Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
5040 1 пікір 26 Ақпан, 2021 сағат 14:12

Хашогги өліміне Ханзаданың қатысы болуы мүмкін

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман оппозициялық журналист Жамал Хашоггиді өлтіруге тапсырыс берген немесе мақұлдаған болуы мүмкін.

Америкалық арнайы қызмет дайындаған баяндамада осындай тұжырым жасалған. Құжат бейсенбіде жарияланады. Баяндамен танысқан адамдар бұқаралық ақпарат құралдарына осылай деп хабарлаған.

Шетелде тұрып, Сауд Арабиясының билігін батыс баспасөзінде сынаған журналист Жамал Хашоггиді 2018 жылы Стамбулдағы сауд консулдығы аумағында өлтірді. Одан соң оның денесін бөлшектеп, Сауд Арабиясының консулдығынан алып кеткен. Марқұмның бөлшектенген денесі әлі табылмады.

Журналист өліміне ханзада Мұхаммедтің қатысы болуы мүмкін деген болжам сол кезде-ақ жиі айтылған. Ханзада бұны жоққа шығарып отыр. Сауд Арабиясы журналисті консулдықта өлтірді дегенді жоққа шығарғысы келген, бірақ кейін мойындаған. Сауд арнайы қызметінің журналисті консулдықта өлтірген адамдары ешкімнің бұйрығынсыз әрекет еттік деген. Олардың ісі сотқа жетті. Хашогги отбасы кісі өлтірушілерге рақымшылық бергенін мәлімдеді. Сауд Арабиясының заңдарына сәйкес, рақымшылық алған адам өлім жазасына кесілмейді. Сол себепті сотталушыларға түрме жазасы белгіленген.

Баяндамада тақ мұрагерінің кісі өлтіру қылмысына қатысы барын айғақтайтын тікелей дәлел жоқ деп хабарланды, бірақ арнайы қызмет мұндай операция Мұхаммед бин Салманның рұқсатынсыз өтпейді деп топшылаған.

Мәліметтерге қарағанда, АҚШ президенті Джо Байден баяндама мазмұнымен танысқан, енді ол Салманмен телефонмен сөйлескісі келеді. Бұның алдында Байден Эр-Риядпен қарым-қатынасты "қайта қарау керектігін" мәлімдеген. АҚШ Йемен жанжалында Эр-Риядты қолдаудан бас тартады деген Байден.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бейсенбіде Сауд Арабиясының сыртқы істер министрімен телефонмен сөйлескен. Олардың баяндаманы талқылаған-талқыламағаны белгісіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965