Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2619 0 пікір 14 Қаңтар, 2012 сағат 11:28

Сәкен Бозаев. Бетке айтқан - бұзақы, ақиқатты айтқан - жалақор ма?

Бұлтарма-жалтармасы жоқ,  көңілі ояу, көзі  қарақты  қырдың қара шалдары бүгінгі  күйбең тіршілікке  салқын қабақ танытып жүргені  анық.

Ауыл қазағының қазақы тірлігі мен болмысының қаймағы бұзылмаған кездерін  естеріне алып, терең күрсінеді.      «Пәлен жерден шатақ едік, пәлен жерден бұтақ едік» дейтін  ағайындық аражігі ажырамай,  бір -біріне қол ұшын беруге дайын отырушы еді.  Қыс кетіп,  қар көбіктене бастаған ерте көктемде шай-суы, кебежедегі қысқы  азық қоры ортайған тұста:  «... ана пәленшенің үйіндегі келінге барып келші.  Бір қайнатым шай берсін, бір асым ет берсін, бір тостаған ұн берсін» деп,    Күңбас шал  кемпірін  көрші ағайындарына жұмсап отыратын еді. Үлкенді сыйлаған әдепті келіндер Күңбас қарттың қара кемпірін құр қол жібермейтін.  Қазіргі  нарықтың қараңдығына  берместің сараңдығы қосылған заманда   бүгінгінің  базаршы келіндерінен  ондай жомарттықты  дәмете алмайсың.

Қыс қатты болған сол бір жылы  жем-шөбі ерте түгесілген    Күңбас шалдың 3 ешкісі бірінен кейін бірі шығын болған екен.

- Енді, мал   іші болған соң өлім-жітім болмай тұра ма? - деп ,  кемпіріне басу айтқан  қарт,  қалған екі  ешкісі өлгенде  кейіген кемпіріне:

- Мал  бар болған соң өледі, жоқ болса не өлер еді.  Шүкір,  өлім-жітім енді тоқталатын болар, - деп, кереге басында ілулі тұрған қара домбырасын алып:

Бергенше екі-үш ешкі  қышындырып,

Бермей ме  үйірлі  мал ұшындырып....- деп,    әдеттегі ыңылына сала бастаса керек.    Қатпа кемпірі: «Қартайғанда  щаруа қамын  ойламай, түлен түртіп, домбыра шертіп, өлең айтқандай  ішіңді не жарып барады», -  деп, кейістік қылыпты.

- «Ішің  неге жарылады» дейді, мына Қатпыш ?!.  Жұрттың іші жарылып жүргенде менің басым жарылып жүруі керек пе екен?! Жұрттың жегені мен ішкен жүз граммын кезінде мен де ішкем.  Ішіп қалған, жеп қалған ұрлығы барлардың ар жағында не жатса да құрым киіздей   көзге көрінбейді.  Менің ыңылым неге ерсі  көрінеді саған?!.  Күйлегендік емес, күйінгендіктен айтылып  жатқан  ыңыл емес пе ?...

... «Қартайғанда түлен түртіп» дейді... Бағы жанғандар - ашыған айранның бетіндей көпіріп жүр.  Бағы жанбай, ешкісі де арам өлетіндердің - іші мерезденіп, өз буына өзі тұншығып жүр. Біреулер тасып жүргенде қалғандар жасып жүрсін дегендей   ит екеш ит те көнбейтін  кезеңге тап болдық.  Жанашырлық  орнына    жалын күдірейтіп, тоқпақ  ала  шабатын әпербақандыққа  тап болдық.  Осы күні аузын ашса «бірлік, тұрақтылық» деп қақсайды. Ал іс істесе барлығын «шілдік- білдік» қылып жібереді.  Сонда  бұл қалай дегендікі теріс, «ләббай» дегендікі дұрыс бола бере ме?.»....  Күңбас қарттың   бұл  сөзін  естір айналасында  қара кемпірінен басқа ешкім  қалмаған секілді.

Анау  Омартоғайдағы    Ожырай   кешегі  кеңес  кезінде  атқа мініп, белсенді болғандардың  бірі еді.   Енді қартайғанда  тасбиық  санап, қалған азғантай тірлігінде  ащы шалап ішпей,  өңешін бітеп,  көзін жұмып, тілін тістеп отыратын тірлікті мойындағысы келмей жүргендердің бірі.   Өтірікті шын демейді. Бұрысты дұрыс демейді. Өзгенікін өзімдікі дегендерді  аяғын астауға салған қотыр лақтай көреді...  Сол  Ожырай   бүгінде әкім  қаралар отырған кеңсенің босағасын  алдымен аттайтын адуындығы үшін   «аузы қисық, мұрны қысық  - көкбет шал»   атанып жүр.

... Анадағы бір жиында     беті жылтыраған  желімбет әкімнің жетіп тұрған дүниені жеткізбей, өтіп тұрғанды өткізбей жүрген оралымсыздығын айтып салды.   Орайы келгенде айтылмаған сөздің атасы өледі.   «Орынды жерінде айтылмаған сөзден орынсыз жерде тышқан боқ артық» деген. Арғы аталарымыз аларынан айрылса да, айтарын жібермеген.

«Пыш-пыштағанға жұрттың бәрі шебер.  Бетке айтар сәтте  бас көтерер сөз иелері табылмай жатады.  Жыбырлап-сыбырлап  айтады. Қайдағы бір алары жоқ, қосары жоқ пәтуасыз сөзге келгенде  сампылдайды.  Айтарымызды  айта білмегендіктен аларымыздан айрылып, көрінген көк аттыға жем болып жүргеніміз.     Бұқпантайлық құрымай  бұрыстық құритын ба еді, түге ?!» , - депті  Малдыбайдың  бала піштіру тойында.  Әкім  қаралардың ығына қарай сөйлеуге әбден маманданып алған  іріңкөз  белсенді Бөсербайдың мылжыңын естігенде  шыдай алмай :

« Жарықтық жайсаң сөздер-ай, мынандай  ыңыршақ ауыздарға қор болған» , - дегені бар.  Жұмыр жерді қатар басып жүрсек те   ортақ талап, ортақ туралық жоқ.  Халық алып берген абыройды айбатқа, ел көрсеткен сенімді ел үркітер құқайға айналдырып,  бастан секіретін астамшылық жасап өз халқына  қару жұмсаған  сұмдықты кім көрген.

Халықтың бабын табудан  биліктің бабын табу қиындап барады. Бетке айтқанды -  бұзақы, ақиқатты айтқанды -  жалақор атандырады.   Істелген өрескелдікті  тергемей, айтып отырған ауызды,  көрген көзді, естіп отырған құлақты  тергейді.   Өз жөнін түзеудің орнына бетке айтатындардың тілін күзеуге кіріседі. Барша қиянаттың басы осыдан бастау алып жатыр.    Бүгінгі биліктегілер  төменде жүргенде  жылмаңтөс, төбеге шығып алған соң     періге ұқсайтын індетке тап болған сыңайлы.  Әй,  бұралқы  бұлаңға айналған    заман-ай!....

Атырау облысы,

Құлсары қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір