Бейбіт Қойшыбаев. Тіл үшін күрестегі балалар үлесі
«Ана тілін ұмытуға Кеңес өкіметі кезінде орысша сөйлеуге құмар болған қазақтардың өздері кінәлі» деген уәж бүгінде әредік естіліп қалады. Астарлы ұлт саясатының қазақ тілін шектеп, қолданыс аясын мүлдем тарылтуымен қоймай, оны қорғауды ниет еткендерге түрлі қысым көрсетуді дағдыға айналдырғаны қаперге алынбайды. Алайда тіл үшін күрес кеңес заманында да түрлі деңгейде, түрлі тәсілмен жүргізілген болатын...
1975 жылғы 26 қазанда республикалық балалар газеті бетінде «Достық неден басталады?» деген тақырыппен кішкене оқырмандарды пікірлесуге шақырған мөлтек әңгіме жарық көрді. Содан бастап балалардың мәселеге үн қосқан хаттары газеттің 1976 жылғы 25 сәуірге дейінгі бірнеше нөмірінде «Ашық әңгіме сағаты» айдарымен жарияланып жатты. Пікірталас Алматыдағы мектептердің бірінде арнайы талқыланып, қорытындыланды. Сондағы үлкен әңгімеге ілік болған алғашқы мақала мынау:
Жақында мен аялдамада екі баланың ренжіскеніне кездейсоқ куә болдым.
- ...Ех, Темір, сені де пионер дейді-ау, - деді бірі күйгелектеніп. - Ұялмай-қызармай, жоспарды күйреттің!
Темір сабырмен:
- Күйреген түгі жоқ, - деді. - Маған артқан міндеттеріңді кез келген оқушыға сеніп тапсыра беруге болады, бәрінің қолынан келеді.
- Достықтан кеттім десейші, мейлің онда! - деп кесіп тастады оны наразы жолдасы.
Бұртиып, өр кескінмен кері айналып жүре берді.
«Ана тілін ұмытуға Кеңес өкіметі кезінде орысша сөйлеуге құмар болған қазақтардың өздері кінәлі» деген уәж бүгінде әредік естіліп қалады. Астарлы ұлт саясатының қазақ тілін шектеп, қолданыс аясын мүлдем тарылтуымен қоймай, оны қорғауды ниет еткендерге түрлі қысым көрсетуді дағдыға айналдырғаны қаперге алынбайды. Алайда тіл үшін күрес кеңес заманында да түрлі деңгейде, түрлі тәсілмен жүргізілген болатын...
1975 жылғы 26 қазанда республикалық балалар газеті бетінде «Достық неден басталады?» деген тақырыппен кішкене оқырмандарды пікірлесуге шақырған мөлтек әңгіме жарық көрді. Содан бастап балалардың мәселеге үн қосқан хаттары газеттің 1976 жылғы 25 сәуірге дейінгі бірнеше нөмірінде «Ашық әңгіме сағаты» айдарымен жарияланып жатты. Пікірталас Алматыдағы мектептердің бірінде арнайы талқыланып, қорытындыланды. Сондағы үлкен әңгімеге ілік болған алғашқы мақала мынау:
Жақында мен аялдамада екі баланың ренжіскеніне кездейсоқ куә болдым.
- ...Ех, Темір, сені де пионер дейді-ау, - деді бірі күйгелектеніп. - Ұялмай-қызармай, жоспарды күйреттің!
Темір сабырмен:
- Күйреген түгі жоқ, - деді. - Маған артқан міндеттеріңді кез келген оқушыға сеніп тапсыра беруге болады, бәрінің қолынан келеді.
- Достықтан кеттім десейші, мейлің онда! - деп кесіп тастады оны наразы жолдасы.
Бұртиып, өр кескінмен кері айналып жүре берді.
- Қызықсың, Заман...
Темір оның соңынан сәл ұмтыла бере, тұрып қалды. Тоқтатуға тырыспады. Анау жедел қадаммен тротуарды бойлап кете барды. Бұл терең бір тыныстады да, ақырын жүріп, көше жиегіне - менің қатарыма келді.
Бойымды әуестік билеп, Темірді әңгімеге тарттым. Ол өзінің ақылды және ептеген мұңлы көздерін маған тура тастап:
- Біздің кейісімізде еш құпия жоқ, - деді. - Бар мәселе, әшейін, менің КИД-ке мүше болудан бас тартқанымда.
- Неліктен? - деп таңырқадым мен.
Темір үндемей қалды. Біртүрлі ойлы пішінде бетін сипады. Мен шыдаммен жауап тостым. Бір кезде Темір:
- Ағай, сіз интернационалдық достықты қалай түсінесіз? - деп сұрады.
Мен жымидым. Әр ұлт балалары арасындағы тату қарым-қатынас, бауырлас ұлттар мәдениетін, тарихын оқып-үйрену, - деп, бұл мәселе хақындағы жалпылама білімімді айтып шықтым. Ол басын изей тұрып тыңдады. Сосын:
- Ендеше, клубтың түбегейлі мақсаты да балаларды интернационалист етіп тәрбиелеу ғой, - деп бір тоқтады.- Ал біздің КИД-тің бар бітіретіні - басқа республика пионерлерімен хат жазысу ғана. Мен сол себепті оған мүше болғым келмейді.
- Хат жазысу сол негізгі мақсатқа жетудің жолы емес пе?
- Даңғыл болса да, пайдасы шамалы жол, - деді ол байсалды үнмен ересектерше. - Мен сізге бір нәрсе айтайын. Жақында біз жаңа мектепке көшіп кірдік. Жүзінші мектептің дәл қасында, еңселі, әдемі. Есіміз шыға қуанып жүрміз. Қуанғанымыз сондай, бізге көршілеріміздің көрсеткен «сыйын» елең қылмадық: әлі күнге шейін төрт-бес қу бала бар, ұрланып келіп, ашық терезелерден ішке небір қоқыстарды лақтырып кетеді. Ол аздай, үзілістерде, алаңда бірге ойнап қалғанда көрші мектептің балаларының кейбірі «олар да өзіміз тәрізді пионерлер» бізді мазақтап сөйлейтінді шығарды. Ұстаздарымыз да, біз де ондайларды тәртіпсіз, бүзықтар деп есептеп, қолды бір-ақ сілтейміз. Ал сонымыз дұрыс па? Меніңше, себеп тереңіректе жатыр. Ол - біздің интернационалдық достық клубымыздың өз орнын таба алмауында. Иә, бізге бірінші кезекте мектепаралық достықты жандандыру керек. Мен өз басым, ағай, мына алтын ережені пір тұтам: ұлтыңды сүю арқылы ғана интернационалист бола аласың. Замана талабы - өзіңнің және ұлы орыс халқының тілі мен мәдениетін қос-қабат игеру. Ал орыс құрбыларымыздың біздің тіліміз бен мәдениетімізді үйренуге ұмтылуы - қазақ халқына деген құрметтерінің жарқын көрінісі... Ағай, кешіріңіз, автобусым келіп қалды...
Темір жүгіріп барып автобусқа мініп кетті. Менің көкейімде көп сауал қалып қойды. Соның бірі: «КИД-тің жұмысын жақсартуға неге өзің ықпал жасамайсың?». Әдейі газет бетінен сөйлеп тұрмын, бәлкім, ол оқып жауабын хатқа жазар.
Осыған редакциядан мынадай сауалдар қосып басылды: Балалар, егер осы әңгіме пионерлік жүректеріңді тебірентер болса, бірлесіп талқылайық. Интернационалдық достық клубының жұмысы сендерде қандай жолға қойылған? Темірдің пікіріне, ой топшылауына қалай қарайсыңдар? Мүмкін, интернационалдық достық клубының міндеттері, істейтін жұмыстары бойынша кең көлемде кеңескеніміз жөн шығар? Клубтарыңда теориялық мәселелерді - лениндік ұлт саясатының мән-мазмұнын, «социалистік интернационализм», «интернационалдық парыз» деген ұғымдарды оқып-үйренесіңдер ме? Интернационалдық достыққа өз тұрмыстарыңнан қандай мысалдар келтірер едіңдер? Сонымен, сұхбатқа сұрақ көп, келіңдер, сырласайық!
Содан кейін, редакцияға келген мына екі хатты біз қызыға оқьш шықтық та, оқырмандарымыздың барлығына таныстырғанды жөн көрдік.
Солтүстік Қазақстан облысынан Сәния Орынбекова: - «Достық неден басталады?» атты мақаладағы Темір деген баланың пікірлері маған ұнады, - деп жазды. - Әсіресе, интернационалист туралы ұғымы тиянақты екен. Әттең, соны менің Алма деген құрбым түсінсе... Алма екеуіміздің танысқанымызға бес-алты жыл болды. Біздің мама-папаларымыз дос адамдар, сондықтан біз қалаға барған сайын олардың үйіне, олар біздікіне келіп, араласып тұрамыз. Екеуіміз кәдімгідей-ақ доспыз, сонда да менің көңілімде жүрген бір түйткіл бар, соны айтпақпын. Алма құрбымның бір «ғажабы» - қазақша сөйлемейді. Аздап түсінеді, бірақ сөйлемейді. Бірде оған өзімнің кітапханамдағы «Батырлар жырын», ертегілерді, «Алдаспанды», «Ақберенді», Абай, Махамбеттерді көрсетіп, пікірлеспек болдым. Өкінішке қарай, Алма оларды оқымапты. Оқуға ниеттенбейтінін де сездірді. Бақсам, ол, міне, онжылдықты бітіргелі тұрса да, ана тіліндегі бірде-бір кітап, газет-журналды оқып көрмепті. Сонда қалай болғаны?
Менің ағайым айтады, интернационалист болу оңай емес дейді. Егер өз ұлтыңды жақсы көрумен ғана шектелсең, ұлтшылдыққа ұрынғаның дейді. Ал егерде интернационалдықтың белгісі осы екен деп, түп-түгел орысша боп, өз тілің мен мәдениетіңді ұмыт қалдырсаң - тексіздік, яғни космополиттік арнасына түскенің дейді. Темір де осылай ойлайтын сияқты. Мен оған қосылам. Интернационалдық достық клубтары осы мәселеге басты көңіл бөлсе...
- «Қазақстан пионерінің» №86 санындағы «Достық неден басталады?» деп аталатын мақаланы оқып, ыза болғаным сондай, сіздерге тезірек хат жазғанша шыдай алар емеспін, - деп жазды Ғабиден Рашитов. - Біздің класта қайдағы кісі түсінбес аспани сөздерге құмар «данышпан» бар еді, әнебір Темір дегеніміз тура сол екен. Түймедейді түйедей қылатынын айтам-ау! «Көрші мектептің балалары қоқыс лақтырады» дейді, «мазақтайды» дейді, сөйтеді де «оның себебі терең, себебі - КИД-тің өз орнын таба алмауында» деп, тап бір ғұламаша тұжырым жасайды. Күлкілі!
Мысалы, мен орыс мектебінде оқитын Тимурик деген көршімнің арқасына талай мәрте білдірмей қылжақ суреттер салынған қағаздар жапсырып жіберіп жүрдім. Алайда мен оны жек көрмеймін. Шынымды айтайын, мен оған қызығам. Өйткені ол орыс тілінде сайрап тұр. Андерсеннің, Дюманың, тағы басқа менің түсіме де кірмейтін жазушылардың кітаптарын оқиды. «Бірінші кезекте мектепаралық достықты жандандыру керек» депті Темір. Қызығын қараңыз. Немене, сондайлық біз қас па екенбіз?
Өз басым реті келген жерде Тимурикті қаншама қағытып жүрсем де, мен онымен, не ол менімен жауыққан емеспіз. Бірге ойнаймыз, киноға да серіктесіп барамыз. Балалардың бәрі солай. Демек, Темір - әншейін даңғой, «ұраншыл» бала. Егер мен онымен ауызба-ауыз тілдессем, бұдан да көп кемшіліктерін бетіне басқан болар едім.
Достық жайлы ой қозғалған әңгімені балалар қызу талқылай бастады. Оқушылардың төмендегі пікірлері аталған тақырыпты күн тәртібіне шығарған «Ашық әңгіме сағаты» айдары аясында бірнеше рет топтап берілді:
Жамбыл облысы Свердлов ауданынан Сағира Бекбердиева: - Алма сияқтылар бізде де кездеседі. Олар өз ана тілін қадірлей білмейді. Орысша сөйлеуді «мәдениеттілік» деп ұғады. «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!» - деген Расул Гамзатовтың сөзіне мән бере білсе ғой солар! Мен ойымды ақын Қадыр Мырзалиев ағаның:
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Басқа тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деген өлеңімен айтқым келеді. Нағыз интернационалдық достықтың бастауы - осында.
Орал облысы Чапаев ауданынан Гүлнәфиса Дүйсенғалиева: - Сәнияның досы Алманың қазақша білмеуіне ыза боп отырмын. Ондайлар қала түгіл, ауылда да бар. Екі тілді араластыра былықтырып сөйлейтіндері қаншама! Соларды көрген сайын қаның қайнайды. Қайтерсің, олар бұл хатымызды оқи да алмайды ғой. Мені Сәнияның пікірі көп ойландырды, бірақ жақсы түсіне алмадым. Ал Ғабиденнің бетке тік айтатын қасиеті ұнады, мекенжайын жазып жіберіңіздерші.
Петропавл қаласынан 9-класс оқушысы Бекен Ертаев: - Қайтсін Алма? Біле білсеңіздер, орыс мектептерінде жүретін қазақ тілі пәні сауат ашарлық дәрежеде де өтпейді. Оған шет тілінен де аз көңіл аударылады. Мен айтайын сіздерге, орыс балалар ол пәнді тіпті менсінбейді. Анық білем. Аулалас балалардан білем.
Алматы облысы Кеген ауданындағы «Құрмет» орта мектебінен Күлихан және Күлина Отарбаевалар: - Интернационалдық достық жайлы басқандарыңызды біз де қызыға оқып шығып, енді сіздерге тезірек хат жазуға асығып отырмыз.
Сәнияның хатын көргенде қырғыз ақыны Байділдә Сарғонаевтың:
Ана тілін білмеген -
Ақылы жоқ, желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас, - деген өлеңі есіме орала берді. Алма әлі де қазақша үйренсе, кеш емес шығар?
Пікірталас осылай жер-жердегі мектептерде жас жеткіншектердің интернационалистік парызы, сезімі, достығы жайлы үлкен әңгіме арқауын көтеріп әкетті. Интернационалдық достық клубының ісін тек хат жазысумен ғана шектеуге қарсы Темір, мектепаралық достықты жеңіл түсінген Ғабиден, ана тілін естен шығарған Алма, ұлтаралық достықты бағалай білмейтін Тазагүлдер жайлы ойлар оқушыларды ортақ пікірге келуге шақырды. Жер-жерде оқушылар өз пионер ұйымдарында, сыныптарында талқылап жатты. Ал Алматыдағы № 12 мектепте № 2 мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен өткен жиын бірнеше айға созылған диспутты қорытындылады. Осы жиыннан «Қазақстан пионері» газетінің арнаулы тілшілері Алпысбай Шымырбаев пен Рахымбай Ханалиев фотосуреттермен безендірілген үлкен репортаж жүргізді. Балалар ұстаздарымен бірлесе талқылап, шынайы интернационалдық достықты қалай түсіну керек екенін айқындасты.
Не керек, газет көтерген мәселе өрімтал оқырмандардың көңілінен шықты. Бірақ...
***
Бірақ оқушыларды шынайы иитернационалист бола білуге баулуды мақсат еткен газет бетіндегі диспут арам ойлы «саясатшылдардың» әсіре белсенділігін қоздырған еді. Түпкі мақсаттары бөлек сол мысықтілеулілердің бұдан 35 жыл бұрынғы әрекеті және оның салдары мынандай болды...
Бір күні жасөспірімдер журналында істейтін жігіт ағасы бөлмеме келіп, «Қазақстан пионерінің» тігіндісін сұрады. Көрсеттім. Балалар хаттарының газетте жарияланған топтамасын мұқият оқыды да: «Қызметкерлерің сені «саяси қате жіберді» деп жүргенге қарасам, жай даурықпа екен ғой», - деді. Ұзамай белгілі болды: редакциямыздағы «көреген» (ол өзі сол «саяси қате» кеткен нөмірге кезекші редактор болған-тын) тапқан «жаңалығын» елге жайып қана қоймай, тиісті орындарға түрлі әдістермен келістіріп сыбырлаған екен. Комсомол мен партияның орталық комитеттерінің тиісті басқару буындарындағы азаматтар сыбырлауықтың көздеген жерінен шықты. Өздерін марксизмді білмей-ақ «марксиспін» деп есептейтіндер үшін бұл «жай даурықпа» емес екен...
Газеттегі пікірталасты ұйымдастырушы да, жүргізуші де өзім болғандықтан, бар тексеруге жауап беруді мойныма алдым. Комсомолдың орталық комитетінің мектеп бөліміндегі қызметкер топтаманы жоғарғы жақтарға орысшаға аударып беріпті, маған ағынан жарылып, жарияланымда «ұлтшылдық барын» айтты. «Ұлтшылдық барын» дәлелдеу үшін, редакциядағы жүз шақты оқушы хатының түпнұсқасын жоғарғы жақ үшін жинатып алды.
Сондағы «коммунистердің» белсенділігін «Ашық әңгіме сағаты» айдарымен берілген жоғарыдағы хаттар «арттырып» жіберген еді. Оларды әсіресе Расул Гамзатов, Қадыр Мырзалиев, Байділдә Сарғонаев сынды айтулы ақындардың тіл хақында айтқандарын келтірген, ана тілін мақтан еткен, туған тілін менсінбейтіндер мен әредік кезігіп қалатын көнерген кемсітушілікті еске саларлық мазақ сөздер айтушыларды жазғырған, сондай-ақ балалардың интернационалдық достық клубы жұмысының мазмұнын сынаған хаттар ұнамаған еді. Жаңа тұрпатты салпаңқұлақтар сыбырлап көрсеткен «саяси қателік» сондай хаттарды топтап басуымда жатқан көрінеді. Сол себепті мені үздік-создық екі үйге (комсомолдың және партияның орталық комитеттеріне) кезек шақырып, бірнеше ай сүйретті. Үлкен үйдің идеология бөлімінде маған осынау «күмәнді» пікірталасты менің нендей оймен бастағанымды білуге тырысып, арасында «редакторыңды осы саяси сауатсыздығы үшін орнынан алып тастасақ қайтеді» деген арандатушылық сұрақ та қойылды. Ал мен жоғары материяға аңғал да аңқау сезіммен сенген басым, пікірталасты саясат ауқымынан ауытқымай жүргізгенімді дәлелдеп, әуреге түсіп едім...
Ақыры, кіші үйдің насихат бөлімі маған түсінік жазып беруді ұсынды. «Жоғарғы жақтардың» өзара келісіп пішкен шешімдері болуы керек. Балаларды пікірталасқа шақырудың себептерін көрсетіп, білім беру органдары жол берген кемшіліктерді тереңірек зерттеу арқылы тиісті орында мәселе көтеру жөн болмағын айтып, сұрағандарын жазып бердім. Түсінігім оларды қанағаттандырды ма, жоқ па - білмеймін, әйтеуір содан кейін бұл мәселе жөнінде мазалауын қойды.
Сондағы түсінігім мынау: «ЦК ЛКСМ Казахстана. ОБЪЯСНЕНИЕ по поводу диспута «С чего начинается дружба?», проведенного на страницах газеты «Казахстан пионери». Анализ опубликованных материалов на страницах газеты «Казахстан пионери» по интернациональному воспитанию и писем читателей показал, что круг затрагиваемых в них вопросов очень узок, по существу сводится лишь переписке КИД-овцев. Большинство детей в своих письмах просят сообщить адреса пионеров из других республик. Посещение школ показало, что в работах КИД-ов основное место занимает лишь переписка. Это убеждало нас в необходимости поговорить с широким кругом школьников через газету. Мы задались целью подтолкнуть читателей на размышления об интернациональной дружбе, о работе КИД-ов, ибо обмен мнениями, спор, размышления самих детей будут лучше способствовать в их интернационалистском воспитании, выработке твердого убеждения, осознанному подходу к интернациональной дружбе.
Так, в октябре 1975 года был опубликован материал «С чего начинается дружба?» и задан детям целый ряд серьезных вопросов, касающихся интернациональной дружбы.
Дети откликнулись. Правда, по отдельным вопросам промолчали (об изучении теоретических вопросов), но горячо высказывали свое понимание интернациональной дружбы, свои отношения к языку, культуре, спорили, друг с другом, сообщали, что у себя в классах провели диспуты на эту тему. Подборки писем детей несколько раз публиковались в газете. Итоги диспута были подведены в апреле 1976 года на диспуте-вечере учащихся ряда школ г. Алма-Аты, состоявшемся в СШ № 12. О нем был дан разворот «Ақпыз, қара, сарымыз - ағайынбыз бәріміз!» («Белые, смуглые, рыжие - все мы братья!»).
В ведении этого диспута мы исходили из марксистко-ленинского убеждения о том, что подлинно национальное является подлинно интернациональным и твердо стояли на позиции воспитания детей в духе дружбы народов СССР. Однако кое-кто пытался извратить основную идею диспута, усматривая в подборке, опубликованной 22 января 1976 года, серьезную, якобы политическую ошибку и стремясь обвинить нас в провопоставлении национальностей в двух выдержках из писем детей, где сказано о недостаточном преподавании казахского языка в школах с русским языком обучения и о том, как однажды обзывали мальчика дореволюционным презрительным прозвищем.
Следовало бы рассматривать эти выдержки без отрыва от общего контекста диспута, тогда легко можно было бы убедиться, что другие мнения детей исключают их. Это обыкновенный спор, где высказываются и верные, и неверные суждения, в результате которого выиграет истина и прибавляется полезное зерно в формирующееся нравственное сознание школьника. Если все же рассмотреть их отдельно, изолированно от других мыслей детей, то прежде всего в первой выдержке следует увидеть недоработку органов народного образования и глубже изучить, поставить проблему перед соответствующими организациями, во второй - несознательное хулиганство детей, требующего осуждения такового самими детьми. Б.Койшибаев, ответсекретарь газеты «Казахстан пионери». 28 июля 1976 года».
Түсінігімді өткізіп, ескерту-нұсқауларын қабылдағаннан кейін, арада тағы біраз уақыт өткен соң, кіші үйдегі нұсқаушы оқырмандар хаттары салынған папканы қайтарып берді. Ішінде үзінділері газеттің «саяси қате» топтамасында жарияланған хаттардың түпнұсқалары жоқ болып шықты. Шамасы, бәрін білуге міндетті орын бір әжетіне жарату үшін өзінде қалдырса керек...
«Абай-ақпарат»