Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2002 0 пікір 17 Сәуір, 2012 сағат 14:10

«Коммунизмнен» қашан құтыламыз?

Қазақ тілінің қаймағы бұзыла қоймаған өңір саналатын оңтүстікте ономастика саласының күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстары көп болып тұр. Тілдік қоры өте бай бола тұра, атау беруге келгенде жұтаңдыққа жол беретіндері түсініксіз. Мәселен, Шымқалада «Самал» атты ықшамаудандар өте көп. «Кіші Самал», «Самал-1», 2, 3 деп кете береді. «Қайтпас» та қайталана береді. Осы «Самал» атауынан басқа атау жоқ па деп таң қалмасқа шара жоқ.

Өйткені осы аттас ықшамаудан респу­бликаның барлық облыс орталығында бар екені белгілі. 

«Самалдың» не сиқыры барын кім біл­сін? Әйтеуір, қазақта небір әдемі атаулар құ­рып қалғандай, осы атаудан айырылғы­мыз кел­мейді. Одан қалса, «Шапағат» ық­шам­ау­даны бар. Ол да жалғыз емес. «Достық» та солай. Сондай-ақ қа­зір об­лыс орталықтарында «Астана» де­ген ық­шамаудандар көбейіп келеді. Жер­гі­лікті жер­ге астананың атын жапсыру жа­раса ма? Кеңестік кезеңде аты берілген «Сәу­ле» ат­ты ықшамаудан бар. Әзірге ол жал­ғыз. Ел­ді мекендерге, ықшам­ау­дан­дар­ға кісі есі­мін беруге болмайды деген мәселе оң­түстікке жүрмейді.

Бүгінде Шымкенттің аумағы кеңейіп ба­ра жатқаны белгілі. Жаңа ық­шам­ау­дан­ның қазығы қағылғаннан бастап ел «Қандай атау берер екен?» деп елең­деп отырады. Алайда алабұртқан көңілді мезі ететін атау­лар әлі де қалмай келеді. Шым­кенттің шет жағынан «Солтүстік-Батыс» деген ық­шам­аудан бой көтеріп келеді. «Басқа атау та­былмай қалды ма?» деп таң­ғал­­мауға шара жоқ. Ономастика комиссия­сы мүше­лерінің ай­туынша, мұнда әзірге қо­­ныс­танушылар жоқ. Себеп - жер те­лім­де­рін бе­ру жұ­мыс­та­ры енді ғана қолға алын­ған. Егер тұр­ғындар саны артып, олар ұсы­ныс түсірсе, ық­шамауданға әсем атау бе­руге болады екен. Тағы да «самалдатып» тұр­ма­са екен дейсің...

Көше атаулары да анау айтқандай мақ­та­нарлықтай емес. Қаламы жүйрік қа­рым­ды жазушы Мархабат Байғұттың кезінде «Атам­ның атын - ауылға, көкемнің атын - кө­шеге» дегені бүгінде мәтелге айналып кетті. Расында, есімі елге етене таныс емес кісі атын көшеге беру үрдісі басқа-басқа, оң­түстік үшін таңсық емес. Біреудің батыр ба­басы, екіншінің соғысқа қатысқан атасы, ен­ді бірінің әкесі колхоз бастығы болған, ең арысы бір ауылдың баскөтерері болған дегендей кете береді. Олардың бар­лығының да азды-көпті елге еңбегі сіңген шы­ғар, алайда бәріне көше атауын беру кө­ңілге қонымды ма? Мәселе - осында...

Республика бойынша бүгінге дейін 1000-нан астам елді мекеннің атауы өз­гер­тіліпті. Оның 404-і - оңтүстіктің ен­ші­сін­де. Облыс бойынша 873 елді мекеннің 404-ін өзгерткеннің өзінде әлі 33 ауыл­дың атауы бү­гінгі заман талабына сай болмай тұр. Ұлт­тық нақышқа сай атау­лар­ды таңдау бү­гінгі күннің басты мәселесі бо­луы тиіс. Әсі­ресе шекара маңындағы ел­ді мекен атау­лары еліміздің бет-бейнесі іс­петті емес пе? Осы мақсатта Өзбекстанмен шекаралас жатқан аудан, кент, ауыл атауларын ауыс­ты­ру бірінші кезекте қолға алынған. Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас және  Қа­зы­ғұрт ауданында 92 елдімекен жаңа атау­ға ие болған. Облыс әкімі Асқар Мыр­зах­ме­тов 33 ауылдың байырғы атауын қай­­таруды, бүгінгі күнге сай келмейтін 597 кө­­шенің атын өзгертуді, жаңадан салынған 506 көшеге ат қоюды міндеттеген болатын. Об­­лыстық ономастикалық комиссия мә­жі­лісінің хаттамалық шешімімен Шым­кент қа­­ласындағы отаршылдық-тоталитарлық дә­уірден қалған 200-ден астам көше ат­тарын лайықты атаулармен өзгертуге ше­шім шығарған еді. Алайда қаланың түкпір-түк­пірінде құзырлы орган қызметкерлерінің аяғы тимеген жерлер де баршылық. Мә­селен, облыс орталығында 112-орам бар. Мұндағы көшелердің басым бөлігі же­міс-жидектің атын иеленген. Яблоневая, Оре­хова, Абрикосова деп кете береді. 20 жыл өтсе де, қазақылықтың иісі жетпеген ай­маққа енді қашан жетері белгісіз. Одан бө­лек, қызыл империяға аянбай еңбек ет­кен «көсемдердің» атауы да мызғымай тұр. «Қазығұрт» ықшамауданымен қанат­тас жат­қан Карл Маркс деген ауыл бар. Еге­мендік алып, ел еңсесі көтерілгеніне 20 жыл­дан асса да, коммунизмді аңсап жүр­гендер жетерлік. Қаладан Темірланға шыға бе­рісте орналасқан Коммунизм ауы­лының аты затына сай болмай тұр әзірге. Мұн­дай мысалдарды қаланың түкпір-түк­пірінен табуға болады...

Оксана ЫСҚАҚОВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының хатшысы:

- Ономастика комиссиясының құ­рамында 17 мүше бар. Олардың қата­рына тарихшы, тіл маманы, жазушы мен БАҚ өкілдері кіреді. Тұрғындар, де­путаттар тарапынан келіп түскен ұсы­ныс­тарды осы комиссия мүшелері қа­райды. Елді мекендерге қайта атау беру мәселесінде сол әкімшілік аумақтық бір­лестікте тұратын тұрғындардың 60 па­й­ыздан астамы хаттамаға қол қоюы ке­рек. Қайта атау беру кезінде құжат ауыстыру мәселесі қиындық тудырады. Біздің комиссиядан келіп анықтама алулары керек. Бір атау берілген соң, ол 10 жылға дейін ауыстырылмайды. «Солтүстік-Батыс» ықшамауданын «Ас­тана» деп атасақ деген ұсыныс түсіп жа­тыр. Бірақ ондағылар жер теліміне мем­лекеттік актілерін алғанымен, тұр­ғын­дар саны жетіңкіремейді. Сол се­беп­ті олардың тарапынан хаттамаға қол қойылған ұсыныс түсуі тиіс.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480