Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2974 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 10:11

ҚАЗАҚТЫҢ АСЫН ІШІП, МЕМЛЕКЕТІН ЖАМАНДАП ЖҮР

«Барыс» командасының капитаны канадалық атақты хоккейші, ҚХЛ-дің үздік қоғаушысы Кевин Даллмэннің зайыбы Стейси Даллмэн өз блогында Астанада болған сегіз айдағы ой-пікірін ортаға салыпты.

Қош, шынында да, Стейси ханымды мазасыздандырған, Қазақстанды жек көруге себеп болған қандай мәселелер?

«Мұнда (Қазақстанда) өз күнін өзі көргісі, қаржы жинап ел қатарына қосылғысы келетін адал да әділ азаматтарға күн жоқ», - дейді канадалық ханым ә дегеннен.

Ол егер сұрай қалса, сондай қиындық көріп жүрген адамдардың аттарын атайтынын, бірақ солай сұрақ қоятын кісінің кездеспегенін айтып, өкініш білдіреді. Қанша ақша жинаса да, қанша алға ұмтылса да кедергілерге кез болып, жолдан шығып қалып жүрген кімдер екен? Егер қаржысы болса, білім-білігі болса, қарым-пайымы болса, кімнің жолын кім бөгесін? Әлде Канадада мұндай «өкпешілдер» жоқ па?

«Барыс» командасының капитаны канадалық атақты хоккейші, ҚХЛ-дің үздік қоғаушысы Кевин Даллмэннің зайыбы Стейси Даллмэн өз блогында Астанада болған сегіз айдағы ой-пікірін ортаға салыпты.

Қош, шынында да, Стейси ханымды мазасыздандырған, Қазақстанды жек көруге себеп болған қандай мәселелер?

«Мұнда (Қазақстанда) өз күнін өзі көргісі, қаржы жинап ел қатарына қосылғысы келетін адал да әділ азаматтарға күн жоқ», - дейді канадалық ханым ә дегеннен.

Ол егер сұрай қалса, сондай қиындық көріп жүрген адамдардың аттарын атайтынын, бірақ солай сұрақ қоятын кісінің кездеспегенін айтып, өкініш білдіреді. Қанша ақша жинаса да, қанша алға ұмтылса да кедергілерге кез болып, жолдан шығып қалып жүрген кімдер екен? Егер қаржысы болса, білім-білігі болса, қарым-пайымы болса, кімнің жолын кім бөгесін? Әлде Канадада мұндай «өкпешілдер» жоқ па?

Белгілі хоккейшінің зайыбына жалақының несиелік карточкамен емес, қолма-қол, бірақ газетке оралып берілетіні  «бір түрлі қызық» секілді. Несі қызық, несі жұмбақ? Жаңа жүйеге енді-енді көшіп жатқан бізді былай қойыңыз, кейбір жеке компаниялардың өркениетті елдерде де жалақыны конвертпен беріп жататыны таңғаларлық құбылыс емес, кәдімгі күнделікті тірлік қана. Ал Стейси ханым айтатын несиелік жүйе Қазақстанда талай жылдан толыққанды жұмыс істейді: мемлекеттік мекемелердің бәрі жалақыны банкомат арқылы алады, коммуналдық ақы төлеуді де банкомат арқылы жүзеге асырады, тіпті сауда-саттық та сол жүйеге көшіп келеді. Жаһандық үдеріс Қазақстанды қалай айналып өтпек!

«Көгілдір мөр болмаса, ұшаққа алған билетің де заңсыз!», - деп күйінеді Кевиннің келіншегі. «Барлық мөр неге көгілдір?», - дейді ол тағы да. Сияның түсі солай болса, қайтеміз? Қара болса, түпнұсқадан қашықтап кететінін, кез келген түстегі мөрді көшіргіштен өткізгенде қара болып шығатынын білмей ме әлде? «Барыс» клубының есепшісі осылай десе, бұл бүкіл Қазақстанда солай деген сөз емес шығар! Ұшақпен біз де ұшып жүрміз, бірақ мұндай уәжді бірінші рет естіп отырмыз. «Барыс» хоккей клубының есепшісін жөнге келтіру үшін бүкіл жүйені жоққа шығару кімге керек болды екен? «Бақытымызға орай, - дейді Стейси ханым, - менің күйеуімнің жалақысы бойынша мұндай проблема бола қойған жоқ әзірге. Көлік шығыстары оның келісімшарты бойынша айлық жалақысына қосылған. Сондықтан «көгілдір мөр» біздің проблема емес». Сонда ол кімнің проблемасы. Өз жағдайы, күйеуі Кевиннің жағдайы дұрыс болса, біреудің тірлігінде несі бар? Блогтың жариялана сап, қайта алынып тасталуы, сосын қандай да бір жолмен қайта пайда болуы түсініксіз. Мұның артында кім тұр?

Әлқисса, ойымызды әрі жалғастырайық. Сонымен Стейси ханым бүй дейді: «Қазақстанға қатысты нәрсенің бәрін жек көре бастадым, бұл елдің өмір сүру дағдысы түсініксіз. Мен адамдардың суық күнде ауыр жағдайда бір үзім нан үшін жұмыс істейтінін көріп жүрмін. Словакиялық бір досым: «Егер олар жол бойындағы қарды тазаламаса немесе лас еденді жумаса, жұмыссыз қалады (?), ендеше бұл олар үшін жаман нұсқа емес». Өзге елде адамның қатысынсыз жолдың тазаланып, еденнің жуылғанын көрсем көзім шықсын! Америкада, Еуропада ана бір жылдары қар мол жауып, елдің берекесін алғанда сол елдің азаматтары қолдарыныа бір-бір күрек алып,жол ақтап кеткені бәріміздің көз алдымызда.

Рас, канадалық келіншектің кейбір сөзі шындыққа жанасады. Астананың маңындағы кейбір елдімекендер әлі жарықсыз отыр, жол жүргізілмеген, жылу жоқ. Әлі күнге дейін құдықтан, құбырдан су ішеді. Ол қатып қалса, қаңғып ел аралап кетеді. Көктем шыға жолдың арса-арсасы шығып, жауыр аттың желкесіндей адырайып шыға келеді. Қаланың қақ ортасы жылтырып, оймақтай боп жатса, тарамдала келе жол бұлың-бұлың күйге түсіп, ойдым-ойдым шұңқырлар андағайлап шыға келеді. Жасыратын несі бар, жылда осы. Жылда жөндеу, таусылмайтын телегей тірлік.

Қала көшелерінде көлеңкеленген терезелері бар «Мерседестердің» ерсілі-қарсылы «шапқылап» жүргені де Стейси ханымның қырағы көзінен тыс қалмапты. «Неге шенеуніктер осындай қымбат көлік мінеді, Үкімет ақшаны халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмсаудың орнына Америкада әлдеқайда арзан тұратын бұл көлікті екі есе қымбатқа неге алады? Сенімді де арзан көлік жеткілікті ғой. Әлде Қазақстан «Бай - баи түседі» деген ұстанымда ма?» - деп біздің елге «жаны аши» қалады.

Сөз соңында Стейси ханым: «Еуропадағы достарым «сен қазақстандықтардың хал-жайын ойлап басыңды қатыра берме.  Бұдан артық өмірдің қажеті жоқ, олар өмірді осы күйде жақсы көреді. Мен бір нәрсені түсінбеймін, егер сіз адам баласына жердегі қайдағы бір тесіктен гөрі, кәдімгі қарапайым туалетті ұсынса, ол алдыңғысын таңдайды. Мен бұдан мынадай қорытынды шығарып отырмын, Қазақстанда өмір сүру мен үшін қиын, ал қазақстандықтар үшін өте күрделі, сондықтан болар мұндағылардың бәрінің түрі солғын».

Бұған не дейсіз? Астанадан ұзаққа шаппай-ақ, бүкіл Қазақ елі туралы шешім шығарып қойған сыңайлы шетелдік ханым. «Көңілсіз, жүзі солғын қазақ жұрты қалай өмір сүріп жүр деген ойға қаласың. Мен басқа елдің азаматы болсам, Стейсидің сөзіне сенер ме едім, сенбес пе едім, кім білсін.

Өтірік-шыны аралас Стейси ханымның сөзінен кейін көз алдыма Борат елестеді. «Боратты» қайрағандар, Стейси ханымның құлағын бұрап қойды ма екен?! Не де болса, кейбір шындықты мойындауға тура келетін секілді. Ал асыра айтылған сөзді «автордың» ұятына қалдырайық!..

Д.ӘДІЛБЕК

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366