Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1930 0 пікір 13 Сәуір, 2012 сағат 05:07

Бірегейлер мен ежегейлер

Қызық, қазақ халқының тарихын көктей шолып қарағанда, оның тағдыры санаулы адамдардың жігері мен намысына ілініп, осы күндерге жеткендей әсер аласың. Құдды, халықтың басқа бөлігі әлгі бірегейлерді бақылап қана өз күйлерін өздері күйттеп жүре бергендей. Басқа жағынан қарағанда бұл халықтың шарасыздығы, қауқарсыздығы, ұлттық-ұжымдық өзексіздігі ме, әлде пассионарлық қуатының бірегей тұлғалардан көрініс табуы ма? .

Мәселен,  ХХ ғасырдағы қазақтардың саны мен сапасын ойсыратқан аштық жылдары Ғабит Мүсірепов бастаған бесеу Мәскеуге хат жазып, халықтың көзбе-көз қырылып жатқанын дәлелдеп, жар салған еді. Ұлы Отан соғысында қазақтың намысын әйгілеп, жігерін жалаудай желбіреткен Бауыржан Момышұлы шықты. Қазақстан байлығын қазақтың өзі жаратуға кіріскен көріністі Қаныш Сәтбаевсыз елестету мүмкін болмас еді.

Ал, 70-жылдары қазақты қойып, бүкіл түркі халықтарының жігерін жанып, көңілін өсірген Олжастың  "Аз и я-сы"  ХХ ғасырдағы  батылдық құбылысы демеске лаж жоқ.

86-жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты халық атынан қаймықпай сөйлеген Жұбан Молдағалиевтің қызыл империяға қарсы қыжылды сөзі оның қай өлеңінен де асқақ шыққаны рас. Жұбан өлеңімен емес, сол азаматтығымен  бірегейлер қатарына енген еді. Ақынның бұл ісі Желтоқсан  көтерілісін байыпты сатыға көтерген ұлттық саяси сананың жемісі ретінде дәріптелген болатын.

Тағы бір қызық жайт! Сол  Желтоқсанда  әлдебір  аңғал жастың  лақтырған   қар аралас  жентегі президумдағы бір басшының бетіне оңбай тиген еді. Сол қаршапалақ кейінірек  қолшапалақ болып  ақынның   бетіне тиіп қарымта болып қайтты. Ол ақын - алаштың тағы бір бірегейі Мұқтар Шаханов болатын. Мұқаң қазірде өзінің бірегейлігін поэзия арқылы әдіптегені өз алдына, ол Адам баласының өркениеті адасудың көрінісі емес пе екен деген әлемдік  ақыл-ой  ірілерін басын қатырар мәселеге бет бұрғызды.

Бірегейсіз халық болмас. Бірақ халықтың тағдыры бірегейлерге тәуелді болмай, өз арнасымен тола ағатын дариядай есіліп отырса ғой деген аңсар көкейді теседі. Бірегейлердің  еңбегі еліне дарымағанда, алдарқатып  халықтың ежегейлер басын қатыратыны да шындық. Бірегейлерді елінен айыратын да ежегейлер екені тағы белгілі. Бірегейлер дегеніміздің өзі ұлттық пассионарлық қабілетті уақыттың белгілі бір сәтінде тұтушылар болар. Ал, ежегейлер халықтың қадыр -қуатын әлсіретуші, ерік-жігерін талан-тараж етіп, жасанды абыройға жетушілер шығар,сірә.

Қызық, қазіргі кезде тарихи даңқты атаулардың атын  жаңғыртқан болып, сол  атауларды  бірі партияның, бірі газет-журналдың атауына іліктіріп, сол атаулардың мерейіне абырой қосудың орнына оларды айқай-шудың, даңғыраның атауына айналдырып, құнсыздандырып жатқанын қайтерсің! Бұл да ежегейлердің ісі - жақсының шырайын шығарудың орнына, сүліктей сорып, ақжем қылып ақырында итжеместей құнсыздандыру.

Бүгінде бірегей тұлғаларды «лидер» атайтын болдық, бірақ оның да шырқын бұзып, қадырын кетірдік: бірегей-лидерді заңмен тағайындайтын әумесер қылыққа душар болдық...

Бірақ нағыз бірегейлер ылғи да қорлыққа душар болады... Бірегейлер неге ылғи абырой мен қадырдан шеттетіледі екен? Әлде ежегейлер дегеніміз, абыройдың ыдысын аңдып жатып жалаушылар ма екен?

Не болса да бірегейлер бар болсын, бірегейлер!

Сергек

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520