Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 08:51

Шикізатқа деген шикі көзқарасты өзгерту қажет...

Осыдан тұп-тура екі жыл бұрын елімізде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде «Пош-Тараз» фабрикасы ашылғанда «енді жүн өртемейтін болдық, ауыл-аймақтарда тау-тау болып өртеліп жатқан жүн мен тері кәдеге жарайтын болды» деп үміттенгеніміз рас. Негізінен, аталмыш фабриканың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша, фабрика цехтары өз базасында топс өндіру жобасын ұйым­дастыруы тиіс. Жобаны іске асыру құны - 1,1 млрд теңге. Өндірістің қуаттылығы жылына 873,6 тонна топс өндіру болатын.

Құн есебінде бұл - 838,7 млн теңге. Фа­брика базасында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Жалпы, топс - бұл өндірісте таралған жә­не жұқа иірілген шұға жіп, жартылай дайын­далған жүн иіру өндірісінің өнімі. Топ өндірудегі шикізат қойдың жуылмаған жүні болып табылады. Әттеген-айы, бүгін­де осы топс шығаруға шикізатқа зәрулік туындап отыр. Осыдан барып жоғарыда аталған фабриканың өнім шығару қуат­тылығы да күрт төмендеген.

Осыдан тұп-тура екі жыл бұрын елімізде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде «Пош-Тараз» фабрикасы ашылғанда «енді жүн өртемейтін болдық, ауыл-аймақтарда тау-тау болып өртеліп жатқан жүн мен тері кәдеге жарайтын болды» деп үміттенгеніміз рас. Негізінен, аталмыш фабриканың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша, фабрика цехтары өз базасында топс өндіру жобасын ұйым­дастыруы тиіс. Жобаны іске асыру құны - 1,1 млрд теңге. Өндірістің қуаттылығы жылына 873,6 тонна топс өндіру болатын.

Құн есебінде бұл - 838,7 млн теңге. Фа­брика базасында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Жалпы, топс - бұл өндірісте таралған жә­не жұқа иірілген шұға жіп, жартылай дайын­далған жүн иіру өндірісінің өнімі. Топ өндірудегі шикізат қойдың жуылмаған жүні болып табылады. Әттеген-айы, бүгін­де осы топс шығаруға шикізатқа зәрулік туындап отыр. Осыдан барып жоғарыда аталған фабриканың өнім шығару қуат­тылығы да күрт төмендеген.

Жалпы, байыбына үңілсек, соңғы 10 жылда елімізде қой жүнінің өндірісі үш есе­ге төмендеген. Әсіресе биязы жүн өн­дірісі тоқырап қалды. Оның өндірісі үш жылда сегіз есеге кеміген. Мамандардың пайымдауынша, елімізде бар биязы жүн тек экспортқа ғана кетіп жатыр. Мұның басты себебі - бір кезде жұмыс істеп тұрған көптеген жүнді алғашқы өңдеу фабри­касының (ПОШ) жабылуы. Бұған қоса елдегі мал басының күрт төмендеуі де бұл саланың дамуына кері ықпал етуде.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы ғылы­мының докторы, профессор Аман ШО­ТАЕВ:

- Негізінде, елде жеңіл өнеркәсіп са­ласы дамуы үшін, алдымен, оның шикі өнімі молаюы керек. Мысалы, жеңіл өнер­кәсіпке бірден-бір қажетті сала - қой ша­руа­шылығы жоғары деңгейде өркендеуі үшін кез келген елдің қойды ұрықтандыру, азықтандыру және технологиялық қабілеті мығым болуы қажет. Осы үш түйін бір-бі­рімен біте қайнасып жатқан кезде ғана бұл сала үнемі өз биігінде тұрады. Өкінішке қарай, біздің елімізде аталмыш шаруа­шы­лықты дамытатын жаңағы үш түйін мүлде сын көтермейді. Бізде малды ұрықтандыру, азықтандыру ісінде қуаттылығымыз аса мәз емес. Қазірде дүниежүзінің дамушы және дамыған елдері бұл салада небір қуатты технологиялардың көмегімен мал тұқымын асылдандыруда әр қилы жаңа­шыл­дықтарға қол жеткізуде. Ал біз кері­сінше, әлі де сол бейқам, марғау қалыптан арыла алмай отырғандаймыз. Ең қызығы, бізде жаңашылдыққа ұмтылу бар. Десек те, оны әрі қарай жетілдіруге келгенде самарқаумыз, - дейді.

Расымен де, малды асылдандыруға қатысты маман пікірінің жаны бар екені даусыз. Бұған қатысты мысал етсек, за­манында кеңес өкіметі орнай сала бәріміз күн көсем санаған Ленин екі декрет қабыл­дапты. Оның бірі жер мәселесіне қатысты, екіншісі меринос қойларды өсіруге қа­тысты. Соның ішінде Ленин қабылдаған дек­ретте қойды будандастыру жайы ай­рық­ша көрсетілген. Осы құжатты орындау қажеттігінен қылшық жүнді қойды будан­дастыру арқылы биязы жүнді қойдың басын көбейту сол заманның қажеттілігі болды. Өйткені биязы жүнді қойдың жүні­нен киім-кешек тігу, сапалы мата алу, оны экспортқа шығару оңтайлы еді. Ал қазақ­тың қылшық жүнді қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, әртүрлі үй бұйым­дарын жасап дайындауға ғана жарайтын-ды. Осындай үрдістер кеңестік дәуірде жеңіл өнеркәсіп саласын өркендетуге өзіндік оң ықпалын да тигізді.

Мәкен ТОЙШЫ­БЕКОВ, мал шаруа­шылығы ғылымының док­торы, профес­сор:

- Мен мәселені әріден тарқатайын. Бая­ғыда, кеңес өкіметі тұсында Қазақстанда 22 түрлі қойдың тұқымы өсірілген екен. Ал енді қазір асыл тұқымды мал тұқымын көрсетіп, мақтана алатындай дәрежеміз төмен. Әрине, біздің Үкіметіміз биязы жүнді қойларды, меринос қойларды өсіру­шілерге жеңілдіктер қарастырып отыр. Бірақ мұның өзі жүйелі емес. Бұл - отандық жүн өндірісін, жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың алғышарты ғана. Болашақта республиканың тоқыма өнеркәсібін тұтас­тай жандандыру жоспарланып отыр. Бұл - жан-жақты пайдалы әрі тиімді бастама. Қазірде әлемдік нарықта топстың бір келісі 9-10 АҚШ доллары тұрса, таза иірілген жүн­­нің құны 9,5-16 долларға тең. Сон­дық­­тан тоқыма фабрикаларын құру - Қа­зақ­станда биязы жүн өндірісін дамыту­дың келесі кезеңі. Тоқыма фабрикаларын құру арқылы біз отандық өңдеу өнеркәсібіне жол ашамыз. Өңдеу өнеркәсібінсіз Қытай, Ресей сияқты белсенді шетелдік алыпсатар­ларға тәуелді болып қала береміз. Сондық­тан биязы жүнді өңдеп, топсқа айналдыру кәсіпорны мен елдегі шұға комбинаттарын қалыпқа келтіруге мемлекеттік тұрғыда маңыз беру керек. Өйткені дайын өнім экс­пор­ты жай ғана жүн экспортына қарағанда түсімді арттырмақ...

Міне, көшті түзейтін осы төрт бағытты жетілдіруге назар аударылғанда аталмыш салаға өзіндік серпін берілмек. «Бастысы, шикі өнімге деген шикі көзқарасты өзгерту қажет. Олай етпесе, мемлекет ұтылады. Сон­дықтан ұпайымызды түгендеу үшін тері-жүн өнеркәсібін тезге салатын кезең әлдеқашан жет­кенін мемлекеттік тұрғыда ұғынатын уақыт болды», - дейді маман­дар.

Ойтүйін

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, егер біз елде жеңіл өнеркәсіп саласындағы даму қадамын арттырамыз десек:

а) мәселенің тереңіне үңіліп, шикізатқа қажеттілікті өтеу үшін алдымен биязы жүнді қой өсіруге, мал тұқымын асылдандыруға мән бергеніміз жөн;

ә) бұдан соң елдегі шұға комбинаттарының, фабрикалардың жұмысына мемлекеттік қолдау қажет;

б) өндірістік формула «шикізат-тауар» екенін ұмытпаған жөн, ол үшін ауыл және аудан көлемінде шағын кластерлер жасақтау қажет, олар жергілікті жерлерде өндіруге тиімді ауыл шаруашылығы шикізатын тұтынушыларға тиімді бағамен жеткізу саясатынан тұрады;

в) сол құрылған шағын кластерлер (микрокластерлер) арқылы мемлекеттік тапсырыс беру шағын өндірістер мен сервистік қызметтердің бірігуіне жол ашады, бұл шаруашылықтарды ірілендіруге де ықпал етпек.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395