Махан Бет. Моноқалаларды дамыту маңызды болғанмен, тиімсіз...
Жаңаөзен оқиғасы елдегі саясатты ширықтырып қойған жоқ, экономикалық басымдықтарды қайта қарауға мәжбүр етті, тіпті, саяси лексиконда «моноқала» термині пайда болды. Нәтижесінде елбасы үкіметке моноқалаларды дамыту жөнінде арнайы бағдарлама түзуді тапсырды. Бұл жағдай саяси элитаның «өрт сөндіру» синдромы бойынша ел басқару дәстүрін жалғастырып отырғанын білдіреді. Бұған дейін Қызылағашты сел баспағанда, ел аумағындағы су айдынын мемлекет бақылауға көшпес еді. Демек, бізде әлікүнге мемлекетті тұрақты тактикалық тетіктермен басқару мен мемлекеттік мәселелерді алдын ала айқындауға «басқарылмалы демократияға» негізделген мемлекеттік құрылым қалыптасып болмапты.
Жуырда моноқалалар мәселесі бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осы жөнінде бағдарлама әзірленіп жатқандығын жеткізді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын анықтау және соған сәйкес тиісті шараларды айқындау болып табылады.

Баяндамада көрсетілгендей, елімізде 1,5 миллион халық белгілі бір саладағы жеке кәсіпорынның арқасында өмір сүретін шағын қалаларда тұрады екен. Бұл Қазақстандағы қала халқының 16 пайызын құрайды. Баяндамашы әзірлену үстіндегі бағдарламаға 27 қаланың іріктелгенін тілге тиек етті. Бұл қалалардың барлығының ортақ проблемасы - олардың тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі көбінесе бір кәсіпорынның жағдайына тәуелді екендігі. Яғни, моноқалалар экономикасы әртараптандырылмаған, тірлігі алуан шаруашылық пен өндіріске негізделмеген.
Болашақ моноқалаларды дамыту бағдарламасы негізінен осы қалалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға назар аудартпақ. Бұл қалалардағы кәсіпкерлікті қолдауға «Бизнестің жол картасы- 2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының барлық тетіктері пайдаланылмақ. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде қалалардағы кәсіпкерлікті дамытудың қосымша шараларын әзірлеу ұсынылмақ.
Моноқалалардағы кәсіпкерлік субъектілер үшін салық көлемін төмендету, несиелердің сыйақы ставкаларын төмендету, бұлардағы жаңа өндірістерді құру үшін ондағы тұрғындарға 1,5-3 миллион теңге көлемінде арнаулы гранттар беру секілді мәселелер бар. Министрдің айтуынша, қазіргі күні елімізде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 20 моноқала бойынша 114 жоба іске асырылуда екен. Үкімет басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы моноқалаларды қолдауға 20 миллиард теңге бөлінбек.
Бір қарағанда, бұл мемлекеттік күрделі мәселелердің бірі болып көрінгенімен және оны шешуге кіріскен үкіметті қолдамау саяси қылмыс секілді болғанымен, аталмыш жайт елдегі кешенді және біртұтас шешілуге тиіс қомақты мәселенің бір бөлшегі ғана. Шын мәнінде моноқалаларды олардың маңындағы радиусы кемінде 100 шақырымда орналасқан ауылдар мен кенттердің мәселесімен бірге қарастырмау - елдің сипаты мен мемлекеттік мәселені тар ауқымда қараудың нағыз мысалы болып табылады. Шын мәнінде елдің 16 пайызын қамтыйтын моноқалалар тұрғындарына кемінде 9 пайыз сол қала маңайындағы ауылдықтарды қоссақ, халықтың төрттен бірінің мәселесін бірден шешуге болар еді. Бірақ бұған елдің аумақтық-әкімшілік бөлінісінің мемлекеттің жаңаша дамуына сәйкеспейтінін көрсетеді. Яғни, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру үшін олардың маңайындағы аумақтарды қосып, оларға аудан орталықтары ретінде болмаса арнайы даму аймағы есебінде мәртебе беріп, моноқалаларды сол аумақты дамыту кіндігі еткен әлдеқайда тиімді болар еді.
Шынтуайтында, бұған дейін қабылданған қыруар салалық бағдарламалар ешбір тиімділігін көрсеткен емес, олар бар болғаны салалық менменсу мен өзімшілдікпен шектелетін және қаржыны нәтижесіз шығындаудың бір түрі ғана әрі коррупцияның «тиімді» көзі екені белгілі. Себебі, ол қаржыны бақылайтын қоғамдық не халықтық тарап жоқ, шенділер мен лауазымдылардан құралған өтірік комиссиялар «үлгілі» хаттама толтырғаннан басқа жемқорлықтың қылын да қыйсайта алмайды.
Осыдан үш жылдай бұрын қысқаруға түскен сол үкіметтік және мемлекеттік бағдарламалар тағы да елдің мәселесін желеу етіп, қайта балалай бастады. Соның бірі -моноқалаларды дамыту бағдарламасы болып отыр. Бір қызығы, бір мемлекеттің ақшасы бір аумақта тұратын моноқала тұрғыны мен содан 1 шақырым қашықтағы екі сиыры мен бес ешкісі бар қыстақтың тұрғынына екі түрлі қарайтын болады. Ал егер біз айтқандай бағдарламаны кеңірек әрі мәндірек еткенде, әлгі моноқалалардың айналасында қаншама жылыжайлар мен бау-бақша жайқалып, нешеме қасапханалар мен түрлі ұсақ ауылшаруашылық,тіпті, туристік кәсіпкерліктерге жол ашылар еді де, соның есебінен азық пен қызмет ету түрлері арзандар еді.
Өз мемлекетінің сипатын танымайтын шенділер Америка мен Еуропадағы моноқалаларды дамыту құжатын бас салып көшіруге асығуы - олардың елге жаны ашымайтынын болмаса елін қалай тиімді дамыту жолын білмейтінін көрсетеді. Біздің бұл пікіріміз үстірт дегеннің өзінде, әлгі елдердегі қабылданған құжаттардың қоғамдық ойталастың негізінде қабылданатынын ескермейтін есуас саяси шешімдер елді де, оның мемлекеттік бюджетін де титықтатып отыр.
«Абай-ақпарат»