Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2237 0 пікір 16 Сәуір, 2012 сағат 05:38

Жолымбет Мәкішев. Қазақты біржақты көшпенді қылып көрсету кімге тиімді?

Феодор Достоевский: «Еуропа  бізді құл ретінде қабылдаса, Азияда біз мырза болдық. Еуропа бізді Татарлар десе, Азияда біздерді еуропалықтар деп атады»

Жуырда Мұрат Аджидің «Европа. Тюрки. Великая степь» деп аталатын кітабы қолыма түсті. Шыны керек, оның жазғандарын іздеп жүріп оқитындардың бірі емеспін. Бірақ Аджидің еңбектерінде Еуразияның әлеуметтік-этникалық тарихына қатысты тың деректер көп кездеседі.  Әсіресе, іргелес Ресейдің шежіресіндегі ақтаңдақтар мен бабаларымыздың адамзат тарихына  қосқан өлшеусіз үлесін көп жұрт осы кісінің еңбегінен оқып біліп жүр. Мені қызықтырғаны, кітаптың бастапқы бетіндегі зерттеушінің «көшпенділер» деген атауға қатысты айтқан пікірі болды. Онда автор  бұл сөзге үзілді-кесілді қарсы шығып, былай деп жазыпты: «Қазақстандағы кейбір жазғыштар қазір «Көшпенділер өркениеті» туралы күлкілі концепсияны дәлелдеуге талпынып жүр. Мүлде миға қонбайтын қисынсыз нәрсе. Ұлы Дала тарихында көшпенділер өркениеті ешқашан болмаған, болмайды да. Бұл жаңсақ пікір.

Моңғолдар көшпенді болған шығар, бірақ Қыпшақтар ешқашан көшпенді болған емес. Біздің бадаларымыз отырықшы болған . Жер өңдеп, мал өсірумен айналысты, олар тамаша қолөнершілер болды. Қорғандармен қоршалған елдімекендер, су арналарын, жолдар мен көпірлер салды. Тіпті болаттан жасалған ең көне соқаның өзі Алтайдан, түріктер мекен еткен өңірден табылып отыр. Қазіргі таңда «ежелгі орыс қалалары» деп аталып жүрген көне қоныстарды да халықтардың ұлы көші аяқталған тұста, 4-5 ғасырларда түріктер салған болатын. «Көшпенділер өркениеті» деген теория ғылымда жүрген саясаткерлердің ойлап тапқан сандырағы. Даланы жаулап алған соң түрік халқын сан ғасырлық мәдениетінен айырып, оны тобырға айналдыру қажет болды. Үлкен кеңес энциклопедиясының үшінші басылымында «Түріктер» туралы арнайы бөлімнің болмауы кездейсоқ емес. Энциклопедияны құраушылар басқа халықтарды, тіпті африкалықтарды да ұмытпай, түріктерді елеусіз қалдырған. Бүгіндері тәуелсіз мемлекет болып отырған Ресей мен Украинаның кейбір бөлігі, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан мен Қазақстан сияқты Дешті Қыпшақтың тарихи мұрагерлері үшін мұндай тағылымсыздық масқара жәйт болып табылады. Арабтар Ұлы Даланы «қалалар елі» деп атаған. Ал варягтар бұл өлкені Гардарик, яғни «қалалар патшалығы» деп ұлықтады. «Көшпенділер» мен «қалалар елі» мағынасы тұрғысынан бір-бірімен мүлде үйлеспейтін сөздер». Автор ары қарай осы пікірін  тиянақтайтын көптеген дәлелді деректер келтіріп өтеді. Тұлпарларының тұяғы төрткүл дүниені дүбірлеткен, Еуропаға шалбар кигізген бабалардың мол мұрасынан көз жазып қалған бүгінгі ұрпақтарының қылығына қынжылыс білдіреді. Шындығында, «Көшпенділер өркениеті» деген теорияның дүдәмал тұстары көп. Оны өзіндік мәдениет қылып көрсетуге талпыну жоқтан бар жасауға ұмтылу сияқты көрінеді. «Көшпенділер өркениетінің» отырықшылықтан несімен ерекшеленгенін көрсететін  нақты дәлелдер де жоқ. Мүмкін түріктер көшпелі өмір мен отырықшылықты бірдей ұстанып, синтездік мәдениеттің бірегей үлгісін жасап шығарған болар..?  Неде болса бар гәп теорияның атында болып тұр. Яғни оны ұтымды әрі тауып қойылған деп айтуға келмейді. Неге біз бабабалымыздың басқа жасампаз тірліктерін жоққа шығарып, оларды бірыңғай «Көшпенді» қылуға құмармыз? Бұл көп жылдар бойы үстем болып келген евроцентристік саясаттың зардабы ма әлде..? Өйткені тарихшыларымыздың талай буыны өз еңбектерінде орыс оқымыстыларының мәліметіне сүйенгенін білеміз. Ал орыс тарихшыларының тек шындықты жазғанына күмән көп. Мәселен, 19-ғасырларда Карамзиннің француз тіліне аударылған «Орыс мемлекетінің тарихы» атты еңбегін жан-жақты зерттеген маркиз Астольф де Кюстин былай деп жазған болатын: «Егер орыстар өздері соншалықты әспеттейтін тарихшының еңбегінде өтіріктің өріп жүргеніне көздері жетсе, оны соншалықты жек көріп, Карамзиннен бастап барлық тарихшының еңбегін оқуға қатаң тыйым салуды Патшадан жалынып сұрар еді..» Көп үміт күттірген «Көшпенділер» фильмі де көпке дейін көңілімізді құлазытып тастады.  Бұл фильм қара шаңырақтың иесі болып қалған Қазақ хандығындағы ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениетті ашып көрсете алмады. Қанша қаржы жұмсалса да «Көшпенділер» деп аты айғайлап тұрған кинокартина тым жұтаң шықты. Мүмкін затына аты сай болмаған шығар..? Шетелде мұндай фильмдер мемлекетшілдікті, халықтың бай мәдеиеті мен оның жасампаз рухын  көрсетуге ұмтылады. Ал біздікілер қазақты тал-дараққа табынатын, мұсылмандығында міні көп, біржақты көшпелі халық етіп көрсетуге құлшынды. Қазақ хандығының арғы-бергі шажіресінде еліміздің аумағында жиырмаға жуық қала болғанын мүмкін олар білмейтін болар? Салыстырмалы түрде алғанда Еуропаның кез-келген елінің тарихында мұнша көп шаһар болмаған.  Біз білетін бабаларымыз қала тұрғызып, талай  мемлекеттің іргесін нығайтуға атсалысқан қаһарман тұлғалар болатын. Сондықтан оларға біржақты баға бермей, тарихи шындықты айтатын кез туды деп білеміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531