Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3794 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:22

ГЕРМАНИЯДАН КЕЛГЕН СӘЛЕМДЕМЕ

Неміс елі мен Қазақстан оның ішінде Маңғыстаудың арасындағы тарихи байланыс тамырын тым те-реңге тартып әкетеді. Ең алдымен бұл түбектің зерттелуінде, ғылы-мында неміс ұлты өкілдерінің қол-таңбасы жатыр. Атақты К.М.Бэр Каспий теңізін зерттеп Фортқа келген болса Бларамберг Каспийдің Шығыс жағалауын картаға түсірді. Мейер Форттан бастап Жем сағасына дейінгі өңірден тамаша танымдық очерк жазып қалдырды. 1825-26 жылы орыс армиясының полковнигі (кейіннен генерал) Ф.Берг үлкен кешенді экспедицияны бастап Үстіртті зерттеді. Алдыңғы екі ғасырдың астасуында этнограф ғалым Р.Карутц Маңғыстауда бірнеше рет болып зерттеуінің нәтижесінде артына 50-ден астам түсірген фото, қолмен салынған суреттермен безендірілген. «Маңғыстау түрікмендері мен қазақтары арасында» атты кітап жазып қалдырды. Басқаны былай қойғанда түбекте салынған алғашқы қамал қала Форттың бас құрылысшысы инженер капитан Геннерихтың да ұлты неміс. Бұл байланыс тіпті бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде де жалғаса беріп, Форттағы неміс тұтқындарының өл-гендеріне қазақ шеберлерінің қо-лымен ескерткіш ұстын қашалды. Негізі немістің өздерінің сызбасы бойынша жасалып немісше «Сол-даттарға жолдастарынан» деп жа-зылған ол ескерткіш қазір Фортта орыс зиратында тұр.

1873 жылы орыс әскерінің Хиуаны жаулау жорығына Маңғыстау отрядының құрамында Кендірліден бастап неміс армиясының офицері Г.Штумм қатысқан екен. Ол осы сапарынан неміс тілінде екі кітап жазып қалдырыпты. Әскери барлаушы болу себепті ол сурет те салады. Кітабында Кендірлі шығанағы, Тоқмақ тауының теңізден көрінісі, артқы Қауынды, Сенек құдығы, Бесоқты, Қарашықтағы көне қауым, Балуанияз моласы, Қарауылкүмбет, Хиуа қаласы, Ембі қамалы, тағы басқа бірнеше суреттер бар. Екі кітаптың бірі Дюссельдорфта, бірі Берлинде сақталып келіпті Ол өлкетанушы та-рихшыларымызға әрине бертінде, Қазақстан егемендік алған соң ғана белгілі болды. Жақында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тікелей араласуы нәтижесінде ҚР-дың Германиядағы елшілігі арқылы сол екі кітап алдырылды! Кітаптарда суретке қоса түрлі-түсті карталар да бар болып шықты. Ендігі міндет - оларды өз ана тілімізге аударып, ғылыми атаулық көрсеткіштерімен, түсініктерімен бастырып шығару.
Г.Шутумм туралы аз мәлімет. Ол Вестфаль полкінің аға лейтенанты. Жорыққа өз ынтасымен келіп қатысқан. Әскери атағының кіші офицерлігіне қарамастан өз ортасында салмағы бар адам болғандай. Оның бір дәлелі Ма-хашқалаға келген соң Германия императорына Каспий жағасына жеткені туралы жеделхат жолдауы. Кавказда жол үстінде ол осы жорыққа өз ынтасымен қатысу үшін суыт келе жатқан Бас штаб офицері майор М.Алиханов-Аварскиймен танысып, достасады. Аварский «Хиуаға жорық» кітабында жаңа дос серігі туралы ілтифатпен жазады. Шөл даладағы жорық немістің ақсүйек бекзадасына оңай тимегендей. Үстірт ернегіне көтері-ле бере қатты ауырған оны түйеге артып жүруге тура келіпті.
Хиуадан Г.Штумм журналист Дж.Макгаханмен, суретші В.В.Ве-рещагинмен танысады. Хиуадан Россияға қайту сапары Үстірт арқылы солармен бірге болады. Хиуаға жорыққа Кауфман жасағы құрамында қатысқан, жол бойында қазақтардың адалдығына, адамгершілігіне тәнті болып, осындай халыққа оспадар орыс қандай өр-кениет әкелмек деп жазған Макгахан кейін Хиуаның отарлануы туралы еңбегінде Г.Штумм жазбаларына сүйенгенін, оның шын-шылдығымен, дәлдігімен құнды екендігін айтады.
Артынан бірнеше жылдардан кейін Фортта Хиуа жорығының құр-метіне шойыннан құйылып ескерт-кіш орнатылды. Ол ескерткіштің тұғыры қазір Форттағы өлкетану мұражайында тұр. Сонда жазылған белгілі жорықшылар тізімінде Штуммның да аты жазылған.
«Ғалымның хаты өлмейді» деген рас екен. Штуммның жазғандары авторының аяғы басқан, зерттеу объектісіне айналған өлкеге 136 жылдан соң оралды. Бұл биылғы Қазақстанның Германиядағы жылындағы елеулі оқиға болып отыр.

Ә.СПАН.
Редакциядан: «Маңғыстау» газеті алдағы уақытта Г.Штумм еңбегінің аудармасынан үзінділер жариялауды жоспарлап отыр.
«Маңғыстау» облыстық газеті 18 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371