Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3186 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 05:56

Қуантай Қарсыбайұлы. Абайтану курсы 70 жылдан соң қайта ашылды

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма - деп артына өшпестей ізін қалдырған Абай мұрасын танушылардың  алғашқы тыңдаушыларының куәлік алу салтанатына Астана қаласының жұртшылығы жиналды.

Ұлы ақынның мұрасын зерттеп, танып, білу мақсатында жоғарғы оқу орындарында алғаш рет арнаулы пән ретінде Қазақ ҰУ-дегі қазақ әдебиеті кафедрасында 1942-43 оқу жылдарында М.Әуезовтың ұйымдастыруымен Абайдың әдеби мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеу басталған болатын. Абайдың шығармашылық байланысы, жаңа жазба әдебиетінің көшбасшылық қалыптасу жолы батыс және шығыс әдебиетінің әлеуметтік ағартушылық патриоттық идеяларын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Астана қаласында Қазақстан-Ресей университеті жанынан «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы ашылған болатын.

Бір жылдан енді ғана асқан бұл орталықта Абай шығармашылығы мен Абайдың ақындық айналасы, Абай жинаған мұралар мен қазақ этнографиясын салыстыра зерттеп, оқу орындарының негізгі бағдарламасын түзу мақсатында біршама ғылыми жұмыстар жүргізді.

Соның нәтижесінде Астана қаласындағы оқу орындарының басшыларының сұранысы бойынша үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап 36 сағатқа негізделген «Абайтану» курсы жүргізіле бастады.Арнайы курсқа Астана қаласындағы  №30,18,34,51,25,43 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары мен колледждердің ұстаздары қосымша білім алды. Аптасына үш рет өткізілген сабақ барысында М.Әуезовтың 70 жыл бұрынғы курстық бағдарламасын қайта жандандырып, Абайдың өмірі, шығармашылығы, зерттелуіне байланысты тақырыптар  қамтылды. Абайтанушы ғалымдардың қатысуымен Абайтанушылардың алғашқы тыңдаушылары осы салтанатты сәтте қолдарына арнайы куәліктерін алды.70 жылдан кейін қайталанып отырған Абайтанудың алғашқы курсын аяқтау салтанатына Абайтанудың білгірі - Мекемтас Мырзахметовтың өзі қатысып, тыңдаушыларға куәлік тапсырды. Астанадағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталыққа екі томдық «Абайтану» шығармалар жинағын, Мектеп оқушыларына арналған қаламмен сөйлейтін аудио оқу құралын сыйлады. «Абай тойы» жинағының авторы, белгілі қоғам қайраткері - Сұлтан Оразалин салтанатты шараға қатысып, Ұлылар жүрген ізден алған өнегесін көз көрген тарихи оқиғалардан сыр тартты. Бірегей орталыққа «Абай қазақтың ұлы биі» атты деректі фильмі мен «Теледидар өнері» атты еңбегін тарту етті. Абайтанудың ашылуына мұрындық болып, бүгінгідей деңгейге көтерген Қазақстан-Ресей университетінің басшылары - Зейнолла Молдахметұлы Молдахметов пен Әбдіғали Режепұлы Жандығұловқа Астана қаласының жұртшылығы мен келген қонақтар дән ризашылығын білдірді.

Мерекелік кешті «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын - Алмахан Мұхаметқалиқызы жүргізіп отырды. Абайтанудың арнаулы курсына дәріс оқыған ғалымдар - Филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы - Серік Негимов, Абайтанушы, философия ғылымдарының кандидаты - Асан Қайырбекұлы Омаров, Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы - Тельман Тілегенұлы Нұркенов қатысып, қатысушылармен ой бөлісті.

Абай биігі - ұлт биігі, Абай танымы -ұлт танымы, Абай тағлымы - ұлт тағлымы дейтін болсақ Абайтанудан біздер алар тәлім көп. Абай туған өлкені Ұлылыр туған өлке деп танып, Ұлылар жүрген ізбен жүрген, Ұлы топырақтан нәр алған белгілі қоғам қайраткерімен бірге «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығында экскурсияға қатысып, суретке түскен қала жұртшылығы ризашылықпен  аттанысты.

Қазақстан -Ресей университеті,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -

Қуантай Қарсыбайұлы Батанов

Астана қаласы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір