Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2697 0 пікір 20 Сәуір, 2012 сағат 05:40

Сәкен Сыбанбай. Бізді кім түсінеді?

Жуырда «Алматы ақшамы» кітапханасы» сериясымен Сәкен Сыбанбайдың «Ділдің дерті» атты публицистикалық мақалалары мен пайымдарынан әм сапарнамалық жазбаларынан топтастырылған кітабы жарық көрді. Тоқсаныншы жылдары баспасөз майданына кіріскен толқынның топ жарған Толағайы - публицист қаламгер Сәкен Сыбанбайдың аталған жинағы қазақ кітапханасына қосылған салмақты, мазмұнды, деректі  дүние екенін батыл айта отырып, үзінділер беруді жөн көрдік.

«Абай-ақпарат»

«Бір күні есік алдында тұр едім, үйдің бұрышынан айналып 4-5 бала шыға келді. Біреуі бізбен көршілес қазақтың 7-8 жасар бүйрек бет, шот маңдай қара қызы да, өзгелері орыс балалары екен. Орыс балалары әлгі қазақ қызынан бір сөздің қазақшасын сұрады. Қазақ қызы орысшалап: «Ну... я по-казахски не знаю» деді. Сөйтті де, «жақсы айтқан жоқпын ба, ә?» дегендей мақтанған шыраймен маған қарады...»

Мұның бәрін мен неге тырнақшаға алып отырмын? Себебі, бұл - менің сөзім емес, қазақтың №1 Сәкенінің - С.Сейфуллиннің мақаласынан үзінді. Ал бұл мақаланы оның қашан жазғанын білесіз бе? 1934 жылы! Демек, өз қағынан жерігендердің, ана тілін менсінбейтіндердің, қазақша сөйлеуге арланатындардың, ұрпағын да солай тәрбиелейтіндердің, бір сөзбен айтқанда, қазір қалалық жерде қадам басқан сайын кездесетін нигилистердің тамыры тү-үу тереңде жатыр деген сөз.

«Ассалаумағалейкүм» десең, «здравствуй» дейтін сондай қандастарымыздың талайы бүгінде билік дәліздерінде жүр, тіпті емен есікті кабинеттерде шалқайып отырғандары қаншама. Қаржы құрылымдары мен ірі фирма, компаниялардың көпшілігі де осылардың қолында. Орыстілді БАҚ беттерінен қазақтың ар-намысын аяққа таптап жүргендердің басым бөлігі - осы «қара орыстар». Еліміздің бүкіл қаржы-экономикалық, ақпараттық-мәдени кеңістігін орыс тілі билеп-төстеп тұрғандықтан, олардың жағалары жайлауда. Сол себепті, «мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту», «Тіл туралы» заңның талабын орындау», «іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізе бастау» тәрізді әңгімелердің шеті шықса-ақ, олардың төбе шашы тік тұрады. Сөйтіп, «құтқарыңдар!» деп өзгелерден бұрын айғайлай бастайды. Ал олардың отбасында қандай «қазақтардың» өсіп келе жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты!..

«Мемлекеттік тілді білмейтіндерді (қазағы болсын, өзгесі болсын) қашанғы еркелете береміз?» деген сауалға біздің билік: «Бәрінің бірден қазақша сөйлеп кетуі қиын ғой, қаршадайынан орысша оқыған олардың жағдайын да түсіну керек», - деуден еш танған емес. Сөйтіп, міне, қаншама жыл болды - қазақ байғұс мемлекеттік тілді менсінбейтіндердің «еркелігін» көтеріп, оларды үнсіз «түсінумен» төзіп келеді.

Ал сонда бізді - қазақты ойлайтын кім бар? Бізді кімді түсінеді?

Бірінші кезекте орыстілділердің ойынан шыққысы келетін билік қоғамымыздың барлық саласында да сол тілді оңды-солды ойқастатып қойды. Көшеде де - орысша, мекемелерде де - орысша, кинотеатрларда да - орысша, теледидар мен радиода да - орысша... Тіпті қазақ көршіңіз де сол тілде сөйлейді!

Бұл ахуал әсіресе тілі енді шығып келе жатқан жас балаларға кері әсерін тигізіп жатыр. Бала өзін қоршаған кез келген заттың, құбылыстың әуелі ана тіліндегі атауын біліп, сол тілде сөйлеп өскені дұрыс (әйтпесе ол болашақта сол ұлттың толыққанды өкілі бола алмауы мүмкін). Ал бүгінгі Қазақстан қалаларында (тіпті ауылдарында да) бұл мүмкін емес! Өйткені, сіз балаңызға қанша жерден «ұшақ», «дәптер», «қаламсап», «алмұрт», «алша»», «шабдалы», «көзілдірік», «сағыз» деп үйреткеніңізбен, ол үйден шыға бере көршіңіздің немесе басқа ұлт өкілдерінің балаларынан әлгілердің тіпті де сіз айтқандай емес, «самолет», «тетрадь», «ручка», «груша», «черешня», «персик», «очки», «жвачка» «екенін» естіп-біледі. Немесе ата-анасы мен әпке-ағаларының сөзі-ақ оларға ой салады. Жасыратыны жоқ, жұрттың бәрі таза қазақша сөйлей бермейді, «свежий огурец турап...», «бір қазан клубника қайнаттым», «...ой, ол маған не нравится!», «кеше племяннигім келген...» деп қос тілді қойыртпақтап сөйлейтіндер қаншама (әсіресе, турасын айтайық, әйелдер!). Ақырында кім жеңеді? Сіз бе, жоқ әлде жан-жақтан анталаған орыс тілі ме?

Қазірдің өзінде-ақ ахуалымыз аянышты, ертең біз өзімізден де сорақы ұрпақ тәрбиелеп шығарсақ, қазақ тілінің, қазақ ұлтының күні не болмақшы?

Мемлекеттік тілді өз атына сай етуге бағытталған сан алуан қаулы-қарарлар қабылданды, заң да шықты. Солардың ешқайсысынан нақты нәтиже болған жоқ. Неге? Өйткені, Батыста мемлекеттік реттеуші тетіктің рөлін заң атқарса, Шығыста бұл міндетті қашанда тұлғалар атқарған. Батыс қағазға (яғни, заңға) көбірек сенсе, Шығыс адамға (яғни, тұлғаға) көбірек сенім артады. Қазақстан да - Шығыс әлемінің бір бөлігі, халқымыздың ділі де - шығыстық менталитетке сәйкес. Демек, біздің елде тұлғаның маңызы ешқашан ескірмейді. Мың жерден жетілген заңымыз болсын, бәрібір ол елшіл, мемлекетшіл тұлғаның орнын ауыстыра алмайды. Яғни, қазақ қағаздағы заңнан гөрі, билік басындағы тұлғалардың іс-әрекетіне көбірек қарайлайды. Ал олардың қимылынан әзірге қазақ тіліне деген қошемет байқалар емес. Сондықтан, «Тіл туралы» заң бар ғой, енді оның орындалуы қайда қашар дейсің?» деп, жайбарақат отыруға әсте болмайды.

«Біздің қазақ коммунистері қазақ тілі туралы қатты кірісуден «біреу ұлтшыл деп айтады...» деп бой тартады. Бірақ бұл қулық, ...жарамсақтық, жағымпаздық» деп жазды Сәкен Сейфуллин «Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылғы 19 қыркүйегіндегі санында жарияланған «Қазақстанның заң комиссариатына теңеліңдер» атты мақаласында.

Қазір де тап сөйтіп бұғып отырғандар аз ба?

2003 жыл

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435