Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3331 0 пікір 6 Қаңтар, 2012 сағат 04:21

Әбіл Бүрлібаев. Аруақпен арпалысу – арсыздық!

Abai.kz ақпараттық порталында өткен қазан айының 10-ы күні  «Сыпатай батырдың саяси келбеті - сатқындық» атты көлемді мақала жарық көрген болатын. Авторы - Садық Смағұлов мырза. Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден қарап оқуларыңызға болады: http://old.abai.kz/content/sadyk-smagylov-sypatai-batyrdyn-sayasi-kelbeti-satkyndyk

Аталған мақаласында С. Смағұлов қырғыз манаптарына қарсы жасаған Хан Кене жорығына ілескен батыр, би Сыпатайдың сатқындық жасап кеткені туралы дәлелдер келтірсе, ендігі авторымыз - техника ғылымдарының кандидаты Әбіл Бүрлібаев мырза әйгілі тарихшы Бекмахановтың ертеректе жарық көрген еңбектеріне сүйене отырып, Садық Смағұловтың сөздерін жоққа шығарады және «Сыпатай сатқын емес» дейді.

"Абай-ақпарат"

1. Сыпатай сатқын емес!

Abai.kz ақпараттық порталында өткен қазан айының 10-ы күні  «Сыпатай батырдың саяси келбеті - сатқындық» атты көлемді мақала жарық көрген болатын. Авторы - Садық Смағұлов мырза. Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден қарап оқуларыңызға болады: http://old.abai.kz/content/sadyk-smagylov-sypatai-batyrdyn-sayasi-kelbeti-satkyndyk

Аталған мақаласында С. Смағұлов қырғыз манаптарына қарсы жасаған Хан Кене жорығына ілескен батыр, би Сыпатайдың сатқындық жасап кеткені туралы дәлелдер келтірсе, ендігі авторымыз - техника ғылымдарының кандидаты Әбіл Бүрлібаев мырза әйгілі тарихшы Бекмахановтың ертеректе жарық көрген еңбектеріне сүйене отырып, Садық Смағұловтың сөздерін жоққа шығарады және «Сыпатай сатқын емес» дейді.

"Абай-ақпарат"

1. Сыпатай сатқын емес!

Ей, «патшағар», «трайбалист», пенде Садық. Сізді «мырза» деп айтуға тіпті ауыз бармай тұр. «Шәй» ішіп, өсек сапырып отырған, Нұрбол бейбақ. Халқымыздың «атың шықпаса жер өрте» деген мәтелі тап сіздерге айтылған екен. Жер өртеп емес, ел арасына алауыздық өртін тұтандырып жүрген әрекеттеріңіз адамгершілікке жат қылық. Сіздерді білім деңгейімен, ақыл парасатымен он орап алатын марқұм Ақселеу Сейдімбеков те трайбалистік көзқарасының салдарынан беделіне нұқсан келтірген болатын. Ісі мен сөзі бір жерден шықпай қалған еді. Сөйтіп қазақ еліне «қамқор» бола алмай кетті. Күш пен ақыл - парасат жақсы істерге, елге пайдалы жұмыстарға жұмсалған болса, еліміздің іргесі беки түскр еді. Ал Сіздердің көксегендеріңіз елдің көсегесін көгерту емес, қайта тас лақтыру болып отыр. Бықсыған өсекті теріп, елді дүрліктірмей, анық жайды тап басып айту керек емес пе?

Мына «Абай КZ» сайтында жарияланған Садықтың мақаласына орай пікір білдірген  27-ші қонақ Кенесарыны Абайдың әкесі Құнанбай қоршауға алып, өлтіре жаздағанын келтіріпті. Бұл дерек, негізсіз емес. Кенесарыға қатысты мәліметтер біреуді қаралап, екінші біреуді ақтау үшін қолданылмағаны абзал.

Шындықты білу үшін ең дұрысы тарихи - ғылыми еңбекке жүгіну. «ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА» (история Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. Издание 1943г.) атты қайта басылым көрген еңбектің 14-ші тарауын - «Освободительная борьба Казахов под предводительством Кенесары Касымова (1837-1847годы)» деп жазған Ермұхан Бекмаханов. Садық пенде, сізге айтамыз Е. Бекмаханов жазған осы кітапты тауып, тарауды оқып танысыңыз демекпіз. Сонда бәлкім өсекке бой алдырмайсың.

«Абай КZ» сайтындағы 6, 13, 25, 26, 27-ші «қонақтардың» айтқан пікірлері шындыққа жанасып тұр: 354-ші бетті қараңыз «...против Кенесары готовили совместное выступление старшие султаны Кунанбай Оскенбаев из Каркаралинска, Барак Султанбаев из Аягуза, Нуралы Адилов из района Или. Во главе обьединенных сил царских войск султанов был поставлен - майор Вишневский. Однако совместное выступление царских войск не увенчалось успехом. Кенесары со своим войском укрепившись на одном из недоступных полуостровов озера Балхаш, не допустил их приближения. Вишневский с казахскими султанами принял решение блокировать отряды Кенесары. Не выдержав продолжительной осады, Кенесары с боями вышел на левый берег реки Или, а оттуда перекочевал в центральный район Старшего жуза, расположенный в предгориях Ала - Тау и реки Чу...». Міне шындық, Садық пенде. Кенесары тұрғысынан қарасақ Құнанбай және әлгі сұлтандар нағыз сатқындар емес пе? Басында олар да қоштаған емес пе? Ел арасында өзін қостамағандарға тізе батырған. Сондықтан Кенесарыны Орта жүздің белгілі адамдарының өздері қолдамай қарсы жағына шығып күрескен.

Абылай әулетінің бір бөлігі Кенесарыны  жақтаса, екінші бөлігі Шыңғыс, Шоқанның өзі де патша үкіметі жағында тұрды. Әулет екіге жарылды. Сол үшін Шоқанды, әкесі Шыңғысты сатқын деп жазғыру - ақылға қона ма? Туыстық жағынан ең алдымен Кенесарыны солар қолдауы керек емес пе?

№ 6-шы қонаққа құлақ түрейікші: «Кенесарының да бітіргені шамалы. 40 мың түтін Қасым сұлтанның баласы деп хан көтерді. Ол патшаға қарсы көтерілді, алайда тек қазақ сұлтандары мен олардың ауылдарын шабумен, солармен соғысумен болды. Өзіне бағынбаған төрелерді шапты, олар арыз жазған соң ғана арнайы әскер шықты, бірақ ол әскермен ұрұсудың орнына тағы да сол қазақ ауылдарын шабуды жалғастырды. Тіпті атақты Ақмола бекінісін алғанда да орыспен емес, Қоңырқожа сұлтанның қолымен күресті. Торғай даласында да Ахмет Жантөрин бастаған 44 Қазақ сұлтанын өлтірді...». Сол Торғай даласында Кенесарыны хан көтермеп пе еді? Ал оның мына қатыгездігіне не дейсіз? Адам қаны су емес қой. Сол өлтірілген адамдардың ішінде туысыңыз болса, бұған қалай қарайтыныңызды көрер едік, ей пендем Садық. Е. Бекмахановтың еңбегін дұрыстап оқып шығуыңызға кеңес береміз.

Кенесарының отаршылыққа қарсы күресін жоғары бағалауымыз керек. Бірақ ол да пенде, көп қателіктер жіберді де, қайшылыққа тірелді. Дұрыс шешім жасай алмай, ақыры опат болды. Оның күрес тәсілі дұрыс болмады. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы күресудің орнына өз бауырларымен соғысып кетті. Бұл үлкен қателік еді.

«...Ырғыз бен Торғай ауданын тастап кетудің алдында Кенесары  Бұқар ханына және алыстағы Адай руларына елшілер жіберіп, көшіп-қонатын жер беруін өтінеді...» дейді Е. Бекмаханов: «...Кенесары сондай-ақ 100 жігітке Наурызбайды басшы қылып, Алатау маңын мекендеген (Ұлы жүз) немере ағасы сұлтан Рүстем Аблаевқа аттандырады. Кенесары оған «Ырғызда, Торғайда және Ұлытауда бекіністер салынғанын, сол себепті өзінің көшіп-қонуына бұл арада енді қолайлы жер қалмағанын хабарлап өзін қол астындағы қазақтармен қабылдауын өтінеді...» дейді Бекмаханов. Тарихшы бұдан  ары қарай мынандай дерек келтірген: «Рүстем Аблаев елшілерді жақсы қарсы алып, олардың ішінен 50 адамды алып қалды. Ал қалған адамдарға сол Наурызбай бас болып кері қайтуды және Кенесарыға мынадай сәлемін жеткізуді ұсынады: «Менің берер ақылым: Құдай әзірше күнәсін кешіріп тұрғанда аталған жерлерді тастап, жаныма  көшіп келсін»» деген. Осы Үрістем сұлтанның сәлемін ой-електен өткізші, пенде Садық. Кенесарының тағдырына Үрістем сұлтанның жаны ауырып тұр ғой.  Осы Үрістем төре емес пе, Сыпатай бимен «қашып, сатты» деп отырғандарың. Кенесарыны үйсіндер Құнанбайдан, орыс әскерінен қашып келгенде құрмет көрсетіп қарсы алды. Үйсіндердің Қоқан хандығымен жауласып жүрген батырлары қуана қарсы алып, өз жігіттерімен Кенесарыға қосылды. Жоғарыда аталған кітаптың 354-ші бетінде: «Батыры Старшего жуза Тойшыбек, Саурык, Сураншы, Байзак из рода Дулат, воспетые впоследствии акыном Джамбулом, со своими отрядами влились в войска Кенесары и начали совместную подготовку к борьбе с Кокандом и русским царизмом» деп жазылыпты. Енді бұдан артық  не айту керек!

Кенесарының Қырғыздарға қарсы жорығына қатысты мәліметтерде қарама-қайшылықты пікірлерін тықпалап, тап сол соғысқа қатысқандай сөйлейтіндер бар. Олар қалай болғанда да Кенесары соғысына баға берем деп тырысып, обьективті, тарихи жағдайды ескере бермейді, содан бұра тартуға қарай ойысады. Тарихи тұлғаларға, билерге, беделді кісілерге ұрынып жазықсыз тіл тигізіп, қаралайды. Өткен тарихи оқиғаға, жылы үйде, бас ауртпай, балтыр сыздатпай, мұным қалай болар екен деп ойланбай, ойына келген жөн-жосықсыз пікірлерін қиыстырып, «баға беру» -- күлдібадамдық әрекеттің нақ өзі болып табылады.

Кенесары көтерілісінің отаршылдыққа қарсы сипатын атағанда оның  қазақ елі ішіндегі жағдайға да  дүрбелең салғанын ұмыт қалдыруға болмайды. Ы. Алтынсариннің атасы Балқожа биді де шапқаны белгілі. Арыстандай арпалысқан Кенесарының өзін қолдаушыларға да тізесі батқан. Ол Орталық Қазақстанда өзінің көп аталастарының қолдауына ие бола алмады, бұған отаршылардың белсенді іс-әрекеттерінің де тікелей ықпалы болды. Содан ол оңтүстік өңірде, Алатау баурайында тату-көршілікте тіршілік кешіп жатқан қазақ-қырғыздарды отаршыларға қарсы бірігіп күресуге шақырды. Бұл кезде қырғыздарға да орыс патшалығының ықпалы күшті еді. Келісімге келе алмаған Кенесары мұны кешіре алмады, ботбай Сыпатай биді бірігіп қырғыздарды шабуға үгіттеді. Көрші отырған, іргесі көтерілмеген, құдандалы елге шабуыл жасап, ара қатынасты шиеленістіріп, бітіспес ерегіске жол беріп алмау жағын ойлаған Сыпатай би Кенесарының бұл шабуылын қолдамады. Оның үстіне қырғыздардың жасағы Кенесарыны қолдаған күннің өзінде де орыс патшалығының сол заманғы ең мықты соғыс қаруларымен  қаруланған әскеріне қарсы тұра алмасы белгілі еді. Қарулы қақтығыстың нәтижеге, жеңіске жеткізе қоймайтынын Сыпатай би де, Үрістем төре де, қырғыз манаптары да жақсы түсініп, көре білді. Кенесары қолы жеңілген жағдайда Қытай еліне асып кету де оң шешім емес еді. Таңдау біреу-ақ еді: көрші елді шабу қате, сондықтан бейбіт жағдайда қарым-қатынас жасау болатын. Шамшыл хан Кене өзім білемдікке салынып, қасындағы кісілердің айтқан бәтуәлі кеңесіне де құлақ аспады. Ақыры Арқа жерінен арып-ашып жеткен Кенесары қолы қоршауға түсіп, босқа қырылып, қырғыз манаптары мен қоқан хандығының қылышының жүзінен өтті. Бұл, әрине, өкінішті жағдай! Кенесары басына төнген трагедия болатын. Кенесарының қасында жүрген Нысанбай жырау жырында ханның жіберген қателіктерін жасырмай жырлаған. Осы жырды қайта бір оқысаңыз жөн болар еді.

Сыпатай бидің қырғыздарға байланысты, қазақ елінің болашағына байланысты ұстанған ұстанымының дұрыс болғандығына, қазір де көзіміз жетіп отыр ғой

Неге осы ұстанымы үшін оны сатқын деп тіл тигізіп жазғырасыз. Өткен тарихқа құл-құтан ғана қара тас лақтырады. Сөйтіп Сыпатай еліне қара күйе жағады. Сатқын адамды елі құрметтемейді, әулие де тұтпайды, өнеге де етпейді. Ал оңтүстік өңірі Сыпатайды еліне тұтқа болған қайраткер, ел бастаған көсем, тарихи тұлға деп біледі. Көзі тірісінде құрметке бөленген би, батыр, халық жадынан шыққан емес. Шын текті тектілігін көрсетеді. Итше ырылдаспайды, аруақпен арпалыспайды. Тексіз шын нәрсені көрмейді, ақиқатты естімейді, жөн сөзді сөйлемейді. Олар ібілістей жұртты қалайда шатыстыруға ұмтылады. Құдайдан осындай қорқаулардан сақтай гөр деп тілейміз. Мұндай пенделер руды руға қарсы қойып, бірін екіншісінен артық қоюға тырысады. Сөйтіп өзінше білгірсіп, рушылдықтың батпағына батады. Қазақ халқын құраған тайпаларды анау мықты, мынау нашар деп түсін түстеп көрсету кещелік болып табылады, бұл нағыз надандық. Сыпатайды жамандау -- бұл оның елін, жерін жамандау деген сөз, оған тіл тигізу болып шығады. Мұндай әрекетті қылмыс деп білеміз. Басқа көтеретін тақырып құрып қалып па? Білі мен қайратты  елге пайдалы нәрсеге жұмылдыру қажет. Сіз ұрпақ өсіріп отырған адам екеніңізді ұмытпаңыз. Һаюандық әрекетке бармаңыз. Сіз Сыпатай туралы да, Кенесары туралы да кітап ЖАЗА АЛМАЙСЫЗ, оған әлеуетіңіздің жетеріне күмәніміз бар.

Садық, жоғарыда аталған кітапқа қайта үңіліп Кенесары бабамыздың мерт болған жағдайына оралайық. Кітаптың 356-357-ші беттерін қарайық. Осы екі беттегі келтірілген тарихи дәлелдер шындықты ашу үшін өте құнды мәліметтер болғандықтан мейілінше түпнұсқаға сүйенейік: «Весной 1847 года Кенесары двинулся на киргизских манапов Пишпекского уезда. Преследуя отдельные киргизские отряды он дошел до местности Болшой Токмак (недалако от современного города Фрунзе) и расположился со своим отрядом на правом берегу реки Чу в местности Май-Тюбе- в 6 километрах от селения Большой Токмак.

Отрядам Кенесары приходилось воевать в исключительно трудных горных условиях. Люди двигались по узкой тропе шириной достаточной только для прохода одного человека. По обеим сторонам тропы шли отвесные ущелья. Хорошо зная свою местность, киргизские манапы заранее сумели выбрать удобные и стратегически выгодные горные ущелья, позволившие им хорошо укрепиться». Көріп отырсыз, Кенесары бабамыз қолбасшы есебінде, жер жағдайын дұрыс пайдалана алмай жасақты қауып-қатерге душар еткен. Есімізге алайықшы, Жәңгір хан 500 сарбазбен 30 мыңдай Жоңғардың жолын бөгеп соғысып, Жалаңтөс баһадүр Самарқаннан 20 мың әскермен көмекке келгенше, Орбұлақтан өткізбей тұрды емес пе? Жазатындар дұрыс жазып жатыр. Бабаларымыз осы соғыста «окоп» қазып, «химиялық» қару қолданған. Ішті бұзатын шөптің түтінімен жаудың әскерін улап, жауынгерлік қабілеттерін төмендеткен! Таулы жердің ерекшеліктерін ұрыс қимылдарына ұтымды, шебер пайдалана білген! Тағы ары қарай оқиық: «Исход этого сражения был заранее предрешен тем, что царское правительство, вступив в соглашение с кокандским ханом и киргизскими манапами, предложило совместными усилиями покончить с движением Кенесары Касымова. В то же время Кокандское ханство снарядило на свои средства отряд киргизских манапов под командой Урмана.Специально выделив два отряда под командой сотника Абакумова и Нюхалова, царское правительство направило их со стороны Талгара...». Демек, бұл жерде Сыпатай туралы әңгіме жоқ. Бірақ Кенесары әскерін үш жағынан жақсы қаруланған әскерлер қоршауға алғаны анық баяндалған. Сонда да үйсіндер, әлгі, орта жүздің сұлтандары тәрізді (Құнанбай, Барақ, Нұралы) орыс әскерлеріне қосылып, Кенесарыға қарсы соғыспаған. Қайта қырғыздармен соғыспау туралы айтқандарын қолдамаса да Кенесарыға іш тартқан. Осы туралы тарихи кітапта былай дейді: «Казахи Старшего жуза присоединились к Кенесары. Отряд сотника Абакумова в районе Каратала, преградив путь уйсунам, не дал возможности им соединиться. Кенесары, мобилизовав всю свою силу и отстреливаясь из двух пушек, два дня ждал помощи уйсунов, но Абакумов так и не дал уйсунам соединиться». Көрдіңіз бе, Садық еке, үйсіндер қолдарынан келген көмектерін көрсетуге тырысқан. Ал Сіз секілді ру араздығын қоздырушылар елді шатастырып үйсіндерді сатқын дейсіздер. Не деген арсыздық! Не деген ұятсыздық! Не деген ұрпақ алдындағы жауапсыздық бұл!

Кітапты ары қарай оқиық: «В критический момент борьбы на помощь к киргизским манапам прибыл отряд под командой Урмана. С помощью его войск киргизам удалось в одном из ущелий окружить отряд Кенесары. Воспользовавшись тем, что река Чу близ Токмака делится на несколько рукавов, киргизы отвели всю воду в левое русло реки и оставили отряд Кенесары без воды. Около четырех дней Кенесары и его отряд геройски сражались без воды и пищи». Көріп отырсыз, Кенесарының сарбаздары қырғыздардың қолымен шамалас, алайда Қоқан хандығы ұйымдастырып, қаруландырған Орман манаптың отряды келіп қалып жағдай мүлдем өзгеріп, Кенесары қолы қоршауға түсіп қалды. Осы жерде олар қырғыз манаптарының жергілікті жер-су жағдайын жақсы пайдаланған. Бұл жағдайға кім кінәлі? Тағы да Сыпатай бабамыз ба? Жоқ әлде қолбасшылар: Кенесары хан мен бас батыры Ағыбай бабамыз ба? Деректі дұрыстап талдау керек.

Тағы да ары қарай оқиық: «Понимая безвыходность положения, Кенесары созвал военный совет, чтобы решить, как выйти из положения. Наурызбай предложил Кенесары: «Дайте мне 200 годных к бою жигитов. С этими двумя сотнями я ударю на строй киргизов и пробью его». Хотя этот совет был одобрен всеми, но Кенесары возразил против него». Біздің пікірімізше Наурызбай дұрыс жол ұсынған. Елдің бәрі осы дұрыс ұсынысты қолдаған. Кенесарыны тастап, қашып кету туралы әңгіме болмаған.

Ал Кенесарының осы дұрыс ұсынысты қолдамағаны бізге түсініксіз! Осындайда дана халқымыздың: «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп айтқаны еске түседі. Сонда Кенесары бабамыз не деген дейсіз: «Раз мы пробьемся, мы побежим уже безостановочно. У кого лошадь быстра, тот спасется. Большинство народа погибнет.Если я сам, предводительствую войском, обращусь в бегство, то уже не смогу больше быть ханом народа». Бұл арада Кенесарының сөзін түсіну қиын. Қоршауды бұзып шығуға мүмкіндік бола тұра дұрыс ұсынысты қолдамады. Балқашта Құнанбайлар қоршағанда да қоршауды бұзып шықпап па еді? Кенесарыда қарсы жақтың қоршауынан құтылып кетудің орнына хан бола алмай қаламын деген қауіп күшті. Сын сағатта сарбаздарын құтқарып қалудың орнына өзінің бас пайдасын күйттейді.

Ал Кенесарының мына шешімі тіпті де көкейге қонбайды: «Кенесары предложил заколоть всех лошадей, оставив только 20, чтобы нагрузить на них мясо, а самим пробивать дорогу пешими с пиками в руках». Мына әрекет хан тарапынан жасалды дегенге сенесіз бе? Садық еке, кітап авторы ханның негізгі қателіктерін, түсіндіріп баяндап берген. Міне осындай ақылға қонбас қателіктер жіберіп, өз дегенінен қайтпаған тентектік - жазықсыз жауынгерлердің түбіне жетіп тынды. Бұл өрескел қателік. Адам тағдыры сын сағатқа түскенде ғұмыры қысқа, келте шешім жасады. Талай боздақтардың тағдыры тайқы шешімнен қиылды. Боздақтар қырғыз манаптарының қолынан баудай түсті. Бұл хандық эгоизм. Көрсоқыр өзімшілдік. Жағдайды таразылай білмеушілік. Хандық тізгіннен айырылып қалам-ау деген қауіп. Кенесары трагедиясының өзі де осында. Ол он жыл бойы ат үстінде, түн қатып, жауымен айқасты. Оның сарбаздарының ішіп - жемі, киер киімі, мінер аты сонда қайдан келіп жатты дейсіз. Әрине, қара халықтан, беделді, дәулетті кісілерден. Қырғыздарға шабуыл кезінде де оның әскерінің азық-түлігін Сіз айтқан «сатқындар» қамтамасыз етіп отырмағанда, аспаннан жауған жоқ шығар. Ал оның айтқан шешімі ханға лайықсыз еді. Кез келген қолбасшы мұндай  шешімге бармасы мәлім. Бұл үлкен тактикалық қате. Терең пайымдай алмаушылық. 1812-ші жылы Кутузов Мәскеуді қорықпай француз жаулаушыларына тастап кетті, артынан күш жинап соққы берді. Ал Кенесары ше, оның мансапқорлығы дұрыс шешімді көзіне көрсетпеді.

Енді кітапты ары қарай оқыйық: «Но это предложение не встретило одобрения среди войска. Решено было остаться до следующего дня в надежде, что прибудет подкрепление». Көріп отырсыз, ел қостамаған. Осы жерде тағы да айта кететін жәй, қолбасшылар тарапынан, дұшпандарының жағдайын біліп отыру, көмекке нақты күш келе ме, оны анықтап, барлау жұмыстары да жүргізілмеген. Онсыз жеңіске жету мүмкін еместігі ескерілмеген. Жер жағдайын, өзінің, дұшпанының күшін, әлсіз тұстарын жақсы білу керек емес пе? Кенесары мұны ұйымдастыра алмаған. Кеудеге салу басым.

Енді кітапты ары қарай парақтайық: «Между тем, ночью неустойчивая часть войска дезертировала. Другая часть, во главе с биями Сыпатаем и Урестемом из рода Дулатов, изменила восстанию и перешла на сторону врага»? деп қорытындылай түйеді Е. Бекмаханов . Бұл ғалымның субьективті пікірі. Бір жағынан қырғыздарды жауға санау қате, ол қарсы жақ, туыстас ел ғой, ал екінші жағынан «изменила восстанию и перешла на сторону врага» деген тұжырым өте ауыр кінә. Шындығында да солай ма? Осыны автор қалай дәлелдеген, соны байыптайық.

Шындығында Кенесары айтқан шешімнен кейін, әлгі: «...аттың бәрін сойып, еттің бәрін 20 атқа тиеп, жаяу шығамыз...» деген соң әскер ортасында шатақ туып, ел екі жарылған болып тұр. Сондықтан сарбаздар бекер қырылғысы келмей Кенесарыдан бөлініп «есің барда еліңді тап» демекші соғысты тастап кетуге мәжбүр болған. Кенесарының да қоршаудан аман-есен шығып кетуіне мүмкіншілік болған. Неге кетпеген? Егер Кенесары қоршаудан шығып кетсе, тарих басқаша өрби түсер еді. Бірақ бәрібір Ресей патшалығы, Қоқан хандығы Кенесары бабамызды өлтірмей қоймасы белгілі (Сырым батырды да, Исатай мен Махамбетті де өлтіріп тынды ғой), әйтеуір бір амалын табар еді. Ал Кенесары бабамыздың осы жолғы қоршаудан не себепті кетпегендігі түсініксіз. Осы сұраққа дәл жауап айту, біздіңше, қиын. Ол жауапты іздеп, бірулерге кінә тағу  -- бейшаралық. Кітаптың авторы түнде әскердің тұрақсыз бөлігі кетіп қалған деп жазады. Ал Сыпатай би мен Үрістемді көтеріліске опасыздық жасап жау жағына өтті дейді. Е. Бекмаханов жазғандай бұл көтеріліс емес, қырғыз манаптарын шабу емес пе? Сыпатай би мен Үрістем сұлтан қарсы жаққа шықты дейді, дәл емес, шықса Кенесарыға қарсы соғысар еді ғой, ал ондай мәлімет жоқ. Сондықтан Бекмаханов үстірт пікір жазып отыр деп есептейміз. Шындығында ел, Сыпатай мен Үрістем сұлтан Кенесарының жөнсіздігін көріп-біліп оның хан, қолбасшы есебінде қазақ елінің азаттығына қол жеткізе алмайтындығына көздері жетіп ат мойынын кері бұрған. Есімізге алайық Кенесары Торғай даласынан осы немере ағасы Үрістем төреге хат жазып өзін қасындағы адамдарымен қабылдауын өтінген еді ғой. Сонда Үрістем төре: «...Құдай әзірше күнәсін кешіріп тұрғанда аталған жерлерді тастап, менің жаныма көшіп келсін» деген жоқ па. Ал Үрістем төренің елмен ақылдаспай мұндай келісім беруі мүмкін емес. Демек Сыпатай би де еліміздің азаматы деп келісімін берген болып тұр ғой. Е. Бекмаханов Сыпатай бабамызды би деп дұрыс жазған. Өйткені негізінде Сыпатай бабамыз би болған, батырлығы да болған. Осыны замандасы Сүйінбай да айтқан: «...Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді; Ақылы дариядай көл кісі еді. Жаныстан өтіп кеткен әзиз Төле; Сеңкібай, Шойбекпенен тең кісі еді...» деп шындықты айтқан. Ал, ары қарай, автор Е. Бекмаханов шындықты мүлдем жазбай отыр деп есептейміз: «...Другая часть, во главе с биями Сыпатаем и Урестемом из рода Дулатов, изменила восстанию и перешла на сторону врага» дегені мүлдем қате пікір. Біріншіден, Үрістем Дулат атасынан емес, төре. Кенесарының немере ағасы. Сол кездегі елдің ұстаным бойынша Дулат елінің төресі. Мысалы, Тезек төре Албан, Суанның төресі.  Екіншіден, Сыпатай мен Үрістем төрені автор: «...көтерілісшілерге опасыздық жасап, жауларға барып қосылды...» дейді. Осылай жазған екен, кімге барып қосылғанын айтпай ма? Ары қарай ешқандай дерек жоқ!   Бар болса неге жазбай кеткен? Орыстарға қосылса, орыстарға деп, қырғыз манабы Орманға қосылса, Орманға деп. Солардың жағына өтіп, Кенесарыны өлтірді деген сияқты деректер келтірілсе бір сәрі. Ондай дерек жоқ болғандықтан Бекмаханов келтіре алмаған. Алайда сөйтіп «сатты»-изменила восстанию деп негізсіз баға береді. Тарихшы Е. Бекмахановтың Сыпатай мен Үрістемді «сатты» деп айыптайтындай дәлел, дерегі жоқ. Сондықтан тарихи кітапты зерделеп оқыған адам оның бұл пікірін жалаң ғайбаттау деп ұғады. Сондай-ақ Бекмахановтың 1947-ші жылы шығарған: «Қазақстан Х1Х ғасырдың 20-40 жылдарында» атты кітаптың 335-ші бетінде көрсеткен қортындылары жоғарыда келтірілген ғылыми кітапта жазғанына сәйкес емес. Екінші, үшінші қортындылардың орындары ауыстырылып жазылғандықтан, осы оқиғаның мән-мағанасы шатастырылып оқырмандардың түсінігіне кері әсерін тигізіп тұр. Кенесарының жағдайды түсініп әскери кеңес шақыруы Орман манаптың қоқан хандығының әскерін алып келуіне байланысты болып тұр. Сосын Кенесарының Науырызбай айтқан дұрыс ұсынысты қабылдамай, әлгі аттың бәрін сойып, етті 20 атқа артып жаяу шығамыз деген соң ел екі жарылып тұр ғой (кейінгі кітапта 30 атқа артып дейді, сонда дұрысы қайсы? Неге әр-түрлі айтылған). Осындай Кенесарының көкейге қонымсыз сөзінен кейін, ел қостамаған соң, ел басқарып жүрген Үрістем төре мен Сыпатай би елді алып кетуге мәжбүр болып тұр. Бұл жерде Елдің шешімі болып тұр. Ал Кенесары қазақ елі мен жерін, Абылай ханнан қалған, өзінің жеке меншігі деп есептеген (1947-ші жылы шыққан кітаптың, 1994-ші жылғы басылымының 284-ші бетін қараңыз).  Абылай хан тәрізді елге қызмет ету емес, қайта елге не істесем де өз еркім деп санаған.  Үйсіндер болса мұндай көзқарасты дұрыс деп санамаған. Орта жүздің белгілі адамдарының Кенесарыға қарсы  шығуының бір себебі осы болса керек. Сондықтан Кенесарының ең басты трагедиясы да осында деп білеміз.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369