғырлардың, орыстардың, еврейлердің, атылған және Жаңалық ауылында жерленген қазақтардың 4125 аты-жөні, олардың жеке заттары бейнеленген. Үшінші залда «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының қызметі туралы баяндалады. 

Айта кету керек, карантинге байланысты қуғын-сүргін күні ерекше форматта тойланды. Алматы облысында 86 шара онлайн түрде өтті.  

«Мән маңызы жоғары, ел үшін құнды азалы күн елеусіз қалмайды. Өйткені, біз үшін, ұрпағымыз үшін өткенді есте сақтау, тарихи мұраны білу, оған ұқыпты қарау және жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді есте сақтау маңызды», - деді Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев. 

Мысалы, Текелі моноқаласында «Тарих – ғасырлар куәсі» атты ақпараттық көрме, «Тарих пен тағдырдағы іздер» атты әдеби кеш, 31 Мамырда «халықтың Суровая драмасы» атты онлайн концерт ұйымдастырылды. Панфилов ауданында 18 мамырдан бастап жазықсыз сотталғандар мен өлтірілген адамдарды еске алуға арналған бейнеролик көрсетілді, сондайқ-ақ, суреттердің көрмесіне онлайн шолу жүргізілді. Жаркент қаласына кіре берісінде барлық санитарлық нормаларды ескере отырып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Көксу ауданында «Зұлмат жылдар зардабы» атты онлайн кітап көрмесі, деректі фильмдер, инсториялық, ақпараттық сағаттар, «Жазықсыз жапа шеккендер» театрландырылған қойылым болды. Осындай онлайн кездесулер, әңгімелер, дәрістер мен онлайн сағаттар Жетісу өңірінің барлық аудандары мен қалаларында өтті. 

Айман Асыл 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963