Еркебұлан Толқынов. Құлақтан не қайыр?!..
«Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дейді халық даналығы. Қайран бабаларымыз заманның бұлай боларын сезбесе керек-ті. Әгереки сезген болса, әлгі тәмсілді бұлай айтпаған болар еді. Айналамызға қарап, қоғамға көз салатын болсақ, заманының бұлаңдығын бұлдап, адамекеңнің өзі түлкіге айналып бара жатыр ма деген күдікті ойға берілеріміз хақ. Не десек те, ауладағы терегіміздің тамыры жоғары қарап, төңкеріліп өспегені ақиқат. Ендеше бар гәп - адамда.
Айтпағым - ай үстінен алтын іздеу емес, күнделікті кер төбел тіршілігімізде көз көріп жүрген яки кез келген саналы пенде кезігіп жүрген жайт. Жайт емес-ау, дерт десем қателеспеспін.
Қазіргі басекелерге таңым бар. Өздерін Құдай санай ма, әлде астындағы "ашамайын" мәңгі орынға балай ма, әйтеуір қол астына қызметкер аларда оның адами қасиеттеріне емес, өзіне қаншалықты жақындығына, я қаншалықты берілгендігіне қарайды. Орысша айтқанда, "не профессионалы, а преданные". Әсіресе мемлекеттік қызметте. Сіз мың жерден миыңыз тасыған маман болыңыз, өз ісіңіздің һәм мамандығыңыздың хас білгірі атаныңыз, тіпті кез келген шаруаны көз жұмып отырып күйін келтіретін нағыз кәсіби маман болыңыз, аноу жақтағы Жәкелер мен Мәкелерге "преданный" болмасаңыз құныңыз көк тиын. Немесе қазекемнің қарапайым тілімен айтқанда, қап арқалап, қоңыз теріп жүруіңіз бек мүмкін. Бұл жындының сандырағы емес, бұл - біздің қоғамның жазылмаған заңы.

Мемлекеттік басқару академиясының қабырғасында білім алып жүргенімде аты дардай, мүйізі қарағайдай министрліктерде іс тәжірибесінен өту бақыты бұйырып қалғаны бар. Әрине, ондай орталық мемлекеттік органда уақытша болса да қызмет жасау - зор мақтаныш. Алайда мен мақтанып емес, түңіліп қайттым, артынан қайта оралмастай түкіріп қайттым. Себебін түсіндірейін. Бірінші байқағаным -трайбализм құрты дендей бастапты. Дендеуі бер жағы болар, іріп-шіруге жақын тұр. Бір «үлкен» кісінің тегімді сұрап біліп, «өсетін жігіт екенсің, бізде Ұлылар өседі» деген сыңаржақ пікірі сөзіме дәлел. Сонда деймін-ау, үлгі-өнеге көрсетер, жол сілтеп, ақыл айтар аға толқынның айтары осы болса, күндердің бір күнінде менің де ру қуалап кетпесіме кім кепіл? Жастарға берілетін тәрбие осы тақылеттес «қатаң қағидамен» өрілер болса, жоғарыдағылардың жағы талмай, жаттап алып «жырлай» беретін жарқын болашағы жайындағы сөз бөлек.
Екіншіден, бес адамды басқарғаны бар, бүкіл бұқараны билегені бар, әйтеуір басекеңдер көгерген қағазды сұмдық сүйеді екен. Сіз өміріңізде құлай сүю сезімін басыңыздан өткерген шығарсыз. Жан-дүниеңізді жандырып, жүрегіңізге бір сәтке де тыным бермей, тыныштығыңызды ұрлаған сол жанды бір көруге құмартқаныңыз есіңізде болар? Міне, дәл сондай от сезім бастық біткенді баурап алған. Бұл сезім тіпті суреттеуге келмес. Жұмысқа қабылдау керек пе - ақша, қызметіңізді жоғарылату керек пе - ақша, туысын һәм танысын «тығу» керек пе - ақша, сөзіңізді өткізу керек пе - ақша, таныту керек пе - ақша, құжат ресімдеу керек пе - ақша, оқуға түсу керек пе - ақша. Ақша, ақша... Бұ шіркінге деген асыл сезім, «мәңгілік махаббат» шынымен-ақ таң қалдырады. Түйін қандай? Шынайы кәсібилер шеттеп қалады да, шын берілгендер тағы да шырқап шыға келеді. Ал заңдарда және басекеңдердің баяндамасында бәрі бөлек. Ғажап парадокс!
Бос сөзге үйір біздің бастықтар. Бітпейтін бағдарламалары тағы бар. Әйтеуір болсын-болмасын, келсін-келмесін таңнан қара кешке дейін тынбай сарнайды. Арасында беттері қызармай «жершілдік пен рушылдыққа тосқауыл қою керек, парақорлар мен жемқорлар жазалануы тиіс» деген сыңайда мұрындарының астынан міңгірлеп қояды. Сөздеріне құлақ түрсеңіз, жұмақ мекенге айналуға шақ қалыппыз. Әйткенмен іс жүзінде бәрі басқаша, айтуға аузың, жазуға қолың бармайды. Шын кәсіпқойды қаңғыртып қойып, өздеріне шын берілгендерді ғана бағалайтын бас-басына би болған өңкей қиқымдардың өте жиіркенішті тірлігі осындай. Тізе берсек таусылмайды. «Халық Құдайдан бір жас кіші» дейтін даналықты ұмыту былай тұрсын, естеріне де алмайды-ау!..
Бұл сөздерім - үйде отырып шоқпар сілтеу емес. Көзіммен көріп, көңілге түйгенім. Санаммен салмақтап, ойыммен таразылағаным. Бір менің ғана уәжім емес, талайды мойындатса да, әлгі бір бастықтардан мың есе артық ойлай алатын, мың есе саналы, мың есе тәрбиелі хас білгірлердің пікірі. Бірақ, бас шіріген соң, құлақтан не қайыр?!.
«Абай-ақпарат»