Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 13 Қаңтар, 2012 сағат 05:45

Дінмұхамед Анарбекұлы. АГЕНТ – САУАТСЫЗ ЖАЗУ МЕН САУАТСЫЗ СӨЙЛЕУДІҢ АЙҚЫН КЕПІЛІ...

Қазақ тілінде біршама мәселелер бары белгілі. Еліміздегі және жаһандануға байланысты соққылар тілімізді өз тұғырына шығармай тұрған бір уақытта, елімізді «агент» атты апиын жаулай бастады. Дүние жүзі ғалымдары интернет пен агентке психологиялық және медициналық жақтарынан толықтай зерттеу жүргізіп, оның зиянды жақтарын әшкереледі. Ал филологиялық мәні, оның тілге тигізетін зияны әлі толықтай зерттелмеген.

АГЕНТТІҢ МӘСЕЛЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК ДӘРЕЖЕДЕ КӨТЕРУ ҚАЖЕТ

Агенттің зияндығы жайлы мақалалар, зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп жарияланды және жариялануда. Оның вертуалды өмір екенін, оған кірген адам басқа дүниеге кіріп, шынайы дүниеден айырылатындарын да психологтар тәптіштеп дәлелдеп беруде. Алайда «ауыз айтқанмен» мәселе шешілетін түрі жоқ. Мұныменен жастар агенттен айырлар түрі бар ма?

Қазақ тілінде біршама мәселелер бары белгілі. Еліміздегі және жаһандануға байланысты соққылар тілімізді өз тұғырына шығармай тұрған бір уақытта, елімізді «агент» атты апиын жаулай бастады. Дүние жүзі ғалымдары интернет пен агентке психологиялық және медициналық жақтарынан толықтай зерттеу жүргізіп, оның зиянды жақтарын әшкереледі. Ал филологиялық мәні, оның тілге тигізетін зияны әлі толықтай зерттелмеген.

АГЕНТТІҢ МӘСЕЛЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК ДӘРЕЖЕДЕ КӨТЕРУ ҚАЖЕТ

Агенттің зияндығы жайлы мақалалар, зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп жарияланды және жариялануда. Оның вертуалды өмір екенін, оған кірген адам басқа дүниеге кіріп, шынайы дүниеден айырылатындарын да психологтар тәптіштеп дәлелдеп беруде. Алайда «ауыз айтқанмен» мәселе шешілетін түрі жоқ. Мұныменен жастар агенттен айырлар түрі бар ма?

Мәліметтерге сүйенсек, mаil.ru агентті 1 минутта 2 миллион адам қолданады екен. Ал елімізде интернетті пайдаланатын адамдардың саны 3 миллионға жуық. Бұл көрсеткіш агентті пайдаланушыларды есептемегенде шыққан нәтиже. Ендеше, 3 миллион интернет пайдаланушыларға мобильді агент пайдаланушыларды қосып есептей беріңіз. Қазір еліміздегі әрбір жасөспірімнің қолында бір-бір ұялы телефон бар деп есептесек, олардың 90%-ы агентпен ауырады. Күнінің кем дегенде 7-8 сағатын ұялы телефонға термілумен өткізеді. Бұл деген өте қорқынышты жағдай. Еліміздегі жасөспірімдердің 90%-ы өзге бір дүниеде күн кешіп жатыр деген сөз. Психологтардың айтуынша, вертуалды өмірде жүрген адам шынайы дүниемен байланысы нашар, кез келген нәрсеге ашуланшақ, адаммен жарқын қабақты сөйлеспейтін, мінезі қатулы болып тәрбиеленеді-мыс. Мәселен, соңғы уақыттарда еліміз суицид бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Өз өзін өлтіріп жатқандардың дені жастар мен жасөспірімдер. Бұлардың мұндай ауруға шалдығуына агент себеп емес деп айта аламыз ба? Әлеуметтік жағдайлар да себеп. Бірақ, суицидтің өршуі елімізге mail.ru агенттің келуімен астасып жатыр.

Мәселен, технологиясы өте жылдам қарқынмен дамып жатқан Оңтүстік Корея интернетке тәуелді адамдардың саны тым көбейіп бара жатқандарын ұлттық деңгейге дейін көтерді. Жақында осы елде бір жігіт «интернетке көп кіресің» деп айыптағаны үшін шыдай алмай, анасын өлімші қып сабап, 20 жыл бас бостандығынан айырылған. Ал компьютердің алдында ас-сусыз, ұйқысыз 5 күн отырған адам әбден шаршағаннан көз жұмған. Тағы бір ерлі-зайыпты интернетке әуестенгені соншалықты, 3 айлық сәбиінің аштан өлгенін байқамапты.

Мұндай жағдайлар Қазақстанда шығып жатқаны туралы деректер тіркелген жоқ. Алайда жастардың психологиясы ауруға шалдығып жатқаны белгілі. Олар шынайы өмірден мүлдем алыстап кеткен. Ең сорақысы, олардың санының өте көптігінде. Вертуалды өмірде жүргендіктен олар шынайы өмірдегі адамдармен ара-қатынасы суып, суицид сияқты ауруларға шалдығуы әбден мүмкін екендігін дәрігерлер де жоққа шығармайды. Ендеше, Оңтүстік Корея сияқты агентті мемлекеттік дәрежедегі проблемаға  не үшін көтермеске?

Қазақ тілінің агентте қорлануы

Mail.ru агентті компьютер арқылы пайдаланатындарға қарағанда мобильді агентті пайдаланушылар өте көп. Ал ұялы телефондардың басым бөлігінде қазақ тіліне тән «ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ» дыбыстары жоқ. Сол себепті агентте тіліміздің шұбарлануы көптеп кездеседі. Сонымен бірге «агентшиктер» ұзақ сөздерді жазуға ерінгендіктен, оларды бейсауат қысқартып қолдана береді. Мәселен, мына бір диалогқа қараңыз:

-  Салем. Калай?

-  Жаксы. Озин?

-  Жаксы. Не истеп? Не жан?

-  Тыныштык... Озинде?

-  Тыныш...

Осылайша диалог өрби береді. Ана тіліміз орыс тілінің ықпалынан шыға алмай жатқанда, оған агент келіп қосылды. Қазақ тілді агенттің нұсқалары бар.Алайда агентіңізді қосқан бойда «Қотарылуда» деген жазу шығады. Бұл агентіңіз қосылып жатыр деген сөз. Қазақ әдетте қазандағы тамақты түбін көрсетіп құйып алғанда, тауысып қойғанда «қотарып алды» деп айтады . Ал «Бағдарламалар теңшеліміндегі» «Спамға қарсы» бөлімінен «Елемеу, бірақ сақтау», «Ашу, бірақ алдымен сұрау», деген сөздерден не ұқтыңыз? Әйтпесе, «Байланыстар тізіміндегі» «Сүзіп жүретін» байланыс ақпараттарын бейнелеу», «суретті «сүзіп жүретін» байланыс ақпараттар ішінде бейнелеу», «Контактіге тінтуірді апарғанда қалқымалы кеңестерді көрсету», «Бейне шеттеріне жабысып қалу мүмкіндігі» дегендерді түсінесіз бе? «Антиспамды баптау» дегеннен не ұғуға болады?

Осы себепті агенттің қазақша нұсқаларын қолданушылар кемде кем. Жастардың көбісі агенттің орысша нұсқаларын қолданады. Мәселен, агенттегі орысша аралас мына диалогқа қараңыз:

-      Привет!

-      Салем!

-      Мы знакомы?

-      Нет, но бирак сиз маган дружба предлогать еттиниз...

-      А-а-а!

-      Кай жактансыз?

-      Семейден. А вы?

-      Талдыктан.

-      М-м-м!

-      Настроениен как?

-      Нормально! А сиздин!

-      Тоже жаксы.

Мұнан артық тілді қорлау бола ма? Бұл диалог қазақша ма, әлде орысша ма? Ажырата алмайсыз.  Жастарымыз агентте кем дегенде күніне 7-8 сағат сөйлесіп отырса, тілдері қандай болып шықпақ? Ертең бетпе-бет кездескенде үстіп сөйлесетін болса, өз тұғырына шыға алмай тұрған тілімізді қалай түзейміз?

Жасөспірімдердің сауаттылығын тексеру мақсатымен ауылды жердегі бір мектептің 9-сынып оқушыларына зерттеу жүргізіп көрдік. Тексеру барысында, сыныптағы 20 оқушының 16-сы сабақ үстінде агентте отыратынын анықтадық. Бұл сыныптағы оқушылардың 80%-ын құрайды. Бұл тек сабақ үстіндегі агент қолданушылар. Сабақтан соң, бос уақытында бұл оқушылар арасындағы агент пайдаланушыр 100%-ға жететініне күмән жоқ. Оқушылардың сауатты жазуын тексеру мақсатымен қазақ тілі пәнінің мұғалімімен келісе отырып, әділ түрде «диктант» жұмысын жүргіздік. Нәтижеде, 20 оқушының екеуі «2», он екісі «3», төртеуі «4», қалған екеуі «5» деген бағаға лайық болды. Міне, бұл шағын бір мектептегі шағын бір сынып. Елімізде осындай сыныптардың қаншамасы бар. Жастарымыз болашақта бір-бірімен осылайша агент тілімен сөйлесетін болса, қазақ тілінің біткен күні сол болуы керек.

Агенттің мұнан басқа толып жатқан зияндығымен кесірі қаншама екені белгілі. Жастарымыз уақыттарын босқа сарп етуде. Сабақ оқып, спортпен шұғылданып, пайдалы әрекеттердің орнына агентке байланып отырады. Бұл жағдайда жастарымыздан болашақта үміт күтуге бола ма? Біраз жылдан соң еліміздің тізгінін кімге тапсырамыз? Өзге әлемде өмір сүріп жатқан осынау мәңгүрттерге ме? Әлде, тілдері шұбарланған шұбар жыландарға ма? Ойланайық.

Дінмұхамед Анарбекұлы

2-курс студенті

http://www.mtdi.kz/kz/makalalar/til-bilimi/683-agent-sauatsyz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6196