Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2237 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 06:06

Тілбай Сақау. Сапасыз аударма жауапқа тартыла ма?

Әділет министрі Берік Имашев заң жобаларын мем­лекеттік тілге сапасыз аударғаны үшін жоба жасау­шы орган­дардың тәртіптік жауапкершілігін енгізуді ұсынды.

«Заң шығару процесіндегі өткір мәселелердің бірі - заң жобалары мәтінде­рінің түпнұсқалығы болып табылады, бұл проблема бәрімізге жақсы бел­гілі... Биыл­дан бастап, ондай жағдайлар анық­талса, Әділет министрлігі тиісті жоба жасаушы орган­дардың басшыларын және қыз­мет­керлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін көте­ретін болады, - деді Берік Имашев. - Мемлекеттік орган­дар линг­вис­тика орталығына өте төмен деңгейде жасалған қазақ тіліндегі заң жобаларын ұсынады. Кейде, тіпті, компьютердің көме­гімен бағдарлама бойынша аударылған, мүлдем өңделмеген сорақы мәтіндер кезде­седі. Компьютерлік бағдарла­малардың мәтіндерімен жұмыс істеген адам компьютерлік бағдарлама қай тілде аударма жасаса да, оны міндетті түрде тексеруі тиіс. Іс жүзінде компьютерлік бағдарлама - жолма-жол аударманың ең нашар нұсқасы», деді Әділет министрі.
Министрдің айтуынша, аталған мәсе­лені шешу мақсатында өткен жылы заң жобаларының лингвистикалық сараптамасы енгізілді.

Бұл бастамаға «Бәрекелді!» деп бөркімізді аспанға атуға әзірміз, алайда, сол шала сауатты аудармашылар мен соған жауапты лауазымдыларды жауапқа тартатын заң жобасы қашан ұсынылады, мәселе сонда! Қазаққа далбаса бастама мен ұсынысты беріп, бас қатыратын, абырой алып, даңқ пен төрге шығатын уақыт өтіп кетті-ау! Тілді талғажау еткен талай шенділер бүгінде мәжілісте отыр. Ол мандатты «халықшылдарда» не идея, не бастама, не халық атынан бақылау жоқ. Тәк што, Берік мырза, «А» дегесін, «Б»-ны жасырмаңыз, алға!

«Абай-ақпарат»

0 пікір