Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3261 0 пікір 26 Қаңтар, 2012 сағат 22:45

Жолымбет Мәкішев. Телеарналардағы тұрпайы тәржімалар

Кейінгі кезде телеарналардың көбісі шетелдік телесериалдармен жыртықтарын жамайтын ауру тауып алды. Әйтеуір дайын өнімді шала-пұла тәржімалап эфирге топырлатып бере береді. Бұлай деуіміздің себебі бар. Өткенде осындай телеарналардың  бірінен екі адамның арасындағы сұхбаттың аудармасын көзім шалып қалды. Сериал француз қолбасшысы Наполеон туралы екен. Генералмен кездейсоқ танысқан әйелдердің біреуі оған:  «Менде бұрын офицерде күйеуде болғам» деп маңғаздана жауап берді. Басында кейіпкердің не дегенін түсінбей қалдым. Аудармашы қате жіберген шығар деп ойлағанмын. Сосын зерделей келсем, бұл - орыстың «Я тоже было замужем за офицера» деген сөзінің тікелей тәржімасы болып шықты. Егер оны Қазақшаласақ «Менің бұрыңғы күйеуім де офицер болған» деген сөз шығады...  Ал сауатсыз аудармашылар оны  қазақшалай алмай, қойыртпаққа айналдырып жіберіпті.  Өкінішке қарай, біздегі аудармашылардың көбісі осы салада баяғыдан бері келе жатқан «аудармашының міндеті аудару емес, қазақша сөйлету» деген қарапайым қағиданы біле бермейді. Сенің еңбегіңді жұрт аударма емес, тұпнұсқаның өзі екен деп қабылдауы қажет емес пе?  Бұған қабілеті жетпегендерді тәржімаға жақындатпаған жөн.

Кейінгі кезде телеарналардың көбісі шетелдік телесериалдармен жыртықтарын жамайтын ауру тауып алды. Әйтеуір дайын өнімді шала-пұла тәржімалап эфирге топырлатып бере береді. Бұлай деуіміздің себебі бар. Өткенде осындай телеарналардың  бірінен екі адамның арасындағы сұхбаттың аудармасын көзім шалып қалды. Сериал француз қолбасшысы Наполеон туралы екен. Генералмен кездейсоқ танысқан әйелдердің біреуі оған:  «Менде бұрын офицерде күйеуде болғам» деп маңғаздана жауап берді. Басында кейіпкердің не дегенін түсінбей қалдым. Аудармашы қате жіберген шығар деп ойлағанмын. Сосын зерделей келсем, бұл - орыстың «Я тоже было замужем за офицера» деген сөзінің тікелей тәржімасы болып шықты. Егер оны Қазақшаласақ «Менің бұрыңғы күйеуім де офицер болған» деген сөз шығады...  Ал сауатсыз аудармашылар оны  қазақшалай алмай, қойыртпаққа айналдырып жіберіпті.  Өкінішке қарай, біздегі аудармашылардың көбісі осы салада баяғыдан бері келе жатқан «аудармашының міндеті аудару емес, қазақша сөйлету» деген қарапайым қағиданы біле бермейді. Сенің еңбегіңді жұрт аударма емес, тұпнұсқаның өзі екен деп қабылдауы қажет емес пе?  Бұған қабілеті жетпегендерді тәржімаға жақындатпаған жөн. Кезінде Шарль Нодьенің былай дегені бар: «Он аудармашының тоғызы тәржіма жасалатын тілді түсінбейді, ал тіл білетін он адамның тоғызы аударылатын тілді жете білмейді». Өкінішке қарай, бұл барша аудармашыларға ортақ ауру. Бірақ өз тілін толық түсінбей тұрып, басқа тілден бірдеме аударғысы келетіндердің тірлігін түсіну тіпті мүмкін емес.

Аталған салада білдей маман атанып жүргендердің көбісі «аудармашының міндеті қандай?» деп сұрасаң «аудару» деп қарабайыр жауап қайтаратынына сенімдімін. Мұндай тұрпайы түсінікпен біз қазақ тілін өрге бастырмаймыз. Ал қазақтардың өзі өз ана тілінде жатық жаза алмай жүрген соң, басқалардан тіл білуді талап ету әбестік шығар?  Қазақ тілі қазір осындай шаласауатты «мамандардың» кесірінен аударма тіліне айналып кетті. Тіпті жәй ғана аударма тілі емес, «түсініксіз тәржіманың» тіліне  айналды. Сондықтан жұмысқа қабылдамас бұрын аудармамен айналысқысы келетіндердің мүмкіндігін жан-жақты тексеріп алған дұрыс. Егер осы салаға әбден төселген, қазақ тіліне кіршіксіз аударатын адам болса ғана оған тәржіманың тізгінін ұстату керек.

Сөздің соңында өзін жақсы аудармашымын деп жүргендерден мына бір азғантай сөйлемді тәржімалап шығуды ұсынамыз. Аудармасын осы мақаланың астына коммент ретінде жазып жіберсе болады. Ал оның қазақша мағынасы қалай болатынын кейінірек жариялаймыз. «Греция лежит на перекрестке важных морских и воздушных путей, связывающих развитые в экономическом отношении государства Зарубежной Европы с богатыми разнообразными ресурсами странами Ближнего Востока»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320