Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2312 0 пікір 16 Сәуір, 2012 сағат 13:11

Дүрәлі ДҮЙСЕБАЙ. ЖАР АСТЫНДА – «ЖАУ»

Газеттің түрі көп. Үкіметтік, халықтық, саржағал, тағысын тағы ... Ал «Время» газеті осының қайсысына жатады? Үкіметтік дейін десең, этикадан аулы алыс - аузына келгенін айтып, оттай салу оларға түк те емес. Төбесінен қауіп төнсе, түк болмағандай мүләйімсіп, кешірім сұрай салады.  Ал саржағал дейін десең, артында жоны күдірейген алып топ тұрған секілді. Халықтық дейін десең, ұлттық мүддеге аяқ баспайды. Қалай десек те, өзі суын ішіп, аяғын төңкеріп отырған еліне жанашырлығы шамалы.

Газеттің жек көретін «тақырыптары» көп. Әсіресе, қазақ тілі десе, шоршып түседі. Мемлекеттік тіл олар үшін Ақырзаманның белгісі секілді. Егер жұрт ертең қазақша сөйлеуге міндетті болса, орыс тілінің тынысы тарылып, өздері жұмыссыз қалатындай арпалысады-ау. Ал тіл үйренуге құлықтары жоқ. Мұхтар Шахановты иттің етінен жек көреді.

Газеттің түрі көп. Үкіметтік, халықтық, саржағал, тағысын тағы ... Ал «Время» газеті осының қайсысына жатады? Үкіметтік дейін десең, этикадан аулы алыс - аузына келгенін айтып, оттай салу оларға түк те емес. Төбесінен қауіп төнсе, түк болмағандай мүләйімсіп, кешірім сұрай салады.  Ал саржағал дейін десең, артында жоны күдірейген алып топ тұрған секілді. Халықтық дейін десең, ұлттық мүддеге аяқ баспайды. Қалай десек те, өзі суын ішіп, аяғын төңкеріп отырған еліне жанашырлығы шамалы.

Газеттің жек көретін «тақырыптары» көп. Әсіресе, қазақ тілі десе, шоршып түседі. Мемлекеттік тіл олар үшін Ақырзаманның белгісі секілді. Егер жұрт ертең қазақша сөйлеуге міндетті болса, орыс тілінің тынысы тарылып, өздері жұмыссыз қалатындай арпалысады-ау. Ал тіл үйренуге құлықтары жоқ. Мұхтар Шахановты иттің етінен жек көреді.

Кеңес дәуіріндегі бір атақты фильмнің атын иеленген («В бой идут одни старики...», 20.03.2012) бір мақалада (авторы - Зарина Ахматова деген біреу) қазақ зиялыларының Алматыда өткен форумынан шағын репортаж беріпті. Сонда М.Шахановты «Қазақ тілінің Дон Кихоты» деп мазақтай отырып, әрбір сөзінен ілік іздей бастайды. Табады. «... Все, кто выступает, выступают на русском. Конечно, никто не против русского языка. Но такие важные темы должны подниматься на казахском, а наши казахские парни против этого (қарайтқан біз - Д.Ә.)!» Бұл жерде мәселе көрнекті ақынымыздың қазақ тілін қорғауында емес, автордың ұстанған ұстанымына дөп келген сөйлемде. «Басқаны былай қойғанда, қазақтардың өзі қазақ тіліне қарсы, мұны түсінетін кездерің болды ғой», - деген ескерту тұрған секілді ар жақта.

Ретін тапса, қазақты қазаққа айдап салып, қарап отыруға құмар. Ол туралы кейінірек.

Осы мақалада көрнекті түркітанушы, белгілі тіл зергері, филология ғылымдарының докторы, академик Мекемтас Мырзахметовке де «сөз береді». Бұл жерде Мекемтас көкеміздің сөзінен де өздеріне керекті тұсты қақшып алған. Бірақ мәселе ол кісінің сөзінде емес. Журналистің сауатсыздығында. Дүйім елге танымал академиктің аты-жөнін «Мекемтас Мырхазмет» деп қате жазады. «Дінтанушы» дейді. Дін туралы сөз қозғағанның бәрі дінтанушы секілді.

Дулат Исабековтен де өздеріне керекті тұсты «ұстап» ала қояды: «В Жанаозене в казахов стреляли казахи - наши казахи. И кандидатку в депутаты маслихата по причине укрытия четырех тенге снимают казахи(түсінбедік - Д.Ә.). Это все делают казахи». Бізді мазақтайын деген сыйқы. Қазір еліміздің 70 пайызы қазақтар емес пе? Ресейдегі зиялылар да, қылмыскерлер де орыстар. Оған ешкім таңғалмайды. Өйткені сол елдің негізгі тұрғындары - орыстар.

Кейде осы орыстілді басылымдар Қазақстанның ұлттық құндылықтарын айтуға келгенде өзге елдің өкілдеріндей үнсіз қалады да, қазақтың намысы мен ары таразыға түскенде ұлардай шулап шыға келеді. Олар сонда кімнің сөзін сөйлеп, кімнің сойылын соғып жүр деген ой келеді. Ендеше бізге мұндай басылымдар керек пе?

«Ит - үреді, керуен - көшеді» деп отыра берейін десең, іштен шалып, тірсектен қағуын тоқтатпайтын секілді. Қайта күн өткен сайын өршітіп барады.

Аталмыш басылымның осы жылғы 10 сәуірдегі санында «Школьный переполох» деген мақала жарияланыпты. Онда автор (А.Алехова) Алматы қаласындағы №13 мектеп-гимназияда орыс тілінде оқитын бірінші сыныпқа биыл бала қабылдамайды деген сыбыс бойынша кенеттен шу көтерілгенін сөз етеді. Бұл оқу орнының директоры Нұржамал Дүйсенбекова қарадан-қарап, кінәлі болып шыға келеді. Ол қандасымыздың бар кінәсі адам жетіспеуі мүмкін, сондықтан басшылардың әзірге орысша бірінші және оныншы сыныпқа бала алмай тұра тұру керек деген тапсырмасын орындағаны ғана.

Қалалық білім беру басқармасының бастығы Рахат Шимашеваның айтуынша, аталған оқу орнында 902 оқушы оқыса, оның 556-сы қазақ, 346-сы орыс сыныбына баратындар екен. Соңғы бес жыл ішінде осы мектеп-гимназия орналасқан Әуезов ауданында қазақ мектебіне баратындар саны 5011-ге өсіп, керісінше орысша оқитындар 4376-ға кеміген. Сонымен қазақ сыныптарында орын жетіспесе, ал орыс сыныптарында оқуға ниеттілер аз. Биыл осы ауданнан аталған мектептің бірінші сыныбына баратындар саны 81 болса, оның 53-і қазақша, ал 28-і орысша оқуға тілек білдіріпті. Сондықтан бұл мектеп-интернат кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде оқуға көшірілмек.

Даудың басында Әсел Бәйімбетова деген «казашка». Ол орысша сөйлейтін егіз ұлдарын орыс сыныбына бермек екен. Қандасымыз орыс сыныптарын жауып жатқанына өкпелі. «Қарсы ата-ана көп» дей отырып, автор тек осы адамды ғана сөйлетеді, қазаққа қазақты қарсы қойғанда ғана жеңуге болады дейтін шығар. «Жау жоқ деме - жар астында, бөрі жоқ деме - бөрік астында» деген рас. Ұлтымыздың, тіліміздің, қала берді болашақ ұрпағымыздың жауы өз ішімізде. Сондай мәңгүрттерді дәл тауып, арпылдатып өзімізге қарсы үргізіп қоя білетін «времялықтардың» қулығына құрық бойламайды-ау!

Әйтпесе, соншама шу көтеретін түгі де жоқ. Бәрі рет-ретімен келе жатқан әрі болмай қоймайтын үдеріс. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын оқу мекемелерінің бәрі күннің-күнінде мемлекеттік тілде тәрбие беруі керек екенін бәрі - орыстілді кез келген басылым, біздің «казашка» да біледі. Біле тұра осылай істейді. Ертең орыс тілінде білім алып, түрлі жұмыстың тұтқасын ұстайтын осы азаматтарға мемлекет қалтасынан ақша шығарып, тағы да мемлекеттік тілді үйретуіміз керек. Үкіметтің қалтасы резіңке емес қой, айналайын! «Қазақшаны осы мектептен үйрен, оқы, біліп шық» дейтіндердің қатарынан емеспіз бе. Орыстілді қаракөздеріміз бас алмай оқитын орысша басылымдар осы мәселені насихаттауға көшсе, өзге тілді талай азаматтың сауабын алар еді. Президенттің «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген қағидасын жүзеге асыруға ат салысқан болар еді. Ал бұлардың тірлігі мынау. Сонда мемлекеттік тілді дамытуға күш салмайтын бұл қай елдің газеті?

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512