Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 16240 8 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 17:19

Қазақ енді жерленбейді, өртеледі...

Бір ақиқат дүние, қазақтың саны аз, жері үлкен. Кейбір деректерге қарасақ, қазақ жері қазіргідей 18 жарым миллион халықты емес, бірнеше жүз миллион халықты асырауға байлығыда, кеңдігіде жетеді-мыс. Көңілді серпілтер дүние-ақ.

Алайда сол дала, қазақ үшін, жалпы осы елді мекендейтін өзге жұрт үшінде тарыла бастағандай. Әсіресе ірі шаһарлардың маңында жер тапшылығы қатты сезіле бастаған. Өзгесін былай қойғанда, адамдарды жерлеу үшін жылына бәленбай гектар жер керек екен. Ал, оны шешудің ең бір оңтайлы жолы крематорий салу. Қысқасы дүниеден өткендерді арулап жерлемей-ақ, өртеп жіберу. Осылайша жерді экономдау.

Соның дәлелі ретінде биыл Алматыда адам өртейтін крематорий салынады. Әзірге оның жобалық құжатын әзірлеуге 46,8 млн тенге бөлініп қойыпты. Құрылыс жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс. Ал, келер жылдан бастап, адамды өртеп, күлге айналдыру жұмысы басталмақ. Сәл таратып айтар болсақ, бұл мәселе Қазақстанда 1987 жылдан бері айтылып келеді. 2004 жылы Алматы әкімдігі крематорий салу мәселесін шешіп қойған екен. Бірақ оны жүзеге асыруға дәті жетпеді ме, бір нәрсе кедергі болды ма, білмедік. Ал сол мәселе биыл шешімін таппақ.

Крематорий қазаққа жат. Крематорий дегенде көз алдымызға фашистердің концлагері һәм ондағы түтіндері будақтап адамдар өртеліп жатқан пеш елестейді. Үрейлі-ақ. Енді Алматыда сол жағдай қайталанбақ па?

Айтылар уәж мынау: Алматы халқы жылдан жылға көбейіп, өсіп келеді. Өмірден өтетіндерде (жылына 7-8 мың адам) көп. Ал оларды жерлеу үшін қаншама гектар алқап керек. Қазір жер қат. Осы тапшылықты шешу үшін амалсыз крематорийге жүгіну қажет. Міне мәселе қайда жатыр!

Жалпы біз кез-келген нәрсені науқанға айналдырып жіберуге бейіл тұратын елміз ғой. Айтқымыз келгені, егер Алматыда крематорий салынса, ертең осыны көрген өзге қала басшылары жер мәселесін шешеміз деп жаппай крематорий салуға ден қойып кетпей ме, деген қорқыныш. Онда, түптің түбінде аруақтарға құран оқып, бет сипайтын молаларда қалмауы мүмкін-ау.

Бір белгілі жайт, Алматы крематорийінің қызметі: жер тапшылығын шешіп қана қоймайды, медициналық мекемелердегі биоқалдықтарды, жыл сайын жүздеп дүниеден озатын қаңғыбас бомждарды, қаңғып өлген иттермен мысықтарды т.б өлекселерді өртеп, инфекция таралмалуына жол бермеу. Бап гәп осыда жатса керек-ті.

Тағы бір мәселе, адам жерлеген алқапты қайтадан пайдалану үшін кем дегенде жарты ғасырдан астам уақыт қажет. Яғни жер қойнауына тапсырылған биомассаның ыдырауынада сонша уақыт керек. Ал крематорийде бұл мәселе бір сағаттың ішінде шешіледі. Ал қайта пайдалануға жіберілген адам жерленген алқаптар үй салуға келмейтіні белгілі. Тек саябақтар болмаса.

Осы орайда айта кетер бір жайт, мәселен Алматыдағы «Фэмили парк», «28 панфиловшылар паркі» кезінде молалардың үстіне салынғаны анық. Мұнымен біз жұртты шошындырайық деп отырған жоқпыз.

Айтайық дегеніміз өзге, яғни, крематорий жаппай науқанға айналып, аруақтарға құран оқып, бет сипайтын зираттар қалмай қала ма деген үрей.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529