Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2992 0 пікір 10 Қаңтар, 2012 сағат 06:29

Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңаөзендіктер сайлау құқықтарын толық пайдаланады»

Президент Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдайдың уақыты ұзартылуына байланысты қалада сайлау шаралары өткізілмейтіні туралы Конституциялық кеңестің шешіміне вето қойды. Яғни, жаңаөзендіктер Конституцияда  көрсетілген сайлау және сайлау құқықтарын толық пайдалана алады. Елбасының бұл шешімі бүгін президенттің ресми сайтында жарияланды. (http://www.akorda.kz/kz/news/2012/01/glava_gosudarstva_nursultan_nazarbaev_nalojil_veto)

«Абай-ақпарат»

Қазақстан Республикасының Конституциясынан үзінді

1-бап

1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

Ескерту. 1-баптың 1-тармағына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2001.12.21 N 18/2 қаулысымен.

3-бап

1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.

2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.

3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.

Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.

4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-баптың 3-тармағына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен.

4-бап

2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.

1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

15-бап

1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

2. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористiк қылмыстар жасағаны үшiн, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету хақы бар.

Ескерту. 15-баптың 2-тармағына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2003.01.30 N 10 қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N254 Заңымен.

17-бап

1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.

2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.

19-бап

1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.

20-бап

1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394