Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2724 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 09:17

Әлемдік мәдени кеңістікке ену жолы - ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру: мәдениеттанушы Әлия Өмірбекова

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тәуелсіздік жылдары дербес мемлекет ретінде қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде үлкен сілкініс пайда болды. Жаһандану үрдісі белең алған шақта әлемдік ықпалдастықта оның бәсекелестік қабілетін қалай арттыруға болады өзекті сауалға қазір әркім өзінше жауап іздеуде. Біз бұл көкейкесті мәселенің түйінін тартқату үшін Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті,  философия ғылымының кандидаты    Әлия Өмірбекқызы Өмірбекованы сұхбатқа тартқан едік.

- Әлия Өмірбекқызы, ұлттық өзіндік сананың көрініс табуы мен өсуі қандай құбылыс?

- Бұл заңды, шынайы әрі ұзақ үдеріс. Оны түсіну үшін қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді екшеп, талқылау қажет. Тарихи мәліметтерді пайдалана отырып, қазақ халқының ұлттық өзіндік сана ерекшелігі, оның өзгеруінің шынайы себептерін білу арқылы болашақты айқындау мүмкіндігі туындайды. Ол үшін ұлт, этнос мәселелерінің басын ашып алған дұрыс болар.

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тәуелсіздік жылдары дербес мемлекет ретінде қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде үлкен сілкініс пайда болды. Жаһандану үрдісі белең алған шақта әлемдік ықпалдастықта оның бәсекелестік қабілетін қалай арттыруға болады өзекті сауалға қазір әркім өзінше жауап іздеуде. Біз бұл көкейкесті мәселенің түйінін тартқату үшін Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті,  философия ғылымының кандидаты    Әлия Өмірбекқызы Өмірбекованы сұхбатқа тартқан едік.

- Әлия Өмірбекқызы, ұлттық өзіндік сананың көрініс табуы мен өсуі қандай құбылыс?

- Бұл заңды, шынайы әрі ұзақ үдеріс. Оны түсіну үшін қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді екшеп, талқылау қажет. Тарихи мәліметтерді пайдалана отырып, қазақ халқының ұлттық өзіндік сана ерекшелігі, оның өзгеруінің шынайы себептерін білу арқылы болашақты айқындау мүмкіндігі туындайды. Ол үшін ұлт, этнос мәселелерінің басын ашып алған дұрыс болар.

Ұлттық сана-сезімінің қалыптасуында маңызды фактор болып табылатын - өзінің тарихы және ұлттың мәдениеті. Осыдан аз ғана уақыт бұрын тарих толқынымен өлшенетін оның өзіндік түсінігіне мән берілмеді. Қоғамда жалпы қасиеттер абсолюттендіріліп, ұлттық ерекшеліктер назарға алынбаған. Кеңестік дәуірде ұлттық мәдениет пен ұлттық тарихтың әлеуметтік-философиялық концепцияларында әртүрлі халықтардың рухани теориясындағы басымдықтар мен құрылымдары біріздендіруге ұшырады. Кез келген халықтың рухани өмірінің өзегі мен ерекшелігін айтудың орнына үстірт ұқсастықтар жүргізіліп, догматтық құрылымдар қызмет атқарды.

Әрбір халықтың өзінің ұлттық тарихы бар. Ұлттың тарихы - ұлттық сана. Сана белгілі бір ұлт өнімінің дамуы, сол ұлттың мәдениетінің өмірі мен мақсаты болып табылады. Сондықтан да ұлттық сана-сезімнің қалыптасу жолдары әртүрлі, ерекше әрі қайталанбас құбылыс. Бұл ерекше құбылысты түсінудегі басты мәселе, яғни, бір халықтың ұлттық өзіндік санасының басқа халықтың ұлттық өзіндік санасынан ерекшелік белгілерінің қалыптасуы мен көрініс беруін анықтау. Мұны тек ұлттық өзіндік сананы тарихи-мәдени және әлеуметтік-мәдени астарларда талқылау арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

- Соңғы жылдары зерттеушілер назары ұлттық құбылыстардың мәніне терең үңілуге мүмкіндік беретін этникалық мәселелерге ауып отыр. Оған түрткі болып отырған қандай жәйт?

- Біраз уақытқа дейін қайсыбір халықтың, оның ұлттық сана-сезімнің эволюциясының ұлттық әлеуметтік рөлі дұрыс бағаланбай келді. Әлеуметтік ерекше құбылыс - ағза ретінде ұлтқа беріліп келген көптеген анықтамаларда айрықша белгілер назардан тыс қалып отырған. Ұлттық өзіндік сананы қарапайым жүйеде белгілі бір халық өкіліне жататындығын саналы түрде сезіну және өзге халықтардың ішінде өз халқының орны мен рөлін айқындау - маңызды мәселе.

Этнос мәселесі этностың өзіндік сана сұрағын қоюға мүмкіндік туғызады, ол ұлттық сана-сезімімен сәйкес келмейді. Л.Н. Гумилев этносты «өзге ұжымдарға өздерін қарсы қоятын, өздерінің ішкі құрылымы мен іс-әрекеттерінің ерекше стереотиптері бар адамдардың қайсыбір ұжымы динамикалық жүйе» дейді. Шын мәнінде, ол екеуі де қозғалмалы, яғни этногенездің бір фазасы болып табылады. Тарихи уақыттағы этникалық жүйелердің пайда болуы және жойылуы процесі осыны көрсетеді. Этностар ерекше құбылыстар болып табылады, оларда табиғи ортаның өндірістік іс-әрекетпен, адамдардың барша материалдық және рухани мәдениетімен өзара әрекеттесуі жүзеге асырылады. Әлеуметтік құрылым, техника деңгейі және мәдени дәстүрсіз этностың өмір сүруі мүмкін емес. Ал бұл өмір сүрудің міндетті шарттары, әрі этносты бір-бірінен шектеп тұрады. Яғни, этнос тарихи уақытта дамитын, басы мен аяғы бар жүйе; дәлірек айтқанда - этногенез дискретті үдеріс.

- Қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуын қарастырған кезде  қандай жәйттар басты назарда ұсталыну керек?

- Көшпелі өмір салты тайпаларға ұсақ тектік, отбасылық таралымдарды сақтауға мүмкіндік береді. Сол себепті де, қазақтардың рулық-тайпалық даму формасы сақталып, бүгінгі күнге жетті. Тектік байланыстар әрдайым рухани туыстықпен толықтырылып отырды.

Қазақтардың ұлттық санасын талқылау барысында жүйе құрушы бөлшек ретінде ұлттың қалыптасуы мен динамикасының бір текті еместігі туралы тезис алынуы тиіс. Бұл оның тарихи тағдырының өзділігін анықтайды. Қазақ халқы тарихының тамыры терең, сонау ықылым замандарға кетеді. Ол тарихи-мәдени, әлеуметтік тұрғыдан алғанда өзінше қайталанбас процестер, қазақтар - Еуроазиялық кеңістіктің көне халықтарының бірі. Қазақтардың ұлттық мәдениеті ежелгі көшпелі өркениеттің барлық қасиеттеріне ие. Осының аясында мыңжылдықтар бойы қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы, материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды.

Даланың көшпелі мәдениеті қазақ халқының бойында ұлттық өзіндік сананың мәнді белгілері ұстамдылық және шыдамдылықты қалыптастырды. Ертедегі мәдени дәстүрлер кеңпейілділік, шыдамдылық, дара араласу, қонақжайлық қазақ қоғамдастығының ұлттық өзіндік санасы ретінде алдын ала айқындайды. Жалғандық, сатқындық, бағынышты болу сияқты белгілер ешқашан қазаққа тән болмаған. Қазақ ұлтының ұлттық өзіндік санасының сипатты белгілері - ата-баба рухын пір тұту, үлкенге, балаға деген тектік құштарлық, сыйластық қалыптасқан.

- Бұған ислам дінінің әсері қандай?

-Қазақтар VIIІ ғасырдан бастап сүнниттік бағыттағы мұсылман болды. Бірақ ол өз аясына аймақтық әдет-ғұрыптардың ежелгі көзқарастарын жинақтаған өзге мұсылмандық аумақтарға ұқсамас, өзінше бір дүниетаным. Сол себепті Ш. Уәлиханов оны «екі жақты сенім» деп сипаттаған. Қазақтардың ұлттық өзіндік санасы сыртқы әлемге қатысты ешқандай нақты діни қағидаларсыз немесе философиялық-дүниетанымдық ұстанымдарсыз қалыптасты. Ұлттық өзіндік сананың осы ашықтығы өз бейнесін салт-дәстүрлер, этникалық нормалар, азаматтық рәсімдер, эстетикалық идеялар мен моральдық іс-әрекеттерден тапты. Қазіргі заманғы мәдени, тарихи, әлеуметтік, рухани құрылымдардың барлығы ежелгі бейнелеріне жақын көрінеді.

- Дәстүр сабақтастығы ұлттық сананы дамытуда қаншалықты маңызды рөл атқарады?

- Ата-бабаның рухани тәжірибесінің атадан мирас болып берілуі қазақ мәдениетінің ұлттық ерекшелігінің, психологиялық белгілерінің және ұлттық өзіндік сананың шынайы көрінісі қазақ этносының іс-әрекетінің қалыптасуында айтарлықтай рөл атқарған. Қазақстанның полиэтникалық тарихи ортасы бүгінгі күнге дейін әлеуметтік жаңашылдықтарды (мәдени, ұлттық) алып келуде. Ұлттылықтың мәнді басымдығы ретінде этнос сынды ерекше құбылысты қабылдамау қателіктерге ұрындыруы ықтимал.

Ұлттық өзіндік сана ұлттың өз ерекшелігін бағалау, байыту, бүгіні үшін айқындық танытып, ертеңіне нақты бағдар беретін ұстанымына айналуы тиіс. Ұлттық тұтастықты сезіну ғана ұлттық сана-сезімді айғақтай алады.

Ұлттық өмір - ата-баба және олардың өсиеттеріне бас июдің арасындағы үзілмес байланыс. Сондықтан ұлттылықта үнемі дәстүрлілік үрдісі сабақтасады. Дәстүрлілік үрдісі ұлттық санада орнығады, ал ұлттық сана өзінің толық көрінісін ұлттық мәдениетте табады. Нақты этноәлеуметтік қоғамдастық мәдениетте оның ұмтылыстары мен мақсаттары жүзеге асырылады. Мәдениеттің деңгейлері мен типтерінде ұлттық өзіндік сананың құндылықтары мен қасиеттері өлшенеді. Ұлттық мәдениет дәстүрлері, ұлттың еңбекке икемділігінен, қауымдастықтардың әдептері мен әдеттерінен, бірлесе өмір сүруінен, ата-баба рухына табынудан, бейіттерді, ескерткіштерді қастерлеуінен, ата-ана мен бала қарым-қатынасынан, жақсыға ұмтылуынан, бақыт пен әділеттілік үшін күресінен туындайды. Ұлттық мәдениет мәселесі - күрделі әрі көпастарлы. Ұлттық мәдениет - ұлтқа тән моральдық құндылықтарды, ұлттың рухани тәжірибесін жеткізуші фактор. Демек, ұлттық мәдениет - ұлттық сана-сезім өзегі.

- Ғалымдардың бір бөлігі ұлттың негізгі қасиеттері: тіл, мәдениет, дін, ортақ шығу тегі мен аймақ десе, ал кейбіреулері аталған қасиеттер ұлттың өмір сүруі үшін негіз бола алмайды деп санайды. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?

- «Ұлт» түсінігінің біржақты болмауы оған анықтама беруді қиындатады, бірақ саяси тәжірибеде қолданысты жеңілдетеді. Ұлттық өзіндік сана түсінігі оның құрамы мен қызметтері кең түрде сарапталып, әдебиетте негізделеді. Қазіргі таңда ғылым этнопсихологиялық мәселелерді зерттеуде бірнеше сатыларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық сана мәселесі мазалаған ұлы тұлға - Міржақып Дулатов: «Бостандық туды. Бұл бостандық көктен түсті. Енді өзіміздің ұйымсыздығымыздан тегін бостандық жемісінен пайдалана алмасақ, «аспаннан шұға жауғанда, ұлтарақ тимеген құл» біз болмаймыз ба? ...Мынау бұғанасы бекімеген, буыны қатпаған бостандық...», - деп 1917 жылы жазып кеткен.  Ұлттық өзіндік сана мәселесі - әр уақытта өзекті. Тек замана қойған талапқа сай өзіндік кейіп алып отырады.

- Әңгімеңізге рахмет.

http://www.inform.kz/kaz/article/2424739

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502