Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтарының тағдыры туралы көп дүние жазуға болады. Олардың ішкі жан-дүниесіне, өмір жолдарына үңілсек, әрқайсысының ерекше дарын иесі болғандығын көреміз. Шәкәрімнің балалары да әкелерінің тегін адам еместігін жақсы түсінген. Сол себепті Шәкәрім мұрасын насихаттап, көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші де ақынның ұрпақтары болып табылады. Абай мектебінің үлгісін алған Шәкәрімнің балалары Ахат, Зият, Қабышты былай қойғанда, он алты-он жеті жастағы қызы Гүллар әке мұрасына айрықша адалдық танытқан. Бүгінгі әңгіме ақынның ең кенжесі Гүллар Шәкәрімқызы хақында.
«Айқын» газеті Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |