Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3457 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 06:00

Елеужан Серімов. Заманақыр жастары...

Бұлай демеске лажың жоқ. Көзапара қиянатқа жақын тұрар жастар көп. Көпке топырақ шашпайық, жастар деп  бөле жармайық десек те, қоғамның даму ауаны осыны әйгілеп тұр. Бүгініміз ертеңіміздің жалғасы десек, кейінгі жастарға қарап ертеңіміз бұлыңғырлау ма деген күдік ұялайды. Бұрын құлын қырда, құндыз суда дейтіндей, бәрі өзінің орын-жүйесімен өрбитін. Қазір құндылықтар ауысты. Жасың өзін жаспын деп сезінбейді. Үлкенге құрметін Аралдың құрдым суындай азайтқаны қашан. Алматыдағы бір жамағайын алатопан тоқсаныншы жылдарды мегзеп айтушы еді: «Күздің қазан-қараша айларында кешке қарай үйден шығудан қаламыз. Ауылдан келген студенттер «селхозка»-ауылшаруашылық жұмысынан кейін Кариб теңізінің қарақшыларындай киім тонауға шығады. Ауылдағы жұмыссыздықтан, ашқұрсақ жастардың иыққа сұғар жұқанақты жағасы бүтін киімі болмайды-ақ. Сол олқыны қалалықтардан алғысы келеді» -деп. Сол кеп, бітеу жара асқынып барып жарылған сыңайлы.

Бұлай демеске лажың жоқ. Көзапара қиянатқа жақын тұрар жастар көп. Көпке топырақ шашпайық, жастар деп  бөле жармайық десек те, қоғамның даму ауаны осыны әйгілеп тұр. Бүгініміз ертеңіміздің жалғасы десек, кейінгі жастарға қарап ертеңіміз бұлыңғырлау ма деген күдік ұялайды. Бұрын құлын қырда, құндыз суда дейтіндей, бәрі өзінің орын-жүйесімен өрбитін. Қазір құндылықтар ауысты. Жасың өзін жаспын деп сезінбейді. Үлкенге құрметін Аралдың құрдым суындай азайтқаны қашан. Алматыдағы бір жамағайын алатопан тоқсаныншы жылдарды мегзеп айтушы еді: «Күздің қазан-қараша айларында кешке қарай үйден шығудан қаламыз. Ауылдан келген студенттер «селхозка»-ауылшаруашылық жұмысынан кейін Кариб теңізінің қарақшыларындай киім тонауға шығады. Ауылдағы жұмыссыздықтан, ашқұрсақ жастардың иыққа сұғар жұқанақты жағасы бүтін киімі болмайды-ақ. Сол олқыны қалалықтардан алғысы келеді» -деп. Сол кеп, бітеу жара асқынып барып жарылған сыңайлы.

Сымдай тартылып жүрер кейінгі буынның көп жерде есе жіберіп, бекзаттық қалпын жоғалтуын қоғамдағы ақаулықтардан іздеген жөн шығар. Бұрын бесіктен белі шықпай жатып баланы октябрят қатарына, одан пионер, комсомол ұйымдарына тартар еді. Өзінше ойлатпай, ұзын арқан, кең тұсауда ұстады деп уәж айтсақ та, адамдық, адалдық, ізгілік, мейрімділік секілді періште сезімдерді ұялатар еді, қоғам, орта, отан алдындағы жауаптылық ұғымдарын сезіндірер еді. Сол аралық кеңістік бос тұр. Тәрбиенің бәрін мектепте мұғалім боп жүрген қаршадай қыздарға теліп қойды. Олардың тәрбиесінен гөрі, «көшенің тәрбиесі», ұйымдасқан қылмыстың ықпалы басымырақ. Оң-солын танып үлгермесе де, компьютер тілін жетік білетін білімді, дарынды жастарды криминалдық құрылымдар «тіптен алақай» деп өз қатарына қосып алу тәжірибеге айналды. Бұл - тәрбиелік салада кеткен ақаулық. Жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер тұсы. «Балаңды өзің түзет, өзің түзетпесең өмір түзетеді» деп жайбарақат жүріп алар заман емес. Мұның өзі күнделікті өмірде, баспасөз бетінде жиі айтылып, тіпті айта-айта әбден жауыр тартқан қарапайым тақырып болғанмен, астарында түйенің қомындай ауыр зіл бар. Қоғам бағытына сараптама жасайтын ғалымдар бүгінгі күні халқымыздың санасында қауіпке қарсы тұру сезімі, аламан дәуірдің алмағайып қиындықтарына орай қайта қалыптасу үдерісі, ұлттық рухтың жаңару кезеңі басталып кетті деп ауыз толтырып қаншама айтса да, бұл кезең, шынтуайтына келгенде, керісінше, ұлтымыздың біршама бөлігінің өзінің рухани қайнарына немқұрайды қарайтындардың қарасы көбейген тұс дегіміз келеді.

Қазіргі қазақ жастары астындағы атын алты ай іздейтін кешегі аңқау қазақтың баласы емес, заң, құндылық атаулыны өзіне қарай икемдей бұрып, өңін теріс айналдырып, өзімдікі - өзекте, кісінікі - кезекте дейтіндер. Заманың түлкі болса, тазы боп шалдың кері. «Көл шайқалса, көбігі бетіне шығады, ел шайқалса, тентегі бетіне шығадының» айғағы бұл. Тойымсыздық нәпсі тудырып, нәпсі иманнан айырған кез. Келіссіз де келеңсіз қағидаттарды берік ұстанатындарды қазір жасаған қылмыс түріне қарап-ақ анық байқауға болатындай. Солардың бір парасына тоқталып өтелік.

Банкомат төңірегіндегі алаяқтық

Арнаулы техникалық құралдар арқылы банкоматтан пластикалық карточканың мұқыл мәліметтерін алуға болады екен. Ол үшін банкоматтың клавиатурасына алдын ала арнайы «жапсыруларды» желімдеп қояды да, карточка иесі тиісті пұлын алып жатқанында, алаяқ қуың клавиштегі қай санды басқанын біліп ала қояды. Карточканың иесі еш кедергісіз ақшасын ала берсін мейлі, қолдан жасалған клавиатура әр санмен бірге ПИН-кодты да есіне сақтап қалады. Одан кейін оңай олжаға мүмкіндік мол...

Интернет-дүкендердегі алаяқтық

Үлкен қала, мегаполюстерде ауқаттылардың интернетті пайдаланып, қалаған тауарын сатып алуы әбден жолға қойылған. Әйтсе де алар заттың ақысы төленсе де, тауардың жоғалып кететінін жиі кездестіріп қалып жүрміз. Ендеше тауарды интернет арқылы сатып алуда жасалатын алаяқтықтан қалай қорғанған ләзім? Сөз жоқ, сатып алатын заттың сапасының қаншалықты екенін көзбен көрмеген соң біле алмайсың, сене алмайсың. Бұндайда өнім бағасының өз нарқынан тым арзандығы, сатушының нақты мекен-жайы немесе телефонының болмауы күдік тудыруы тиіс, сондықтан ең алдымен дүкен туралы мәліметтер жинап, төлемді содан соң жасаған қайыл. Сатушыға телефон соғып, тауардың өзіңізге бұрыннан белгілі ерекшеліктерін сұрап байқап көріңіз. Жауабында нақтылық болмай, не өзіңізге жақсы белгілі ерекшеліктерді дұрыс көрсетпесе, тауарды алудан үзілді-кесілді бас тартқан жөн. Бұл жағдайда тауарды курьерлік қызметті пайдалану арқылы үйге алдырып, затты көріп барып, ақысын төлеген абзал дейді білетіндер.

Банкілік картамен төлеу барысындағы алаяқтық

Банкілік төлем картасындағы құпия мәліметтерді алудың түрлі жолдары бар. Солардың ішінде ең бір кең тараған түрі - алаяқтардың дүкеннің, қонақ үй-отельдің, мейрамхананың, өзге де сауда орталықтарының, ойын-сауық орындарының қызметшілерімен алдын ала келісіп алып қылмыстық әрекетке баратындығы. Мұндай орындарда пластикалық карталар арқылы көптеген трансакциялар жүргізіледі, соның барысында бүкіл мәліметтер компьютерлік базада немесе слиптерде (тауардың сатып алынғандығын айғақтайтын қағаздық құжат) сақталып қалады. Әлгіндегі алдын ала келісім бойынша жиналған карта реквизиттерінің мәліметтері белгілі бір ақыға криминалдық құрылымдарға тапсырылады. Арғы жағы белгілі...

...Енді бірде скиминг деп аталатын келіссіз-келеңсіз әркет жасалады. Бұл - төлем картасын арнаулы құрылғы (скимер) арқылы өткізіп, магнит жолағында сақталатын құпияларды оқуға мүмкіндік алу жолы. Осылайша алаяқтар төлем картасының нақты көшірмесін өздеріне түсіріп алады. Оған қажетті соманы көрсетіп, қолын қояды да, ал тауар ақысын төлеуді картаның иесіне қалдырады, яки керегін алған ұтылмайды, шелектің түбін жалаған тұтылады.

Ендігі бір айла-амалдың бірі - криминалдық топтардың өздеріне тиісті төл дүкендерін пайдаланатыны. Әдетте мұндай дүкеннің иесі аталмыш топтан емес, көк атты көлденең біреу. Жырынды қу Остап Бендерден қалған дәстүр. Мұндай сауда нүктелері қарапайым мақсатты ғана көздейді - тұтынушылардың пластикалық карталарынан мәліметтерді мейлінше көбірек жинап алу. Алаяқтар ол үшін интернет-сайттарды қолданады. Бұл сайттың қызметін бір ғана рет пайдаланған адам (мәселен бір зат сатып алдың немесе бейнеролик жазып алдың делік) сол сайтты үнемі пайдаланушы болып шыға келеді, ай сайын осы сайтқа ақы төлейтін болады. Ал оны төлемей көр, криминалдық топтарда әкеңді танытатындар әзірейілдер баршылық. «Еркінен айырылған тірідей өледі» деген сөз осыдан туған-ау, сірә...

Қарапайым қатардағы халыққа алдағыға үмітпен қарау ғана қалды. Бала жығылуды жүгіруден үйренеді дейтіндей, билік жастар тәрбиесіне де айрықша көңіл бөліп, игілікті істі қолға алар бір күні. Тек кеш болып қалмасын. Батқан күнге өкінгенше, атар таңды күт демей ме қазақ. Біз де күттік.

«Абай-ақпарат»

0 пікір