Интернет-конференция: Дос Көшім (жалғасы)
Сайлау қол созым жерде тұр. Әр саяси партия әліне қарай шауып, сайлаушылармен кездесулерін жалғастырып жатыр. Еліміздегі және шетелдердегі түрлі сайлауларды бақылаушы ретінде қадағалаған, тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқарған, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім мырза конференцияға келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.
«Абай-ақпарат»
- Сіздер тәжірибелі қоғам қайреткерлері (Өзіңіз, Қожа Ахмет, Қуанышәлин, Ерғалиева, Батталова, Әбілов т.б.) биліктің «жүйкесін жұқартып болған» танымал, тәжірибелі саясаткерлерсіздер ғой. Сіздер түгілі, қатарларыңызға (жалпы айтқанда) қосылып отырған жас қоғам қайраткерлерінен де (Жанболат Мамай, Инга Иманбай т.б.) кінарат тауып, сайлауға қатыстырмай тастады ғой. Билік сол жастардан да (былайша айтқанда немерелерінен) қауіп күтіп отыр ма сонда?
- Кез келген билік өзіне сын айтқан жандарды жақтырмайды. Өзін-өзі сақтау рефлексі тірі жан түгілі, өсімдіктерде де бар.
- Елімізде болып жатқан саяси оқиғалардың түп төркінін, жықпыл-түкпірін біліп, түйсініп жүрген адамысыз. Аға ретінде айтыңызшы, қазақ жастары не істеуі керек? Кімнен үлгі алуы керек?
Сайлау қол созым жерде тұр. Әр саяси партия әліне қарай шауып, сайлаушылармен кездесулерін жалғастырып жатыр. Еліміздегі және шетелдердегі түрлі сайлауларды бақылаушы ретінде қадағалаған, тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқарған, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім мырза конференцияға келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.
«Абай-ақпарат»
- Сіздер тәжірибелі қоғам қайреткерлері (Өзіңіз, Қожа Ахмет, Қуанышәлин, Ерғалиева, Батталова, Әбілов т.б.) биліктің «жүйкесін жұқартып болған» танымал, тәжірибелі саясаткерлерсіздер ғой. Сіздер түгілі, қатарларыңызға (жалпы айтқанда) қосылып отырған жас қоғам қайраткерлерінен де (Жанболат Мамай, Инга Иманбай т.б.) кінарат тауып, сайлауға қатыстырмай тастады ғой. Билік сол жастардан да (былайша айтқанда немерелерінен) қауіп күтіп отыр ма сонда?
- Кез келген билік өзіне сын айтқан жандарды жақтырмайды. Өзін-өзі сақтау рефлексі тірі жан түгілі, өсімдіктерде де бар.
- Елімізде болып жатқан саяси оқиғалардың түп төркінін, жықпыл-түкпірін біліп, түйсініп жүрген адамысыз. Аға ретінде айтыңызшы, қазақ жастары не істеуі керек? Кімнен үлгі алуы керек?
- Қазақ жастары, ең біріншіден, қазақ болулары керек! Рухы мен намысы бар, басынан сөз асырмайтын, әділетсіздікке төзбейтін, қайсар да дархан, иманды азамат болса жетіп жатыр. Біз қазақтықтан кетіп бара жатырмыз... Ең қорқыныштысы да - сол. Мен кейде «маңдайларыңа жазып алыңдар, бізді құртатын төрт ауыз сөз бар» деймін. Ол - «Онда тұрған не бар?» деген сөз! Ұлтқа қатыста бір мәселе айтсаң, еститінің - «онда тұрған не бар». Осыдан бес-алты жыл бұрын Мақсұт Оразай деген ақсақал Алматы атауын «Алма-Ата» деп жазғаны үшін «АиФ» газетін сотқа бергені бар (жеңіп шықты!). Қазір сол ағамыздың ісін жалғастыратын жастар бар ма екен.
Үлгі алатын тұлғалар да жеткілікті. Сырым мен Кенесарыдан үлгі алыңдар! (1990 жылдары әскерге баратын қазақ жастарының 90 пайызы «кімге ұқсағыларың келеді?» деген сұраққа - «Шварцнегерге» деп жауап беріпті). Қайрат Рысқұлбековтен, Хасен Қожа-Ахметтен үлгі алыңдар.
- Дауыс билік пайдасына мына жолдармен саналып жүр:
1. Байқаушыларды шақырып алып, тамақ, шай береді, барлық жерде тәуелсіз байқаушылар жоқ екені тағы рас, тамақтанып жатқанда Комиссия мүшелері дауысхатты қорабымен салады;
2. пункт іске аспайтын жерде түнгі 3-5 ке дейін отырғызып қояды, байқаушылар комиссия мүшелері кетіп қалады, әбден шаршағанда байқаушылар өз бетімен кетіп тынады, сол кезде хаттама түзетіледі, болды!
3. қолдарына алғашқы санақ бойынша хаттама көшрмесі берілгенмен, жоғарғы ОСК-ға басқа хаттама барады, оны тексеретін бізде бақылаушылар институты әлсіз, тәуелді, Ресей-Беларус-Өзбекстан-Қазақстанның біріккен байқаушылары бар, олар арақ ішіп... Болды! Оппозициялық партиялар да сотқа барып қуынуға қорқады, оларға қатаң ескертіледі.
Осыны біле тұра, демократтарға сайлауға қатысып, халыққа қайта-қайта алданып не керек? Қуыршақ парламентті онсыз ба билік сайлап жатыр емес пе? Білгенін істеп келеді, істей берсін? Бұған не дейсіз?
- 1. Байқаушылар дауыс беретін күні сайлау комиссиясының «құрметтеп» тамақ ішуге шақырғанына бармағаны жөн. Екіншіден, заңда дауыстарды есептеу дауыс беру аяқталған соң, дереу, ешбір үзіліссіз басталады деген бап бар. Сондықтан, тамақ ішуге ешқандай уақыт жоқ.
2. Біріншідегі жауапты қараңыз
3. Бізде байқаушылар институты әлсіз дегенге келісемін. Әрине, Ресей не ТМД бақылаушылары әрқашан биліктің сөзін сөйлеп, «сайлау тамаша өтті» деген баға береді. Кей жағдайда ОБСЕ байқаушылары да «Заң бұзушылықтар орын алды, бірақ ол соңғы нәтижеге әсер еткен жоқ» деген сияқты, сиырқұйымшақтатып жіберетін әңгіме айтады. Сайлау әділетсіз өтіп, ол нақты құжаттармен дәлелденетін болса және ол дәлелді сот органдары көздеріне ілмеуге тырысса, халық өзінің даусын адам құқығы мен еркіндігін қорғайтын, Қазақстанның Конституциясында көрсетілген басқа да тәсілдермен (митинг, пикет, шеру, т.б.) қорғауы шарт.
- Қазір мұнай деген өзінше әлемдік «Құдай» болды ғой. Әлемдік қауымдастық үшін барлық Қазақ қырылып қалса да бәрібір. Барлық дегенді айтып отырмын: Қазақстан барлық Халқымен, Парламентімен, Сенатымен, Министрлерімен, Елбасымен - осылардың бәрін қосқанда да сол мұнай мен газдың алдында түкке де тұрмайды. Осылай ойлап қарауға бол ма, аға, әлемдік саяси ойын тұрғысынан қарағанда. Қанша дегенмен, біз де әлемнің бір бөлшегіміз ғой.
- Мұнай - біреулерге құт, біреулерге жұт болып отыр. Мысалы, Норвегия сол арқылы әлемдегі ең бір бақуатты елге айналып, халқының күн көрісі жоғары деңгейге жетсе, Нигерия аштықтың алдында жүр. Әңгіме жердің байлығында емес, соны халықтың қажетіне пайдалана білетін басқарушыларда, ел билеушілерде. Қазынасы бай елдерге шеттегі алпауыт елдердің көздері түсетіні де белгілі. Кешегі Ирак, Ливан елдері соның дәлелі. Ол уақытта, Сіз айтпақшы - кішкене халыққа үлкен намыс керек!
- Жауаптарыңызда жалтақтау жоқ дегенге келісемін, дегенмен өткір сұрақтар өтпей, Сізге бұл жерде қойылмағандығы анық...
- Сұрақ қоя білу де адамның деңгейін және мәдениетін көрсетеді.
- «Еліміздің тәуелсіздігі баянды болады» дегеніңізге сендім. Бірақ алданып қалмаңыз.
- Рахмет. Бірақ, бір адамға не топқа сеніп отыра берсеңіз, Сіз де мен де далада қаламыз.
- «Мен осыдан оны жыл бұрын мынаны айтқанмын. 20 жыл бұрын мынаны жазғанмын» деу нағыз саясаткерлерге жат қылық болу керек. Қоғамда жылма-жыл өзгерістер болып жатқанда «Вангалықтың» керегі не осы? Саясаткер өткен тірліктен гөрі алдағы болатындарға көп көңіл бөлуі керек емес пе? Осыдан 20 жыл бұрын зейнеткерлікке қой бағып шыққан Әлішер ақсақал да айтқан болатын: «Мен осыныңнан шошимын, келешекте ол халыққа оқ атудан тайынбайды-ау», деп. Сайлау туралы да айтып өткен болатын: «Мына жәшік деген бәлелер ертең халықтың өзіне сор болады». Айтқаны айдай келді. Бірақ ол кісі сол сөзінің рас шыққанын білмей дүниеден озды. Әлішер ақсақал қазіргі саясаткерлерден оқ бойы алда екен-ау?
- Неліктен Әлішер ақсақал саясаткерлерден төмен болуы керек? Қой баққандығы үшін бе? Меніңше, ол кісінің айқанының дәл келгендігі - оның өмірлік тәжірибесінің барлығы, ақылының деңгейі. Егер оны біздің қатарымызға қойып, біздерді төмендеткіңіз келсе, ол мақсатыңызға жетпейтін сияқтысыз. Мен де өмірлік жолымды жүкші болудан бастағанмын. Демек, Әлекең екеуміз бірдейміз. Ал саясаткерлерге қоғамның келешегін барлап білу, болжау - аса қажетті біліктілік деп білемін. Шахматшы да бір жүріспен шектелмей, одан соңғы үш жүрісін жоспарлап отырады ғой.
- Дардай «Ұлт тағдыры» деген қоғамды басқарып отырған Досекең әр облыстардағы филиалдары болмаса, өзі Маңғыстауда бауырлары қырылып жатқанда көшеге шығып: «ау, бауырлар, қойсаңдаршы, бауырларымда қару жоқ, жалаң қол кісіні атпасаңдаршы», деп бір ауыз сөз айта алмағаны қалай болды?! Біз болсақ, желеу қылар ештеңеміз жоқ қолымыз байлаулы отырмыз. Қысқасы партия, қозғалыс,бірлестік тағы басқалары ас-үйде өсек айтқаннан басқа бітірері жоқ мүсәпірлер сияқты.
Ақтөбеден қолы байлаулы Жаныашыр
- Мен «Ұлт тағдырын» республикадағы 15 000 қоғамдық бірлестіктердің бірі деп жүрсем, «дардай» деген сөз естіп, сізге риза болып қалдым. Демек, облыстық бөлімдер өз мүмкіндіктерінше жұмыс істейді екен. Ал басқа пікірлеріңізге келсек, «қолы байлаулы» адамның ашу-ызасы деп қабылдайық. Азат адамның азат сөзіне не жетсін.
(жалғасы бар)
"Абай-ақпарат"