Дінмұхамед Анарбекұлы. Тілдегі тартылыс заңы немесе сауатсыз кондукторлар
Ньютонның тартылыс заңын еске алсақ. Ол заң бойынша табиғаттағы кез келген тірі, не өлі материя бір-біріне тартылып, бір-біріне әсер ете алады. Мәселен, адамдарды алайық. Олар өздерінің шешен, көркем сөздері арқылы екінші бір адамды өзіне тартып, оған белгілі бір дәрежеде әсер етеді (оны жылатады, күлдіреді, мұңайтады т.б.). Адамдар ішінде бұл заң, әсіресе, даңқы шыққан тұлғаларда болады. Бір концертте әншілерден құралған топ өзінің мұңды әнімен мыңдаған көрерменге әсер етіп, олардың көздеріне жас үйірді («СӘТ» триосы «Қайтер едік өмірге келмегенде...»).
ҚазҰУ-дың аялдамасында қоғамдық көлік күтіп тұрған едім. Сол кезде бір студент келіп «Байт(ұ)рсынов(а)» көшесіне қалай баруға болатындығын сұрады, оған жол сілтеп жібердім. Бірақ әлгі студент көшенің атын қазақша айтты ма, әлде орысша айтты ма? Түсініксіз болып қалды.
Өзім күткен 105-ші автобусқа мініп, «Саяхат» автобекетіне бара жаттым. Автобус іші лық толы адамдар. Дені студенттер. Артқы есігінде тұрған қазақ кондуктор көшелердің аттарын рет ретімен дауыстап атап жатыр: «Тимирязева - Байт(ұ)рсынов(а)», «Байт(ұ)рсынов(а) - С(ә)тбаев(а)», «Байт(ұ)рсынов(а) - Абая», «Абая - Желто(қ)сан», т.б. Кондуктор қазақша айтып жатыр ма, әлде орысша ма? Аңғара алмайсың. Тілді шұбарлатып жатыр. Орысша болса «Байт(у)рсынов(а)», қазақша болса «Байт(ұ)рсынов» болмай ма? Дұрысы осы.

Әлгі менен «Байт(ұ)рсынов(а)» көшесін сұраған студент есіме түсіп кетті. Ол бейшарада жазық жоқ екен дедім, ішімнен. Мен отырған автобуста шамамен 30-40 адам бар еді. Оның 20-дан астамы студенттер. Кондуктор көше атауларын қате айту арқылы осы адамдардың барлығына әсер етіп жатыр. Адамдардың құлақтарына қате атаулар жатталуда (бір нәрсенің атауын күнде ести берген соң, ол әлбетте жатталып қалады). Ал, қате айтылған «Байт(ұ)рсынов(а)» атауын бір жүрісте кондуктордың он шақты рет атағанын байқадым. Осылайша бір кондуктор жүздеген, тіпті мыңдаған студенттерге әсер етіп, тілдерін шұбарландырып жатыр. Бұл бір ғана мысал.
Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің саны қанша екендігін жұмыс жасайтынын Алматы қаласының ресми сайтынан іздеп таба алмадық. Сондықтан қанша қоғамдық көліктер бар екенін білу үшін болжам жасауға тура келді. Мәселен, ҚазҰУ аялдамасына тоқтайтын 45-ші автобус әр 5 минут сайын өтіп тұрады. Оның бастапқы аялдамасынан соңғы аялдамасына дейін жету уақыты шамамен 1 (60 мин) сағат деп есептесек, Алматы қаласы бойынша 105-ші автобустың саны 12-ге жетеді екен (60:5=12). Осы мысалдан-ақ, қаламызда мыңнан аса қоғамдық көліктер жұмыс жасайтынын аңғардық. Троллейбус, трамвай және валидаторлы автобустарды есептемей, нақты кондуктор арқылы жұмыс жасайтын мың автобусты ғана есепке шығарамыз. Бірде, кондуктормен әңгімелесу арқылы, күніне бір автобус 70 мың теңге пайда табатынын естіген едім. Жол ақысы 50 теңге екенін ескерсек, күніне бір автобусқа 1400 адам отырады екен (70000:50=1400). Бір автобусқа бір адам 2-3 реттен отыратынын ойласақ, күніне бір автобусқа нақты 500 адам отыратыны белгілі болады. Әрине, орта есеппен.
«Ма(қ)атаев(а)», «(Ә)уезов(а)», «Жандосов(а)», «Рыс(қ)ұлов(а)», «С(ә)тбаев(а)», «Но(ғ)айбаев(а)», «(Қ)онаев(а)», «Байза(қ)ов(а)», «Б(ө)кейханов(а)», «(Қ)айырбеков(а)», «(Қ)алдая(қ)ов(а)», «(Қ)арасай батыр(а), «Б(ө)генбай батыр(а), «(Ә)йтиев(а)» т.б. көшелерді қате атайтын адамдар көбейіп кетті. Әрине, бұл есімдер мен тектер әйелдерге тиісті болса атау дұрыс болатын еді. Бірақ оның барлығы да қазаққа белгілі тұлғалардың, ер адамдардың есімдері мен тектері. Қазақ үшін қызмет еткен бұл тұлғалардың есімдерін шұбарландырғанша, оны орысша айтқан әлдеқалай жақсырақ. Ендеше белгілі тұлғалардың есімімен аталатын көшелерді халықтың қате айтуына кімдер үлгі болып жатыр? Ол, әрине, кондукторлар. Күн сайын автобусқа мінген халықтың миына осылай қате атауларды құя берген соң, осындай қате атауларды күнде тыңдай бергеннен кейін ең сауатты филологыңның өзі жаңылыса бастайды (автобустағы 30-40 адамға 1 кондуктор әсер етуде). Ал студенттер мен оқушыларды айтпаса да болады. Бір автобусқа күніне 500 адам мінетін болса, мың автобусқа жарты миллион адам отырады екен. Осылайша, күн сайын жарты миллион адамның сауатсыз болуына кондукторларымыз өз әсерін тигізіп жатыр. Әрине, кондукторлардың бәрін де сауатсыз деп айта алмаймыз. Бірақ басым бөлігі көше атауларын әлгіндей қате атайтынына көзіміз жетті.
Алматы қаласында бір жарым миллион адам тұрады. Мәліметтерге сүйенсек, 3 адамға бір көліктен тура келеді екен. Сонда жарты миллион адамның өз көліктері бар, қоғамдық көліктерді пайдаланбайды деген сөз. Ал қалған 1 миллион халық ше?
Қоғамдық көліктерді, көбінесе студенттер пайдаланатынын айттық. Ол студенттер ауылдан, ана тіліміздің қаймағы бұзылмаған жерден келеді. Қалада өзгелерге еліктеп орысша үйрене бастайды. Әлгіндей кондукторлардан көше атауларын қате айтуды үйренеді. Осылайша ана тілін шұбарландыра бастайды. Бүгінгі студент - ертеңгі әке, ертеңгі ана. Олар еліміздің абыройын асқақтататын болашақ азаматтар. Ендеше болашақ азаматтарымызды қалай сауатсыздандырып жатқанымызды ойлайық.
Бір адам мың адамға, мың адам миллион адамға әсер етеді. Сонда бір адам мың адамның, мың адам миллион адамның қате, сауатсыз сөйлеуіне кесірі тиюде. Осы заңды оңды пайдалану үшін не істеуіміз керек? Әрине, кондукторларымызды сауаттандыру керек. Сонда бір адам мың адамның, мың адам миллион адамның сауатты болуына әсер етеді. Осылайша халықтың сауаттылығын арттыра аламыз. Тартылыс заңы - конституцияда жазылмаған заң. Ол - табиғаттың өз ішіндегі заңы. Ендеше, табиғат заңын тіліміздің түзелуіне пайдаланайық
Дінмұхамед Анарбекұлы
2-курс студенті
http://www.mtdi.kz сайты