Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5660 10 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 11:15

Базарда қойдың еті неге тапшы?

Дүние жүзілік пандемия мен өзін-өзі оқшаулау кезінде елдің экономикасы мен қоғамдық өмірінде небір жағымсыз құбылыстардың орын алып, жаппай тарағаны сонша, соған етіміз де үйреніп кетіпті.

Биліктегі дарынсыздық, жемқорлық пен рушылдық былай тұрсын, өзіңіз «постоянный клиент» болып күнделікті барып жүрген базарда үнемі ет т.б. алып жүрген апашкалардың өзі «айналайын, менен артық таппайсың» деп отырып, пакетіңізге асуға жарамсыз ет-май қалдықтарын қалай ытқытып жібергенін байқамай да қаласыз. Әрине «сауда сақал сипағанша» дейді. Әр сатушы қоғам алдында және Құдай алдында істеген ісі мен пейіл-ниетіне қарай өз жауапкершілігін өзі көтереді. «Таразыдан жеген О дүниеде тасбақа болады» деген қағиданы да білетін болар. Алайда таразыдан жеу басқа да, көпе-көрнеу бір малдың орнына басқа түліктің етін алдап сатудың жауапкершілігі ауырлау болатыны ақиқат.

Ал, бұнымен не айтпақшымыз. Қазір Алматының ет базарларында қойдың еті күрт азайып кетті. Көп жағдайда миринос ақ қой деп сатып тұрған тушалар ешкінің еті боп жатыр. Қазақи қойды құйрығына қарап танысаңыз, қала тұрғындарының ішінде миринос ақ қой мен ешкінің етін ажырата алатындар кем де кем. Жақында өзіміз де сондай бір жағдайға тап болдық. Ақ қой, жас малдың еті деп алған қойымыздың тушасы ешкінің еті болып шықты.

Ешкі еті – дәрі дейтіндер де бар. Бірақ қой мен ешкі етінің айырмасы ешкі еті үш сағат қайнаса да қаттылау болып, майы тез қатады. Базарда сол етті сатқан сатушыға наразылық айтып барғанымызда ләм-мим демей алған етіміздің ақшасын қайтарып берді. Осындай жағдайды бодырмауды қадағалайтын базаркомдар не қарап жүргені бегісіз.

Сонымен, әңгіме төркіні ешкі етін алдап сатқан имансыз, тексіз саудагерлер туралы емес.

Қойдың еті қайда жоғалып кетті?!

Баяғы КСРО заманында да Қазақстан егін мен мал шаруашылық өнімдерін шығаруға маманданса да өз халқын етпен де, басқа да азық-түлік түрлерімен де жарыта алмапы. Өйткені ол өзі шығарған өнімнің бәрін «бауырлас» қалған 14 республика халқы мен Мәскеу, Ленинград сияқты КСРО-ның ірі қалаларын азық-түлікпен қамтамассыз етіп отырды.

1970-80 жылдары Мәскеуге іс-сапармен барып қайтқан азаматтар Мәскеуден кәмпит, бананнан басқа үйлеріне қалай ет көтеріп келгендерін ұмытпаған болар...

Сондай қызық жағдай бүгін – тәуесіздік алғаннан кейін ширек ғасыр өтсе де тағы да қайталана бастаған сияқты.

Бәріміз білетіндей, ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығаруды қолға алды. Дұрыс-ақ. Бюджетті толтыратын мұнай саласы дағдарысқа ұшыраған заманда, стратегиялық маңызы бар шикі заттарды сатуды атамағанда, республика бюджетін толтырудың негізгі екі жолы ғана қалды. Бірі, айып пұлдардың көлемін арттыру болса, екіншісі, азық-түлікті экспортқа шығару. ҚР Ауыл шаруашылық министірлігінің айтуынша 2020 жылдың өзінде Қазақстан ет шығаруды 200 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаған көрінеді.

Әрине табыс керек. Оған ешкімнің де қарсылығы жоқ. Бірақ «жақсылық жасасаң алдымен өзіңе жаса демекші», алдымен қой етімен өз нарығымызды толық қамтый алмай жатып, жаппай экспортқа шығарғанымыз қаншалықты дұрыс?

Құдай «жоқ» дегеннен сақтасын!

Арман Жұмаділ

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329