Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5666 6 пікір 9 Ақпан, 2021 сағат 12:42

Тіл ғылымымен кім шұғылданбақ?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 20 қарашадағы № 453 Жарлығы бойынша тіл саласындағы барлық функциялар Мәдениет және спорт министрлігінен Білім және ғылым министрлігіне өтуі керек болатын. Бұл негізі қуанарлық-ақ бастама еді. Мәдениет пен ғылымның ара-жігін ажыратса, қос министр Райымқұлова мен Аймағанбетовтерге өз саласында емін-еркін жұмыс жасауына жол ашып берер деп үміттенгенбіз. Алайда, тіл ғылымының бөлігі саналатын ономастиканы Мәдениет министрлігі өз құзырында алып қалуға әрекет жасап жатқаны туралы ұзынқұлақтан әңгіме естіп жатырмыз!

Мұндайды «бүйректен сирақ шығару» дейді қазақ.

ХІХ ғасырдан бері бүкіл әлемде жарық көрген барлық сөздіктерде, энциклопедияларда, анықтамалықтарда, оның ішінде «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы деген анықтама берілген.

Демек, ономастика мен тілді ажырату - тіл ғылымын екіге бөлу деген сөз.

Сөзіміз жалаң болмасын! Енді заңнан мысал келтірейік.

«Тіл туралы» Заңның 1-бабында да ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi деп тайға таңба басқандай көрсетілген.

Заңда осылай деп тұр. Сонда Мәдениет министрлігі өз саласын ысыра тұрып, тіл ғылымын, яғни ономастиканы зерттемек пе? Солай болғанның өзінде тіл мен ономастиканы бөлу үшін алдымен заңды өзгерту керек емес пе?

Жер-су атаулары, кісі есімдерінің шығу этимологиясын зерттеуге елімізде тіл ғалымдарының 20-дан астам диссертациясы арналған екен. Осыдан-ақ, тіл мен ономастиканы бөлуге болмайтыны байқалмай ма?

Айналайындар-ау, ономастиканы тек көшеге, нысандарға атау беру деп қарамау керек қой. Ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін антропонимика, жер-су атауларын зерттейтін топонимика деген салалары бар екенін неге ұмытасыңдар! Бұл жұмысты тіл ғалымдары, Тіл комитеті өз құзырына сай алып жүруі керек екені айтпаса да түсінікті. Латынға өтер шақта атауларды дұрыс жазуда да сауаттылық керек болады. Мұны да қаперден шығармау керек емес пе?

Бүкіл әлемде орныққан ғылыми ұғымды бұрмалаудан да тайынбай, заңды белден басып тіл мен ономастиканы бөліп жіберсе, оның соңы не болмақ?

Бізді осы сұрақ мазалайды...

Қанат Әбілқайыр

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391